Жаңалықтар

Алматыда таңғы жаппай жаттығу өтеді

Ертең Алматыда Республика Сарайы алаңында таңғы гимнастикадан жалпы қалалық жаттығу өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасына сілтеме жасай отырып. Жаппай жаттығу таңғы сағат 8-де басталады. Жаттығу жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шара, делінген ақпаратта. Жастар саясаты басқармасының бастығы Санжар Боқаевтың айтуынша, жаттығуға 2 мыңнан астам адам қатысады. Былтырғы жылы таңғы жаттығуға бір жарым мың азамат қатысқан. Жаттығудан кейін 2022 жылы Алматыда Олимпиада ойындарын өткізуді қолдауға бағытталған флэш-моб ұйымдастырылады.
09.10.2013 08:06 3343

Ертең Алматыда Республика Сарайы алаңында таңғы гимнастикадан жалпы қалалық жаттығу өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қалалық Жастар саясаты басқармасына сілтеме жасай отырып.

Жаппай жаттығу таңғы сағат 8-де басталады. Жаттығу жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шара, делінген ақпаратта.

Жастар саясаты басқармасының бастығы Санжар Боқаевтың айтуынша, жаттығуға 2 мыңнан астам адам қатысады. Былтырғы жылы таңғы жаттығуға бір жарым мың азамат қатысқан. Жаттығудан кейін 2022 жылы Алматыда Олимпиада ойындарын өткізуді қолдауға бағытталған флэш-моб ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға