Жаңалықтар

«Әскерге шығарып салу» эссе байқауы

Қоғамның байлығы - халықтың тыныштығында. Ел тыныш болса береке мен бірлік орнайды. Халық алаңсыз еңбек етіп, тыныш өмір сүреді. Ел тыныштығын сақтау мақсатында  әрбір ер азамат отандық борышын орындау үшін әскерге барады.  Әскерге шығарып салу кезінде аналар  көздеріне жас алып, ақ тілектерін арнаса, достары ізгі ниеттерін білдіріп жатады. Ал сіз өз бауырыңызды немесе сүйгер адамыңызды әскерге қалай шығарып саладыңыз? Осыған байланысты «Ел.кз» әлеуметтік желісі «Әскерге шығарып салу» атты эссе байқауын жариялап отыр. Байқауға  жастардың отаншылдық сезімін ояту, Қазақстан Республикасының  қарулы күштерінің имиджин қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр. Байқау жұмыстары 2013 жылдың 10 қазан мен 10 қараша аралығында қабылданатын болады. Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын электронды нұсқада мына мекен жайға жіберуі тиіс: elkz@inbox.ru Байқауға 18 бен 27 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Байқауға қатысушылар материалмен бірге міндетті түрде мынадай деректерді көрсетуі тиіс: аты-жөні, тұрғылықты жері, жасы, байланыс ақпараттары - телефон және электронды мекен жай. Байқауға түскен шығармалардың тақырыпқа сай болуы, стилі мен суреттеріне баса назар аударылады. Қатысушы бір ғана шығарма жіберуге құқылы. Үздік жұмыстар Конкурстың әділ қазылар алқасының дауыc беруі арқылы анықталады. Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
11.10.2013 12:23 7542

Қоғамның байлығы - халықтың тыныштығында. Ел тыныш болса береке мен бірлік орнайды. Халық алаңсыз еңбек етіп, тыныш өмір сүреді. Ел тыныштығын сақтау мақсатында  әрбір ер азамат отандық борышын орындау үшін әскерге барады.  Әскерге шығарып салу кезінде аналар  көздеріне жас алып, ақ тілектерін арнаса, достары ізгі ниеттерін білдіріп жатады. Ал сіз өз бауырыңызды немесе сүйгер адамыңызды әскерге қалай шығарып саладыңыз? Осыған байланысты «Ел.кз» әлеуметтік желісі «Әскерге шығарып салу» атты эссе байқауын жариялап отыр.

Байқауға  жастардың отаншылдық сезімін ояту, Қазақстан Республикасының  қарулы күштерінің имиджин қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр.

Байқау жұмыстары 2013 жылдың 10 қазан мен 10 қараша аралығында қабылданатын болады.

Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын электронды нұсқада мына мекен жайға жіберуі тиіс:

elkz@inbox.ru

Байқауға 18 бен 27 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Байқауға қатысушылар материалмен бірге міндетті түрде мынадай деректерді көрсетуі тиіс: аты-жөні, тұрғылықты жері, жасы, байланыс ақпараттары - телефон және электронды мекен жай.

Байқауға түскен шығармалардың тақырыпқа сай болуы, стилі мен суреттеріне баса назар аударылады. Қатысушы бір ғана шығарма жіберуге құқылы.

Үздік жұмыстар Конкурстың әділ қазылар алқасының дауыc беруі арқылы анықталады.

Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға