Жаңалықтар

Тамақ және жеңіл өнеркәсібі

Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.
10.07.2015 06:29 208126

Бұл өнеркәсіптегі «ең жалпы халықтық» және «тек қалада» ғана орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.

Көптеген «тамак өнеркәсіптері» көлемі үлкен, қымбат құралжабдықтар пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады.

Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор - шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.

Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға - қант өнеркәсібі (Алматы, Жамбыл) географиясын жатқызуға болады. Біздің елімізде «тәтті өнімді» дәстүрлі түрде қант қызылшасынан өндіреді.

Шикізат базаларына май айыру өндірісі, яғни өсімдік майын алу бағытталып орналасады. Қуатты зауыттар күнбағыс өсірілетін (Өскемен), мақта мен мақсары өсірілетін (Шымкент) аймақтарда орналасқан. Алматы мен Ақтөбенің зауыттары негізінен тасымалданып әкелінген майды шақпақтайды. Өскемендегі май айыру өндірісі халуа шығарумен үйлестірілген.

Жеміс-көкөніс өнеркәсібі тез бұзылатын өнімдер - көкеніс, жеміс өңдеумен айналысады. Ол толығымен дерлік Қазақстанның  оңтүстігінде, әсіресе,Алматы облысында  орналасқан.

Шикізат кезіне бағытталатын салалардың ішінде балық өнер- кәсібі ауыл шаруашылығымен тікелей байланыспағандықтан, ерекше сипатқа ие. Ол ірі көлдердің, су қоймалары мен өзендердің балық қорларын пайдаланады.

Саланың басты кәсіпорны - «Атыраубалык» АҚ (Балықшы а.). Осы кәсіпорын ғана бекіре балықтарының уылдырығын өңдейді.

Түтыну орындарына өндірістік өңдеуден өткен шикізатты пайдаланатын салалар таяу орналасады. Олардың өнімдері нашар сақталатын (торт, пирожный, басқа да кондитерлік өнімдер, нан) немесе жасалған шикізатынан тасымалдануы қиын болып келеді.

Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Кондитер, макарон өнімдері өндірісінің де кеңістікте таралу «бейнесі» осыған ұксайды. Ең ірі кондитер өндірісі – Алматы мен Қостанайда, шай – Алматыда, макарон енімдері – Пертропавл қаласында орналасқан.

Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді. Ұн тартатын өнеркәсіптер астық өңдеумен айналысады.

Сүт өнеркәсібінің бастапқы сатылары (пастерленген сүт, қаймақ, кілегей, айран шығару) тұтынушыға таяу орналасады. Оның соңғы сатылары, мысалы, май шайқау (мал майы және сары май дайындау) мен ірімшік жасау кеп сүт алынатын жерлерде көбірек дамыған. Еліміздің ең «сүтті» аудандары - Солтүстік пен Оңтүстік. Олар 1, 2 орындарды бөліседі. Ет өнеркәсібінің орналасуы екі жақты болып келеді. Ет өнімдерін даярлау (шұжық, жіңішке шұжық (сосиска), орама, сүрленген шошқа еті, т.б.) өнімді пайдаланатын орталықтарға «бекітілсе», ал ет консервілерін (бұқтырылған ет) өндірісі - шикізат көзіне таяу орналасады. Бірақ көбінесе бұл өндірістер бір кәсіпорындарға - комбинаттарға біріктіріледі.

Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен камтамасыз ету.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің жақсы шикізат базалары бар: мақта, жүн, табиғи былғары. Дегенмен, ол экономикадағы ең бір «шешімін таппаған» сала болып есептеледі.

Жеңіл өнеркәсіп көп салалы өндіріс. Оның негізгілері - тоқыма, тігін, мақта-мата, былғары, тері илеу салалары.

Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан гөрі еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы. Өнеркәсіптін өнімі жөне өңделген шикізатты тасымалдауға қолайлы, әрі ұзақ сақталады. Бұл оның салаларының таралып орналасу «бейнесін» көрсетеді.

Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала - мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады. Оларды есімдік (мақта, зығыр) немесе жануарлар (жүн, жібек) өнімдерінен химиялық талшықтар қоса отырып жасайды.

Бірінші сатысы - металлургиядағы кен байыту сияқты, мақтаны, жүнді өңдеу болып табылады. Ол мақта тазалайтын зауыттар мен жүн жуатын фабрикаларда атқарылады. Мақтаны дәнінен, қорапшасының қалдықтарынан, жапырағынан, сабағынан алып, жүнді кір мен майдан, басқа да лас заттардан тазартады. Тазаланған талшықтардан қатаң мата тоқылатын жіп иіріледі. Алынған қатаң матаны бояп, бетіне өрнек салады (әрлеу).

1 т жуылған жүн алу үшін 2 т жуылмаған жүн, ал 1 т мақта талшығын алу үшін 3 т астам мақта шикізаты қажет. Сондықтан бастапқы өңдеу кәсіпорындары шикізат көздеріне жақын орналастырылады.

Әрбір келесі сатыны жекелеген жіп иіру, тоқыма немесе әрлеу фабрикаларында атқаруға болады. Бірақ ол көлік шығынын көбейтіп, дайын өнімнің бағасын қымбаттатып жібереді. Мақта-мата өндірісінің негізгі сатыларын бір комбинатта жинақтау тиімдірек болады.

Мақта-мата өнеркәсіптері Оңтүстікте шоғырланған. Барлық мақта тазалау зауыттары (олар 30-дай) Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

Жүн өнеркәсібі мардымсыз дамыған. Жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары Оңтүстікте (Таразда және т.б.) және Шығыста (Семейде), ал мата тоқитын фабрикалар Фабричный кентінде (Алматы маңында), Қостанай мен Семейде орналасқан. Тоқыма өнеркәсібінде Алматы ерекше орын алады.

Былғары, аяқ киім және тері өңдеу өнеркөсіптері бір-бірімен тығыз байланысты. Тері өңдеу (табиғи былғары алу) шикізат көзіне, су мен электр қуатына жақын орналасады. Еліміздегі тері өңдеу өнеркәсібінің негізгі орталықтары - Өтеген батыр (Алматы облысы), Петропавл, Рудный зауыттары. Қостанайда, Алматыда, Таразда, Ақтауда  аяқ киім фабрикалары жұмыс істейді.

Жеңіл өнеркәсіптін, «кез келген жерде» орналаса беретін саласы - тігін өнеркәсібі. Ол көбінесе тұтынушыға таяу орналасады. Өнімнің негізгі бөлігін шағын тігін шеберханалары шығарады. Бірақ Шымкентте «Восход» сияқты ірі фабрикалар да бар.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға