«Журналист болу үшін журналистиканы оқу шарт емес»
Мамандық таңдауға қатысты өздерінің ойларын ірікпей айтатын мектеп оқушыларының батылдығы қайран қалдырды бізді. Тілші болуға ерте бастан әзірленіп жүрген оқушылар Астананың төріне елдің түкпір-түкпірінен жиналды. Жас дарын иелерінің басын ұйыстырып, айтулы шараны ұйымдастырған «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына алғыс айтамыз бұл үшін. «Журналист болу үшін міндетті түрде журналистика мамандығын оқу шарт емес. Бастысы тілдік қорың бай болса, камера алдында өзіңді еркін ұстасаң болғаны. Қаржы, заңгер, саясаттанушы немесе мұғалім мамандығын оқыған тілші аға-апаларымызды білеміз. Тәп-тәуір журналист болып жүргендерін көзіміз көріп жүр». Мұндай пікірді батыл айтқан оқушылардың ойында не барын қайдам, өзімнің қандай мамандықты оқығаным есіме түсе кетті. Олардың сөздерін ой елегінен өткізе келе, дарынды жастардың айтқандары рас па дегендей ой қалыптасқандай болды. Әріптесіме рахмет! Шеберлік сағатын өткізіп жатқан Рахат Жақсыбай іле жауап қатты оқушылардың бұл пікіріне. «Асылында тауық сойса да қасаптың сойғаны абзал. Теориялық тұрғыдан алғанда кез келген мамандықтың, кәсіби деңгейде үйренуді талап ететін тұстары болады. Өзіңді қалай ұстау керектігін, қалай сөйлеу керектігін, техникалық жабдықтардың ерекшеліктерін үйрететін бірнеше сабақтар болады. Ал бұларды меңгермей толыққанды журналист болу мүмкін емес», - деп, қалыптасқан қасаң қағиданың кемшін соққан тұстарын аз да болса тілге тиек етті. Тілші болуды алдарына мақсат етіп қойған жастар мамандық таңдауда жаңсақтық жіберген-жібермегенін білу үшін журналистика саласының майын ішкен, ішпесе де телевидениеде қызмет етіп жүрген маманға сауалдарын қойды. «Ата-анаңыз бұл мамандықты таңдағанда қарсы болған жоқ па? Балаларыңыз журналист болғанын қалайсыз ба?» деген сұраққа өзіміз күткен жауапты алдық. «Негізінде балаларым қай саланы таңдаса да өз еріктері, олардың бетінен қақпаймын. Бастысы өздері оқыған саланың маманы болса маған жеткілікті. Ал ата-анам бұл мамандықты таңдауыма еш те қарсылық білдірген жоқ», - деп қысқа қайырды. Baq.kz«Журналист болу үшін міндетті түрде журналистика мамандығын оқу шарт емес. Бастысы тілдік қорың бай болса, камера алдында өзіңді еркін ұстасаң болғаны. Қаржы, заңгер, саясаттанушы немесе мұғалім мамандығын оқыған тілші аға-апаларымызды білеміз. Тәп-тәуір журналист болып жүргендерін көзіміз көріп жүр».
Мұндай пікірді батыл айтқан оқушылардың ойында не барын қайдам, өзімнің қандай мамандықты оқығаным есіме түсе кетті. Олардың сөздерін ой елегінен өткізе келе, дарынды жастардың айтқандары рас па дегендей ой қалыптасқандай болды. Әріптесіме рахмет! Шеберлік сағатын өткізіп жатқан Рахат Жақсыбай іле жауап қатты оқушылардың бұл пікіріне.
«Асылында тауық сойса да қасаптың сойғаны абзал. Теориялық тұрғыдан алғанда кез келген мамандықтың, кәсіби деңгейде үйренуді талап ететін тұстары болады. Өзіңді қалай ұстау керектігін, қалай сөйлеу керектігін, техникалық жабдықтардың ерекшеліктерін үйрететін бірнеше сабақтар болады. Ал бұларды меңгермей толыққанды журналист болу мүмкін емес», - деп, қалыптасқан қасаң қағиданың кемшін соққан тұстарын аз да болса тілге тиек етті.
Тілші болуды алдарына мақсат етіп қойған жастар мамандық таңдауда жаңсақтық жіберген-жібермегенін білу үшін журналистика саласының майын ішкен, ішпесе де телевидениеде қызмет етіп жүрген маманға сауалдарын қойды. «Ата-анаңыз бұл мамандықты таңдағанда қарсы болған жоқ па? Балаларыңыз журналист болғанын қалайсыз ба?» деген сұраққа өзіміз күткен жауапты алдық.
«Негізінде балаларым қай саланы таңдаса да өз еріктері, олардың бетінен қақпаймын. Бастысы өздері оқыған саланың маманы болса маған жеткілікті. Ал ата-анам бұл мамандықты таңдауыма еш те қарсылық білдірген жоқ», - деп қысқа қайырды.
Baq.kz
