Имам Тахауидің ұстаздары мен шәкірттері
Имам Тахауи көптеген ғылым иелерінен ілім алды. Ол тек үйреніп қана қоймай, көкейіне тоқи да білді. Көптеген хадис білгірлерден хадис ғылымын үйренді. Фиқһ мамандарынан фиқһты оқыды. Осылайша ол өз заманының әйгілі әрі бетке ұстар хадисшісі және фиқһшысы атанды. Имамның көптеген ұстаздары болды. 20 ғасырда өмір сүрген Ханафи ғұламасы әл-Кәусәри аталмыш Имамның 160-тан астам ұстаздарын тізген. Біз олардың кейбірін ғана атап өтейік: 1. Беделділік әрі сенімділік жағынан Сахих Муслимнен кейін үшінші орында тұратын «Нәсәий сүннәні» атты хадис жинағының авторы, әйгілі хадисші Ахмад ибн Шуғайб ибн Али ән-Нәсәий. (өл.х.303/м.915 ж). 2. Ханафи мәзхабына өтуге ықпал еткен, Ирак құқық мектебінің білгірі қазы Ахмәд ибн Әби Имран (өл.х.280/м.893 ж.) 3. Исхақ ибн Ибраһим ибн Юнус әл-Бағдади (өл.х.304 ж/ м.916 ж.) 4.Тахауидің нағашы ағасы, Имам Шафиғидің досы, Шафиғи мәзхабының білгірі, фиқһшы әрі хадисші Исмағил ибн Яхя әл-Музни (өл. х. 264 ж. /м.877 ж) 5. Имам Шафиғидің шәкірті Бахр ибн Наср ибн Сабиқ әл-Хауләни (өл. 267 ж. / м.880 ж.). Имам Тахауидің шәкірттері Имам Тахауи бір мәселенің үкімін нақты әрі мықты дәйекке байлауда алдына жан салмайтын. Оның әрбір талқыға салған нәрсесі әрі сүйенген дәлелі естіген жанды бір дегеннен мақұлдататын. Осы еркешелігімен танылған ұстаздың көптеген шәкірттері де болуы заңды. Оған шартараптан шәкірттер ағылды. Оның қолынан көптеген атақты адамдар тәрбиеленіп шықты. Солардың кейбірі мыналар: 1. Әйгілі Табарани тәпсірінің авторы, атақты тіл маманы әрі хадисші және тәпсірші, Сулеймән ибн Ахмад ибн Әйюб әт-Табарани Әбул Қасым (өл. х. 360 ж./м.918 ж). 2. Тарихшы Абдуррахман ибн Ахмад ибн Юнус (өл. х. 347 ж). 3. Мысыр қазысы Ахмад ибн Ибрахим ибн Хамад (өл. х. 329 ж). 4. Хадис ғылымына арнап жазған «Әл-кәмил» атты кітаптың авторы Абдулла ибн Адий әж-Жүржани Әбу Ахмад (өл. х. 365 ж.). Имам Тахауидің еңбектері Имам Тахауи артына көптеген еңбектер жазып қалдырды. Осы күнге шейін ілім иелері көз майын тамызып еңбектерін оқуда. Өйткені, оның еңбектері шәкірттерге де, ұстаздарға да бағдаршам іспетті. Олардың кейбірі төмендегідей: 1. Ахкамуль Құран. Құрандағы аяттардың тәпсірі. 2. «Шарху Мағани әл-Әсәр». Бұл еңбегінде ғалым Ханафи мәзхабының үкімдерін хадистермен нықтайды. Кітапта хадистер келу жолымен (сәнәд) көрсетілген. «Хадис бойынша ханафи мәзхабы» десек те болады бұл кітапты. 3. «Ғалымдардың пікір таластары». Имам Тахауи аталмыш кітапта ғалымдардың түрлі мәселеде білдірген пікірлерін, олардың сүйенген дәлелдерін келтірген. Аталмыш кітап «фиқһ энциклопедиясы» іспетті. Осы ерекшелігімен де бағалы. Тарихшылардың айтуы бойынша, Имам аталмыш еңбегін 130 том етіп жазған. Алайда, бізге жеткені оның ықшамдалған түрі. Бұл еңбекті ықшамдаған Ханафи ғалымы Әбу Бәкр әл-Жәссас (өл.х. 370 ж). 3. Тахауи ақидасы. Әһли сүннәт сенімін жүйелі түрде баяндаған кітап. Бұл кітап көптеген тілге аударылып, оған көптеген түсініктемелер жазылған. 