Жаңалықтар

«Үш бәйтерек жылын» өткізеді

«Әдебиет өлсе де, балалар әдебиеті өлмейді» деген тәмсіл бар. Бірақ, қазіргі қазақ әдебиетінде жағдай басқаша болып тұр. Кітап шығарудан кенде емеспіз, алайда балаларға арналған сапалы һәм кәсіби дүниелер сиреп барады. Алдыңғы буын қартайды, ал жаңа есімдер жоқтың қасы. Оны біз істемегенде, кім істейді деген ойға келдік. «Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан», «Дружные ребята» сынды ертеден келе жатқан балалар басылымдарының басын біріктіріп отырған мемлекеттік «Жас өркен» серіктестігі келесі, 2014 жылды «Үш бәйтерек жылы» деп жариялап отыр деп жазады kalaisyn.kz танымдық порталы.   Үш бәйтерегіміз – қазақ балалар әдебиетінің үш алыбы Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі және Тұманбай Молдағалиев. Мұзағаң бастаған, Қадыр атамыз мен Тұманбай атамыз қоштаған, Бердібек Соқпақбаевтар атсалысқан қазақ қаламгерлері осыған дейінгі бірнеше буын ұрпақты тәрбиелеп шығарды.         Олардың өшпес мұрасы бүгінгі балалардың да игілігіне жарап отыр, әлі талай ұрпаққа шамшырақ болары күмәнсіз. Оның үстіне, биыл бүлдіршіндерге арналған тұңғыш қазақ журналының тұңғыш бас редакторы Мұзафар Әлімбаевтың 90 жылдығы. Араға жыл салып, «Балдырғанның» Мұзағаңнан кейінгі бас редакторы Тұманбай Молдағалиев пен оның құрдасы Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдығы келе жатыр.                    «Үш бәйтерек» жылында «жасөркендіктер» жыл бойы балалар әдебиетінің жауһарларын жариялап, мектептер мен жоғары оқу орындарында кездесулер ұйымдастырмақ. Балалар шығармашылығына арналған түрлі конкурстар мен байқаулар өткізбек. «Балдырған», «Ақ желкен» журналдары мен «Ұлан», «Дружные ребята» газеттерінің бүгінгі қызметкерлері Жүсіпбек Қорғасбек, Жұлдыз Әбділда, Алма Үмбеттегі, Дүйсен Мағұлғұмов, Алимжан Акбаров, Серік Үсенов, Құл-Керім Елемес, Бағдат Мәжитов, Жадыра Нармаханова, Қарлыға Ибрагимова, Балжан Мұратқызы, Серікбол Хасан, Қарлығаш Досанова, Гүлфарида Зейнуллина, Ольга Гумирова, Айгерім Бегімбет, Аслан Тілегенов және біздің көптеген жас тілшілеріміз дайындықты қазірден бастап та кетті.   Baq.kz
12.10.2013 10:03 6844

«Әдебиет өлсе де, балалар әдебиеті өлмейді» деген тәмсіл бар. Бірақ, қазіргі қазақ әдебиетінде жағдай басқаша болып тұр. Кітап шығарудан кенде емеспіз, алайда балаларға арналған сапалы һәм кәсіби дүниелер сиреп барады. Алдыңғы буын қартайды, ал жаңа есімдер жоқтың қасы. Оны біз істемегенде, кім істейді деген ойға келдік. «Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан», «Дружные ребята» сынды ертеден келе жатқан балалар басылымдарының басын біріктіріп отырған мемлекеттік «Жас өркен» серіктестігі келесі, 2014 жылды «Үш бәйтерек жылы» деп жариялап отыр деп жазады kalaisyn.kz танымдық порталы. 

 Үш бәйтерегіміз – қазақ балалар әдебиетінің үш алыбы Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі және Тұманбай Молдағалиев. Мұзағаң бастаған, Қадыр атамыз мен Тұманбай атамыз қоштаған, Бердібек Соқпақбаевтар атсалысқан қазақ қаламгерлері осыған дейінгі бірнеше буын ұрпақты тәрбиелеп шығарды.

       

Олардың өшпес мұрасы бүгінгі балалардың да игілігіне жарап отыр, әлі талай ұрпаққа шамшырақ болары күмәнсіз. Оның үстіне, биыл бүлдіршіндерге арналған тұңғыш қазақ журналының тұңғыш бас редакторы Мұзафар Әлімбаевтың 90 жылдығы. Араға жыл салып, «Балдырғанның» Мұзағаңнан кейінгі бас редакторы Тұманбай Молдағалиев пен оның құрдасы Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдығы келе жатыр.                   
«Үш бәйтерек» жылында «жасөркендіктер» жыл бойы балалар әдебиетінің жауһарларын жариялап, мектептер мен жоғары оқу орындарында кездесулер ұйымдастырмақ. Балалар шығармашылығына арналған түрлі конкурстар мен байқаулар өткізбек. «Балдырған», «Ақ желкен» журналдары мен «Ұлан», «Дружные ребята» газеттерінің бүгінгі қызметкерлері Жүсіпбек Қорғасбек, Жұлдыз Әбділда, Алма Үмбеттегі, Дүйсен Мағұлғұмов, Алимжан Акбаров, Серік Үсенов, Құл-Керім Елемес, Бағдат Мәжитов, Жадыра Нармаханова, Қарлыға Ибрагимова, Балжан Мұратқызы, Серікбол Хасан, Қарлығаш Досанова, Гүлфарида Зейнуллина, Ольга Гумирова, Айгерім Бегімбет, Аслан Тілегенов және біздің көптеген жас тілшілеріміз дайындықты қазірден бастап та кетті.

  Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға