Киіз үйдің түрлері мен Киіз үйдің құрамды бөліктері
Орда – салтанатты, жоғарымәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар. Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы. Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй. Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі. Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі. Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты ооташалар үйі. Қараша үй – кедей үйі. Отау – жас жұбайлар үйі. Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер. Күрек, қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері. Үй құрамы – үй сүйектері, киіздері және арқан баулары. Үй сүйектері – үйдің ағаштан тұратын бөліктері. Киіздер – киізден тұратын бөлшектер. Арқан – баулары немесе бау-шулары – құр, арқан. Бау, жіптен тұратын бөліктері. Шаңырақ – үйдің бас бөлігі. Ол бірнеше атаудан тұрады: Тоғын – шаңырақтың дөңгелек шеңбері. Күлдіреуіш – түнікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек. Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш. Қаламдық – уақыттың қаламы (басы) кіріп тұратын, шаңырақтағы төрт бұрышты тесік. Уық – шаңырақ пен кереге отрасын қосатын иінді ағаш. Қаламы – уықтың шаңырақ қаламындағы сұғылатын ұшы. Қары – уақтың иініне дейінгі бойы. Иіні – уықтың иілген (бүгілген) тұсы. Алақаны – уықтың керегебасына бекітілетін басы. Уық бау – уықты керегеге байлайтын жіп. Кереге – жиналған кереге. Желі – керегені құрайтын ағаштар. Ерісі – ағаштардан кереге құрайтын ұзыны. Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы. Ыру – уық пен керегеге салынған оюлы сызықтыр. Көз – керегенің тор көздері (тор көз, жел көз) Азат көз – керегенің көктелмеген жерлері. Сықырлауық – киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі. Маңдайша – екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш. Босаға – маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш. Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп, тұратын айналмамалы ағаш тиек. Туырлық – ордада кереге бойы, шағын үйде шаңыраққа дейтін жабатын киіз. Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық бөлігі. Дөдеге (үзікті үй) – үй сыртында кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз. Түндік – шаңырақ үстінен жабылатын төртбұрышты киіз. Түндік бау – түндікті белдеуге байлайтын бау. Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік. Ақ ши – кереге сыртынан, кейде туырлық сыртынан орай тартылатын тоқыма ши. Шым ши – ою-өрнекті, жүн оралған, туырлық ішінен тартылатын ши. Таңғыш құр – үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау. Басқұр – кереге басы туырлықты тесіп кертеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр. Желбеу – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй шайқалмас үшін оған салмақ байланады. Балақбау – көшенде уықтарды босып байлайтын баулар. Аяқбау – уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шрғы. Есікбау – киіз есіктің бауы. Тастама – киіз есігін жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байлайтын бау. Керегенің басы – керегенің жоғарғы жағы. Керегенің аяғы – керегенің жерге тірелген жағы. Кереге қап – сырлы кереге қажалмас үшін, әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз. Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан. Күйеу қазық – шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзін ағаш. Жабық – туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы. Белдеу – жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан. Бас арқан – үйдің барлық салмағын ұстап тұратын , кереге басын орай маңдайша бекітілетін берік арқан. «Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010Орда – салтанатты, жоғарымәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.
Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы.
Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.
Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.
Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі.
Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты ооташалар үйі.
Қараша үй – кедей үйі.
Отау – жас жұбайлар үйі.
Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.
Күрек, қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері.
Үй құрамы – үй сүйектері, киіздері және арқан баулары.
Үй сүйектері – үйдің ағаштан тұратын бөліктері.
Киіздер – киізден тұратын бөлшектер.
Арқан – баулары немесе бау-шулары – құр, арқан. Бау, жіптен тұратын бөліктері.
Шаңырақ – үйдің бас бөлігі. Ол бірнеше атаудан тұрады:
Тоғын – шаңырақтың дөңгелек шеңбері.
Күлдіреуіш – түнікті көтеріп тұратын, ағаштан иіп жасалған бөлшек.
Кепілдік (кепіл ағаш) – күлдіреуіштерді біріктіріп ұстап тұратын ағаш.
Қаламдық – уақыттың қаламы (басы) кіріп тұратын, шаңырақтағы төрт бұрышты тесік.
Уық – шаңырақ пен кереге отрасын қосатын иінді ағаш.
Қаламы – уықтың шаңырақ қаламындағы сұғылатын ұшы.
Қары – уақтың иініне дейінгі бойы.
Иіні – уықтың иілген (бүгілген) тұсы.
Алақаны – уықтың керегебасына бекітілетін басы.
Уық бау – уықты керегеге байлайтын жіп.
Кереге – жиналған кереге.
Желі – керегені құрайтын ағаштар.
Ерісі – ағаштардан кереге құрайтын ұзыны.
Сағанақ, балашық – ағаштардың қысқасы.
Ыру – уық пен керегеге салынған оюлы сызықтыр.
Көз – керегенің тор көздері (тор көз, жел көз)
Азат көз – керегенің көктелмеген жерлері.
Сықырлауық – киіз үйдің ағаштан жасалған жарма есігі.
Маңдайша – екі босағаны жоғары жағынан ұстап тұратын берік ағаш.
Босаға – маңдайша мен табалдырықты қосатын және кереге бекітілетін ағаш.
Бақалақ – сықырлауықты жапқанда маңдайшада бекітіп, тұратын айналмамалы ағаш тиек.
Туырлық – ордада кереге бойы, шағын үйде шаңыраққа дейтін жабатын киіз.
Үзік – ордада кереге мен шаңыраққа дейін жабатын туырлық бөлігі.
Дөдеге (үзікті үй) – үй сыртында кереге басы тұсына киізден оюлап жасалған әшекейлі киіз.
Түндік – шаңырақ үстінен жабылатын төртбұрышты киіз.
Түндік бау – түндікті белдеуге байлайтын бау.
Ши – киіз үй бөлшегін, тұрмыс бұйымын жасайтын өсімдік.
Ақ ши – кереге сыртынан, кейде туырлық сыртынан орай тартылатын тоқыма ши.
Шым ши – ою-өрнекті, жүн оралған, туырлық ішінен тартылатын ши.
Таңғыш құр – үй тіккенде керегелерді бір-біріне қосып байлайтын терме бау.
Басқұр – кереге басы туырлықты тесіп кертеу үшін үй айнала жүргізілетін (тартылатын) жалпақ оюлы құр.
Желбеу – сәндік үшін шаңыраққа байланатын шашақты баулар. Желді күні үй шайқалмас үшін оған салмақ байланады.
Балақбау – көшенде уықтарды босып байлайтын баулар.
Аяқбау – уыққа сәндік үшін байлайтын түрлі жіптер шрғы.
Есікбау – киіз есіктің бауы.
Тастама – киіз есігін жоғарыдан шаңырақ арқылы маңдайшаға байлайтын бау.
Керегенің басы – керегенің жоғарғы жағы.
Керегенің аяғы – керегенің жерге тірелген жағы.
Кереге қап – сырлы кереге қажалмас үшін, әрі көгіне су тимес үшін қапталған киіз.
Жел арқан – дауылды күндері үйді бастыра тартатын арқан.
Күйеу қазық – шаңырақ көтеретін, киіз есікті көтеріп қоятын, бір жақ басы аша ұзін ағаш.
Жабық – туырлықтардың бір-біріне айқаса жабылатын тұсы.
Белдеу – жел тұрғанда туырлық көтеріліп кетпес үшін үй сыртынан екі жерден тартылатын арқан.
Бас арқан – үйдің барлық салмағын ұстап тұратын , кереге басын орай маңдайша бекітілетін берік арқан.
«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010