4. Мухтасару әт-Тахауия. Фиқһ кітабі. Бұл кітапта Ханафи мәзхабы бойынша фиқһ мәселелері ықшамдалып көрсетілген. 5. Хадис ғылымына қатысты «Мүшкилуль Әсәр» атты еңбегі. Кітапта бір-біріне қайшы сияқты көрінген хадистерді түсіндіріп, оларды ұштастыруға тырысқан. Имам Тахауи жайлы ғалымдардың айтқан сөздері Тарихшы Ибн Кәсир былай дейді: «Ол – ханафи фиқһшысы. Көптеген пайдалы еңбектердің авторы. Ол – сенімді әрі ілімге берік кісілердің бірі». Ибн Надим (өл. х. 385 ж) былай дейді: «Ол Куфа мектебінің үкімдері мен хадистерін жетік білетін білгір. Сондай-ақ ол барлық құқық мектептерінің қыр сырын меңгерген кісі». Әбу Омар ибн Абдуль Бирр былай дейді: «Тахауидің мәзхабы куфалық ғалымдардың жолы еді. Ол барлық мәзхабтарды жетік білген. Және хадисті жеткізуші рауилердің де өмір баяндарын баян етуге шебер». Имам Суйюти былай дейді: «Ол – ғұлама, мұсылмандардың ғылымдағы басшысы. Көптеген бағалы еңбектердің авторы. Ол – сенімді хадисші, берік фиқһшы. Оның орнын толтырар адам тумады». Қайтыс болған жылы Хижри жыл санауы бойынша 321 жылы (милади 933 ж.), Зүл-Қағда айында, бейсенбінің жұмаға қараған түні Мысырда қайтыс болды. Артында бір бала қалды. Баласы ғалым Али ибн Ахмад әт-Тахауи Әбуль Хасан. Алла қабірін жәннәт етсін! Абдсамат Қасым muslim.kzИмам Тахауи көптеген ғылым иелерінен ілім алды. Ол тек үйреніп қана қоймай, көкейіне тоқи да білді. Көптеген хадис білгірлерден хадис ғылымын үйренді. Фиқһ мамандарынан фиқһты оқыды. Осылайша ол өз заманының әйгілі әрі бетке ұстар хадисшісі және фиқһшысы атанды.
Имамның көптеген ұстаздары болды. 20 ғасырда өмір сүрген Ханафи ғұламасы әл-Кәусәри аталмыш Имамның 160-тан астам ұстаздарын тізген. Біз олардың кейбірін ғана атап өтейік:
1. Беделділік әрі сенімділік жағынан Сахих Муслимнен кейін үшінші орында тұратын «Нәсәий сүннәні» атты хадис жинағының авторы, әйгілі хадисші Ахмад ибн Шуғайб ибн Али ән-Нәсәий. (өл.х.303/м.915 ж).
2. Ханафи мәзхабына өтуге ықпал еткен, Ирак құқық мектебінің білгірі қазы Ахмәд ибн Әби Имран (өл.х.280/м.893 ж.)
3. Исхақ ибн Ибраһим ибн Юнус әл-Бағдади (өл.х.304 ж/ м.916 ж.)
4.Тахауидің нағашы ағасы, Имам Шафиғидің досы, Шафиғи мәзхабының білгірі, фиқһшы әрі хадисші Исмағил ибн Яхя әл-Музни (өл. х. 264 ж. /м.877 ж)
5. Имам Шафиғидің шәкірті Бахр ибн Наср ибн Сабиқ әл-Хауләни (өл. 267 ж. / м.880 ж.).
Имам Тахауидің шәкірттері
Имам Тахауи бір мәселенің үкімін нақты әрі мықты дәйекке байлауда алдына жан салмайтын. Оның әрбір талқыға салған нәрсесі әрі сүйенген дәлелі естіген жанды бір дегеннен мақұлдататын. Осы еркешелігімен танылған ұстаздың көптеген шәкірттері де болуы заңды. Оған шартараптан шәкірттер ағылды. Оның қолынан көптеген атақты адамдар тәрбиеленіп шықты. Солардың кейбірі мыналар:
1. Әйгілі Табарани тәпсірінің авторы, атақты тіл маманы әрі хадисші және тәпсірші, Сулеймән ибн Ахмад ибн Әйюб әт-Табарани Әбул Қасым (өл. х. 360 ж./м.918 ж).
