Алматыда онкологиялық науқас балаларға көмектесу қайырымдылық аукционы өтеді
Жексенбі күні, 13 қазанда, алматылықтар «Мен сенімен біргемін» балалар хосписінде тіркеуде тұрған онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға көмек ретінде ақша жинау мақсатында «Мен өмір сүргім келеді!» ұранымен өткізілетін қайырымдылық аукционына қатыса алады. Аукцион Бүкіләлемдік хоспис және паллиативті көмек күніне орайластырылып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz «Салауатты Азия» ҚҚ-ға сілтеме жасап. «Тек бір ғана Алматы қаласының өзінде жыл сайын әртүрлі дертке шалдыққан 250-ден астам бала хоспис қызметіне зәру. Қазақстанда 7000 бала қатерлі ісікпен ауырады. Және бұл статистика өкінішке қарай өсіп жатыр»,- деді акция ұйымдастырушылары. Олардың айтуынша, аталмыш қайырымдылық іс-шарасының мақсаты – онкологиялық аурулармен ауыратын көмекке мұқтаж балаларға халықтың назарын аударту; бірігіп әрекет етіп оларға көмек қолын созу; балалар хосписін кеңейтіп, қолдауға қаражат жинау. Аукционға балалардың өз қолдарымен салған картиналары қойылады. Аукционды қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздары, сондай-ақ белгілі саяси қайраткерлер өткізеді.
Жексенбі күні, 13 қазанда, алматылықтар «Мен сенімен біргемін» балалар хосписінде тіркеуде тұрған онкологиялық ауруларға шалдыққан балаларға көмек ретінде ақша жинау мақсатында «Мен өмір сүргім келеді!» ұранымен өткізілетін қайырымдылық аукционына қатыса алады. Аукцион Бүкіләлемдік хоспис және паллиативті көмек күніне орайластырылып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz «Салауатты Азия» ҚҚ-ға сілтеме жасап.
«Тек бір ғана Алматы қаласының өзінде жыл сайын әртүрлі дертке шалдыққан 250-ден астам бала хоспис қызметіне зәру. Қазақстанда 7000 бала қатерлі ісікпен ауырады. Және бұл статистика өкінішке қарай өсіп жатыр»,- деді акция ұйымдастырушылары.
Олардың айтуынша, аталмыш қайырымдылық іс-шарасының мақсаты – онкологиялық аурулармен ауыратын көмекке мұқтаж балаларға халықтың назарын аударту; бірігіп әрекет етіп оларға көмек қолын созу; балалар хосписін кеңейтіп, қолдауға қаражат жинау.
Аукционға балалардың өз қолдарымен салған картиналары қойылады. Аукционды қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздары, сондай-ақ белгілі саяси қайраткерлер өткізеді.
