Шетелдiк сарапшы Жаһандық жастар форумын Астанада өткiзуді ұсынды
VIII KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында өткiзiлiп отырған Халықаралық Жастар форумы аясында шетелдiк сарапшы, Дүниежүзiлiк мұнай кеңесiнiң аға вице-президентi Йожеф Тот Жаһандық жастар форумын Астанада өткiзу жөнiнде ұсыныс білдірді, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. «Дүниежүзiлiк мұнай кеңесi жастардың белсендiлiгiне деген қажеттiлiктiң бар екенiн мойындайды. Осы орайда, 2004 жылы Бейжіңде тұңғыш рет Жастар форумы өткен болатын. Осы форумның қорытындысы Оңтүстiк Африкадағы Йоханесбургтегi әлемдiк мұнай конгресiнде таныстырылды және бұл үлкен жетiстiк болатын. Нәтижесiнде, әлемдiк мұнай конгресiнiң Атқарушы комитетi жаһандық форматтағы жастар отырысын ынталандыру туралы шешiм қабылдады. Сонымен, 2009 жылы Парижде Дүниежүзiлiк жастар форумы өттi. Ол жастардың басын құраған және өзектi мәселенi көтерген шара болды», - дедi Й.Тот. Оның айтуынша, 2010 жылы Үндiстанның ұлттық жастар комитетi осыған балама шара өткiзуге бел байлаған. «Ал екi шараның уақыт аралығы тым жақын болуы бiздi қатты алаңдатты. Ойлағандай-ақ, аталған шара пайдалы бiрақ қысқа және дайындығы төмен деңгейде өттi. Сол себептi, ДМК Атқарушы комитетi мұндай жаһандық форумдарды қаншалықты жиi өткiзуге болатыны туралы шешiм қабылдау керек деп санады. Сонымен, екi конгрестiң ортасында бiр рет өтедi деп шешiлдi. Биыл Жастар форумы екi аптадан кейiн Калгар қаласында өтедi», - деп толықтырды шетелдік сарапшы. Ол қазақстандық жастарға Астанада Жаһандық жастар форумын өткiзу туралы ойлануды ұсынды. «Қазақстан ұлттық комитетiнде жастар комитетi өте белсендi жұмыс iстейдi. Бүгiнгi форум да өте үлкен жетiстiк. Сол себептi, сiздерге, Жаһандық жастар форумын Астанада өткiзу жайында ойлануды ұсынамын. Сiздердің мұндай шараны ұйымдастыруға әлеуеттеріңіз жетеді деп сенемiн», - дедi Й.Тот.
VIII KAZENERGY Еуразиялық форумы аясында өткiзiлiп отырған Халықаралық Жастар форумы аясында шетелдiк сарапшы, Дүниежүзiлiк мұнай кеңесiнiң аға вице-президентi Йожеф Тот Жаһандық жастар форумын Астанада өткiзу жөнiнде ұсыныс білдірді, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Дүниежүзiлiк мұнай кеңесi жастардың белсендiлiгiне деген қажеттiлiктiң бар екенiн мойындайды. Осы орайда, 2004 жылы Бейжіңде тұңғыш рет Жастар форумы өткен болатын. Осы форумның қорытындысы Оңтүстiк Африкадағы Йоханесбургтегi әлемдiк мұнай конгресiнде таныстырылды және бұл үлкен жетiстiк болатын. Нәтижесiнде, әлемдiк мұнай конгресiнiң Атқарушы комитетi жаһандық форматтағы жастар отырысын ынталандыру туралы шешiм қабылдады. Сонымен, 2009 жылы Парижде Дүниежүзiлiк жастар форумы өттi. Ол жастардың басын құраған және өзектi мәселенi көтерген шара болды», - дедi Й.Тот.
Оның айтуынша, 2010 жылы Үндiстанның ұлттық жастар комитетi осыған балама шара өткiзуге бел байлаған.
«Ал екi шараның уақыт аралығы тым жақын болуы бiздi қатты алаңдатты. Ойлағандай-ақ, аталған шара пайдалы бiрақ қысқа және дайындығы төмен деңгейде өттi. Сол себептi, ДМК Атқарушы комитетi мұндай жаһандық форумдарды қаншалықты жиi өткiзуге болатыны туралы шешiм қабылдау керек деп санады. Сонымен, екi конгрестiң ортасында бiр рет өтедi деп шешiлдi. Биыл Жастар форумы екi аптадан кейiн Калгар қаласында өтедi», - деп толықтырды шетелдік сарапшы.
Ол қазақстандық жастарға Астанада Жаһандық жастар форумын өткiзу туралы ойлануды ұсынды.
«Қазақстан ұлттық комитетiнде жастар комитетi өте белсендi жұмыс iстейдi. Бүгiнгi форум да өте үлкен жетiстiк. Сол себептi, сiздерге, Жаһандық жастар форумын Астанада өткiзу жайында ойлануды ұсынамын. Сiздердің мұндай шараны ұйымдастыруға әлеуеттеріңіз жетеді деп сенемiн», - дедi Й.Тот.