2. Тарихшы Абдуррахман ибн Ахмад ибн Юнус (өл. х. 347 ж).
3. Мысыр қазысы Ахмад ибн Ибрахим ибн Хамад (өл. х. 329 ж).
4. Хадис ғылымына арнап жазған «Әл-кәмил» атты кітаптың авторы Абдулла ибн Адий әж-Жүржани Әбу Ахмад (өл. х. 365 ж.).
Имам Тахауидің еңбектері
Имам Тахауи артына көптеген еңбектер жазып қалдырды. Осы күнге шейін ілім иелері көз майын тамызып еңбектерін оқуда. Өйткені, оның еңбектері шәкірттерге де, ұстаздарға да бағдаршам іспетті. Олардың кейбірі төмендегідей:
1. Ахкамуль Құран. Құрандағы аяттардың тәпсірі.
2. «Шарху Мағани әл-Әсәр». Бұл еңбегінде ғалым Ханафи мәзхабының үкімдерін хадистермен нықтайды. Кітапта хадистер келу жолымен (сәнәд) көрсетілген. «Хадис бойынша ханафи мәзхабы» десек те болады бұл кітапты.
3. «Ғалымдардың пікір таластары». Имам Тахауи аталмыш кітапта ғалымдардың түрлі мәселеде білдірген пікірлерін, олардың сүйенген дәлелдерін келтірген. Аталмыш кітап «фиқһ энциклопедиясы» іспетті. Осы ерекшелігімен де бағалы. Тарихшылардың айтуы бойынша, Имам аталмыш еңбегін 130 том етіп жазған. Алайда, бізге жеткені оның ықшамдалған түрі. Бұл еңбекті ықшамдаған Ханафи ғалымы Әбу Бәкр әл-Жәссас (өл.х. 370 ж).
3. Тахауи ақидасы. Әһли сүннәт сенімін жүйелі түрде баяндаған кітап. Бұл кітап көптеген тілге аударылып, оған көптеген түсініктемелер жазылған.
4. Мухтасару әт-Тахауия. Фиқһ кітабі. Бұл кітапта Ханафи мәзхабы бойынша фиқһ мәселелері ықшамдалып көрсетілген.
5. Хадис ғылымына қатысты «Мүшкилуль Әсәр» атты еңбегі. Кітапта бір-біріне қайшы сияқты көрінген хадистерді түсіндіріп, оларды ұштастыруға тырысқан.
Имам Тахауи жайлы ғалымдардың айтқан сөздері
Тарихшы Ибн Кәсир былай дейді: «Ол – ханафи фиқһшысы. Көптеген пайдалы еңбектердің авторы. Ол – сенімді әрі ілімге берік кісілердің бірі».
Ибн Надим (өл. х. 385 ж) былай дейді: «Ол Куфа мектебінің үкімдері мен хадистерін жетік білетін білгір. Сондай-ақ ол барлық құқық мектептерінің қыр сырын меңгерген кісі».
Әбу Омар ибн Абдуль Бирр былай дейді: «Тахауидің мәзхабы куфалық ғалымдардың жолы еді. Ол барлық мәзхабтарды жетік білген. Және хадисті жеткізуші рауилердің де өмір баяндарын баян етуге шебер».
Имам Суйюти былай дейді: «Ол – ғұлама, мұсылмандардың ғылымдағы басшысы. Көптеген бағалы еңбектердің авторы. Ол – сенімді хадисші, берік фиқһшы. Оның орнын толтырар адам тумады».
Қайтыс болған жылы
Хижри жыл санауы бойынша 321 жылы (милади 933 ж.), Зүл-Қағда айында, бейсенбінің жұмаға қараған түні Мысырда қайтыс болды. Артында бір бала қалды. Баласы ғалым Али ибн Ахмад әт-Тахауи Әбуль Хасан. Алла қабірін жәннәт етсін!
Абдсамат Қасым
