Нұртас Адамбаев Мақсат Құбандықовқа өтемақы төледі
Қазақстандық шоумен Нұртас Адамбаев өткен жылы ЖКО салдарынан зардап шеккен Мақсат Құбандықовқа өтемақы төледі. Осылайша соттың барлық талаптары орындалды. Оның айтуынша, 2007 жылы шоумен қағып кеткен Мақсат Құбандықов болған оқиғадан кейін Адамбаевқа ешқандай шағым айтпаған, алайда 2012 жылы оны сотқа берген. «Сот шешімі бойынша Нұртас жәбірленушіге 2 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуі керек болды, бұл Құрбандықовтың барлық медициналық шығындарын өтеуге жететін еді. Жәбірленуші ақшаны алды, алайда көп ұзамай әртістен моральдық зиян тигізгені үшін қосымша 400 млн теңге талап еткен», - деп мәлімдеді қорғаушы. Естеріңізге сала кетсек, 2006 жылы Нұртас Адамбаев 22 жастағы Мақсат Құбандықовты автокөлігімен қағып кеткен еді. ЖКО орын алған кезде зардап шегушінің жағдайы еш қауіп тудырмаған, алайда кейіннен жас жігіттің көзінің көру мүмкіндігі нашарлап, қазіргі таңда мүлде көрмейтін болып қалды. Туысқандары шоуменді сотқа беріп, одан 400 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуін талап етті. Baq.kz
Қазақстандық шоумен Нұртас Адамбаев өткен жылы ЖКО салдарынан зардап шеккен Мақсат Құбандықовқа өтемақы төледі. Осылайша соттың барлық талаптары орындалды.
Оның айтуынша, 2007 жылы шоумен қағып кеткен Мақсат Құбандықов болған оқиғадан кейін Адамбаевқа ешқандай шағым айтпаған, алайда 2012 жылы оны сотқа берген. «Сот шешімі бойынша Нұртас жәбірленушіге 2 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуі керек болды, бұл Құрбандықовтың барлық медициналық шығындарын өтеуге жететін еді. Жәбірленуші ақшаны алды, алайда көп ұзамай әртістен моральдық зиян тигізгені үшін қосымша 400 млн теңге талап еткен», - деп мәлімдеді қорғаушы.
Естеріңізге сала кетсек, 2006 жылы Нұртас Адамбаев 22 жастағы Мақсат Құбандықовты автокөлігімен қағып кеткен еді. ЖКО орын алған кезде зардап шегушінің жағдайы еш қауіп тудырмаған, алайда кейіннен жас жігіттің көзінің көру мүмкіндігі нашарлап, қазіргі таңда мүлде көрмейтін болып қалды. Туысқандары шоуменді сотқа беріп, одан 400 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуін талап етті.
Baq.kz
