Жаңалықтар

Абылайдың 40 қызы, 30 ұлы болған

Абылайдың 12 әйелінен 40 қызы, 30 ұлы болған. Олардың ішінде елге танымалдары да аз болмаған. Бұл туралы "Алаш айнасы" газетінде жарияланды. Ұлдарының бізге белгілілері: Сағындық - Шуақбай атты қарақалпақ бегінің қызы Сайман ханым­нан: Уәли, Шыңғыс, Әділ, Есім; Қашқар бегі Кенже сарттың қызы Бабақ ханымнан: Шеген, Рүстем, Оспан, Сыздық, Әбітай, Әб­ділдә; қалмақ ханы Қалдан Сереннің туысы Хошу мерген ноянның қызы Топыш ханымнан: Қамбар мен Қасым; Сарғалдақ қожаның қарындасынан: Тоқ, Қосым, Арық; Атығай-Қарауылдың қызы Тоқта ханымнан: Сығай, Тағай, Сүйік, Әли, Құ­лан, Тоғым; Орыс сұлудан (тұтқын) - Ша­ма; басқа әйелдерінен: Ғұмыр, Байыр, Жәң­гір, Сыпатай. Бұл туралы «Алаш айнасы» басылымы жазып отыр. Балаларының ішінде Уәлидің орны бө­лек. Ол әкесі Абылай 1781 жылы қайтыс болғаннан кейін хан болып сайланған-тын. Уәлидің тұлғасын оның Орынбор гу­бер­наторы генерал Рейнсдорпқа (1774 жы­лы, 2 маусым) жазған хаты аңғартады: «Жо­ғары мәртебелі сіздің Шынаят мырза арқылы жіберген хатыңызды алдық, тек әкем - Абылай хан орнында болмады, ол қалың қолмен сырттағы жауға аттанған еді, жауымыздың тас-талқаны шығарыл­ғандығы жайлы хабар алып отырмыз. Ал мұндағы елді оның орнына мен басқарып отырмын. Сіздер де қандыбалақ қарақ­шы­ны ұстапсыздар (Е. Пугачевті. - редактор), бұл хабарды естіп мен қуанып қалдым. Себебі Ұлы мәртебелі императордың біз жауына жау, досына доспыз ғой!». Орыс бақылаушысы Чучалов Уәли туралы: "Уәли әкесі Абылай сияқты өркөкірек, алған ба­ғы­тынан қайтпайтын қайсар әрі құбылма­лы. Ол мені бір-ақ рет қабылдады. Бұл қы­лы­ғын: «Әкем де Ресей жақтан келгендер­мен бір-ақ рет кездескен еді» деп дәлел­деді», - дейді (Казахско-русские отноше­ния в XVІІІ-XІX веках, А., 1964, 106-б.). Baq.kz
09.10.2013 04:15 3835

Абылайдың 12 әйелінен 40 қызы, 30 ұлы болған. Олардың ішінде елге танымалдары да аз болмаған. Бұл туралы "Алаш айнасы" газетінде жарияланды.

 Ұлдарының бізге белгілілері: Сағындық - Шуақбай атты қарақалпақ бегінің қызы Сайман ханым­нан:

Уәли, Шыңғыс, Әділ, Есім; Қашқар бегі Кенже сарттың қызы Бабақ ханымнан: Шеген, Рүстем, Оспан, Сыздық, Әбітай, Әб­ділдә; қалмақ ханы Қалдан Сереннің туысы Хошу мерген ноянның қызы Топыш ханымнан: Қамбар мен Қасым; Сарғалдақ қожаның қарындасынан: Тоқ, Қосым, Арық; Атығай-Қарауылдың қызы Тоқта ханымнан: Сығай, Тағай, Сүйік, Әли, Құ­лан, Тоғым; Орыс сұлудан (тұтқын) - Ша­ма; басқа әйелдерінен: Ғұмыр, Байыр, Жәң­гір, Сыпатай. Бұл туралы «Алаш айнасы» басылымы жазып отыр.
Балаларының ішінде Уәлидің орны бө­лек. Ол әкесі Абылай 1781 жылы қайтыс болғаннан кейін хан болып сайланған-тын. Уәлидің тұлғасын оның Орынбор гу­бер­наторы генерал Рейнсдорпқа (1774 жы­лы, 2 маусым) жазған хаты аңғартады: «Жо­ғары мәртебелі сіздің Шынаят мырза арқылы жіберген хатыңызды алдық, тек әкем - Абылай хан орнында болмады, ол қалың қолмен сырттағы жауға аттанған еді, жауымыздың тас-талқаны шығарыл­ғандығы жайлы хабар алып отырмыз. Ал мұндағы елді оның орнына мен басқарып отырмын. Сіздер де қандыбалақ қарақ­шы­ны ұстапсыздар (Е. Пугачевті. - редактор), бұл хабарды естіп мен қуанып қалдым. Себебі Ұлы мәртебелі императордың біз жауына жау, досына доспыз ғой!». Орыс бақылаушысы Чучалов Уәли туралы: "Уәли әкесі Абылай сияқты өркөкірек, алған ба­ғы­тынан қайтпайтын қайсар әрі құбылма­лы. Ол мені бір-ақ рет қабылдады. Бұл қы­лы­ғын: «Әкем де Ресей жақтан келгендер­мен бір-ақ рет кездескен еді» деп дәлел­деді», - дейді (Казахско-русские отноше­ния в XVІІІ-XІX веках, А., 1964, 106-б.).

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға