Жаңалықтар

Мәдениет және ақпарат министрлігі өз тарапынан фонограммаға жол бермейді

Бүгінде ән әлеміне қатысты «жанды дауыс» және «жасанды дауыс» деген тіркес айналыста жүр. Тіптен қарапайым жұртшылық нағыз әнші мен жалған әншіні осыған қарап анықтайтын болды. Қоғамдық пікір де бұл тарапта нақты бір кесімді шешімге келе алар емес. Дегенмен, жекелеген азаматтар ашық қоғам ұстанымына сәйкес өз ойын ашық білдіруде. Төмендегі хат осының айқын дәлелі бола алады.  Концерттерде фонограммамен әннің айтылуына көңілі толмайтын Ғанибек есімді азамат Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің жеке блогына өтініш-сауал жолдаған. Жасанды дауыспен ән салатын «жұлдыздарды» сынай келе, ол, концерттерде тыңдарман тарапынан қымбат билеттерге төленген қаржының текке кететінін, өйткені, әншілердің кәдімгі таспада да бар дыбыстарды жай ғана қойылым қойғандай етіп, фонограммамен орындап шығатынына шағынған. Яғни, «өнерпаздардың» жанды дауыс тыңдауға келген қауымды көп жағдайда осылайша, сапасыз қызметпен шығарып салатынына қынжылыс білдіре отырып, оған тыйым салуға шақырады. Жеке блогына келіп түскен сауалды министр жауапсыз қалдырмаған. Өз жауабында ведомство басшысы Қазақстан Республикасы Заңнамасында отандық орындаушылардың жариялы эстрадалық орындауларына шектеу қою мен тыйым салулардың қарастырылмағандығын атай отырып, «Өз тарапымыздан, елімізде және шетелдерде жоспарлы әлеуметтік-маңызды мәдени іс-шараларды өткізгенде Мәдениет және ақпарат министрлігі фонограмманың қолданылуына жол бермейді», - деп түйіндеген. Baq.kz
08.10.2013 10:37 3446

Бүгінде ән әлеміне қатысты «жанды дауыс» және «жасанды дауыс» деген тіркес айналыста жүр. Тіптен қарапайым жұртшылық нағыз әнші мен жалған әншіні осыған қарап анықтайтын болды. Қоғамдық пікір де бұл тарапта нақты бір кесімді шешімге келе алар емес. Дегенмен, жекелеген азаматтар ашық қоғам ұстанымына сәйкес өз ойын ашық білдіруде. Төмендегі хат осының айқын дәлелі бола алады. 

Концерттерде фонограммамен әннің айтылуына көңілі толмайтын Ғанибек есімді азамат Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің жеке блогына өтініш-сауал жолдаған. Жасанды дауыспен ән салатын «жұлдыздарды» сынай келе, ол, концерттерде тыңдарман тарапынан қымбат билеттерге төленген қаржының текке кететінін, өйткені, әншілердің кәдімгі таспада да бар дыбыстарды жай ғана қойылым қойғандай етіп, фонограммамен орындап шығатынына шағынған. Яғни, «өнерпаздардың» жанды дауыс тыңдауға келген қауымды көп жағдайда осылайша, сапасыз қызметпен шығарып салатынына қынжылыс білдіре отырып, оған тыйым салуға шақырады.
Жеке блогына келіп түскен сауалды министр жауапсыз қалдырмаған. Өз жауабында ведомство басшысы Қазақстан Республикасы Заңнамасында отандық орындаушылардың жариялы эстрадалық орындауларына шектеу қою мен тыйым салулардың қарастырылмағандығын атай отырып, «Өз тарапымыздан, елімізде және шетелдерде жоспарлы әлеуметтік-маңызды мәдени іс-шараларды өткізгенде Мәдениет және ақпарат министрлігі фонограмманың қолданылуына жол бермейді», - деп түйіндеген.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға