Жаңалықтар

«Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем» фотобайқауы

Әркімнің туған жері - Мысыр шаһары! Туған жер өткен мен болашағыңды байланыстыратын қасиетті мекен.  Туған жер, туған қала, туған мекен. Бұл сөздердің біздер үшін ыстық естілетіні анық.  Туған дала туралы сөз болғанда уайымсыз балалалық шағың, ата-анаң, бауырларың, достарың, көрші-қолаң барлығы еске түседі. Еске түскенде бірі қолына қалам алып жан тебірентер өлең жазса, енді бірі ән шырқап, фильм  де түсіреді.  Осыған байланысты «Ел.кз» әлеуметтік желісі «Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем» атты фоторепортаж байқауын жариялап отыр. Байқауға  жастардың отаншылдық сезімін ояту, Қазақстандағы  туризм саласын дамыту, еліміздің позитивтік имиджін қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр. Байқау жұмыстары 2013 жылдың 10 қазан мен 10 қараша аралығында қабылданатын болады. Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын электронды нұсқада мына мекен жайға жіберуі тиіс: elkz@inbox.ru Байқауға 15 пен 30 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Байқауға қатысушылар фотоматериалмен бірге міндетті түрде мынадай деректерді көрсетуі тиіс: аты-жөні, тұрғылықты жері, жасы, байланыс ақпараттары - телефон және электронды мекен жай. Байқауға түскен шығармалардың тақырыпқа сай болуы, стилі мен суреттеріне баса назар аударылады. Қатысушы бір ғана шығарма жіберуге құқылы. Үздік жұмыстар Конкурстың әділ қазылар алқасының дауыc беруі арқылы анықталады. Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
11.10.2013 12:22 14877

Әркімнің туған жері - Мысыр шаһары! Туған жер өткен мен болашағыңды байланыстыратын қасиетті мекен.  Туған жер, туған қала, туған мекен. Бұл сөздердің біздер үшін ыстық естілетіні анық.  Туған дала туралы сөз болғанда уайымсыз балалалық шағың, ата-анаң, бауырларың, достарың, көрші-қолаң барлығы еске түседі. Еске түскенде бірі қолына қалам алып жан тебірентер өлең жазса, енді бірі ән шырқап, фильм  де түсіреді.  Осыған байланысты «Ел.кз» әлеуметтік желісі «Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем» атты фоторепортаж байқауын жариялап отыр.

Байқауға  жастардың отаншылдық сезімін ояту, Қазақстандағы  туризм саласын дамыту, еліміздің позитивтік имиджін қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр.

Байқау жұмыстары 2013 жылдың 10 қазан мен 10 қараша аралығында қабылданатын болады.

Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын электронды нұсқада мына мекен жайға жіберуі тиіс:

elkz@inbox.ru

Байқауға 15 пен 30 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

Байқауға қатысушылар фотоматериалмен бірге міндетті түрде мынадай деректерді көрсетуі тиіс: аты-жөні, тұрғылықты жері, жасы, байланыс ақпараттары - телефон және электронды мекен жай.

Байқауға түскен шығармалардың тақырыпқа сай болуы, стилі мен суреттеріне баса назар аударылады. Қатысушы бір ғана шығарма жіберуге құқылы.

Үздік жұмыстар Конкурстың әділ қазылар алқасының дауыc беруі арқылы анықталады.

Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға