Жаңалықтар

Саумалық, Мұхаррам, Самарқанның көк тасы. Қызыр ата

Наурыз айында жаңа жыл еніп, жер бусанып, күн күркіреп, жаңбыр жауып, көк дүркірегенде ауыл адамдары далаға шығып саумалық айтып, қуанышты көңілмен жақсы тілек тілейді. Оны өлеңмен айтады. Саумалық, саумалық Наурызымның көк құсы Ұйқыдан көзің ашты ма? Саумалық, саумалық, Жібіді мен, көрдің бе? Саумалық, саумаылқ, Ескі жыл кетіп, жаңа жыл келді, Ескі жыл есіркей кет, Жаңа жыл жарылқай кел – Деп бір ескі ыдысты сындырып, «жамандық кетсін» деп ырым жасайды. Мұхаррам (тыйым) Мұхаррам – араб тілінде «тыйым салынған» деген сөз. Ертеде шығыс елдері Наурызды «мұхаррам» деп атаған. Оның мәнісі: осы қасиетті айда табиғатты ластауға, тәртіпсіздікке, ұрлыққа, ғайбат сөзге, ішімдікке, тағы басқа жағымсыз істерге тыйым салған. Демек, мұсылман елінде наурыз әдептілік, адамгершілік, пәктік сияқты асыл қасиеттерді дарытатын, дамытатын, ұлықтайтын күн есебінде ерекшеленген. Наурыз – пәктік, адалдық күні: Қателік кешіріледі. Көңіл кірі өшіріледі. Жолсыздыққа тыйым салынады. Ақ тілек – сыйың болады. Әр үйде береке болады. Ойын, сауық, мереке болады. Самарқанның көк тасы. Бұл да Наурыз күніне байланысты сөз. Оның бірнеше мәні бар. Бірінші, аңызға әйгілі астроном Ұлықбек (1394-1440) обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22  наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-мыс. Екінші, бұл күні әр адам қателігі болса, кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе, «бұл күні Самарқанның тасы да жібиді, сен тастан қаттысың ба?» деп тоқтады екен. Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан. Келгенше құттықтап бірін-бірі, Қуанышқа көрісіп кәрі-жасы. Көңіл түгел адамның сен келген соң, Самарқанның еліжреп түскен тағы.                                           А.Байтұрсынов Міне, көптеген халықтардың салт-дәстүріне айналған Наурыз тойының қалыптасуына табиғат пен қоғамның, ел мен елдің, адам мен адамның арақатынасындағы тепе-теңдік заңын, бұзбайтын, бастау-бұлақтар мен таланттардың қайнар көздерінің ашылуына мүмкіндік туғызатын және әр жеке адамның ар-ұятының тазалығын сақтайтын ұлы өнегелер мұрындық болған. Қызыр (Қыдыр) ата Мұсылмандық аңыз-әпсаналар мен халық наным-сенімдерінде Қызыр бейнесі кең таралып, ол мәңгі өлмейтін бейне ретінде саналады. «Қызыр» сөзі – жасыл, көк өңін білдіреді. Бұл өсімдіктер әлемімен байланысты болғандықтан оның көктемгі Наурыз мерекесімен орайластыруы тегін емес екенін байқауға болады. Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша, жиырма бірінші наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы тұүні – «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінеьін Қыдыр ата – бүкіл халықтың қамқоры , оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол ұлыстың ұлы күндерінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне, сондықтан әр үй Қыдыр атасының жолын күтіп өздерінің жанын да, тәнін де, кие киім, ыдысы мен бұймдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, бұлақтың көзін ашып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп, немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы – Қызыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен. Күн сәулесі жер шарының щығыс бөлігінен таңғы сағат алтыда себелеп атқан кезде, біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат үшкетұспа-тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды жиырма бірінші наурыз күні таңғы үште қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралап, күн нұры Самарқанның көк тасын жібітсе керек. Бұл да наурызға байланысты айтылған сөз. «Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010
08.10.2013 03:42 14699

Наурыз айында жаңа жыл еніп, жер бусанып, күн күркіреп, жаңбыр жауып, көк дүркірегенде ауыл адамдары далаға шығып саумалық айтып, қуанышты көңілмен жақсы тілек тілейді. Оны өлеңмен айтады.

Саумалық, саумалық

Наурызымның көк құсы

Ұйқыдан көзің ашты ма?

Саумалық, саумалық,

Жібіді мен, көрдің бе?

Саумалық, саумаылқ,

Ескі жыл кетіп, жаңа жыл келді,

Ескі жыл есіркей кет,

Жаңа жыл жарылқай кел –

Деп бір ескі ыдысты сындырып, «жамандық кетсін» деп ырым жасайды.

Мұхаррам (тыйым)

Мұхаррам – араб тілінде «тыйым салынған» деген сөз. Ертеде шығыс елдері Наурызды «мұхаррам» деп атаған. Оның мәнісі: осы қасиетті айда табиғатты ластауға, тәртіпсіздікке, ұрлыққа, ғайбат сөзге, ішімдікке, тағы басқа жағымсыз істерге тыйым салған. Демек, мұсылман елінде наурыз әдептілік, адамгершілік, пәктік сияқты асыл қасиеттерді дарытатын, дамытатын, ұлықтайтын күн есебінде ерекшеленген.

Наурыз – пәктік, адалдық күні:

Қателік кешіріледі.

Көңіл кірі өшіріледі.

Жолсыздыққа тыйым салынады.

Ақ тілек – сыйың болады.

Әр үйде береке болады.

Ойын, сауық, мереке болады.

Самарқанның көк тасы. Бұл да Наурыз күніне байланысты сөз. Оның бірнеше мәні бар. Бірінші, аңызға әйгілі астроном Ұлықбек (1394-1440) обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22  наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-мыс.

Екінші, бұл күні әр адам қателігі болса, кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе, «бұл күні Самарқанның тасы да жібиді, сен тастан қаттысың ба?» деп тоқтады екен. Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.

Келгенше құттықтап бірін-бірі,

Қуанышқа көрісіп кәрі-жасы.

Көңіл түгел адамның сен келген соң,

Самарқанның еліжреп түскен тағы.

                                          А.Байтұрсынов

Міне, көптеген халықтардың салт-дәстүріне айналған Наурыз тойының қалыптасуына табиғат пен қоғамның, ел мен елдің, адам мен адамның арақатынасындағы тепе-теңдік заңын, бұзбайтын, бастау-бұлақтар мен таланттардың қайнар көздерінің ашылуына мүмкіндік туғызатын және әр жеке адамның ар-ұятының тазалығын сақтайтын ұлы өнегелер мұрындық болған.

Қызыр (Қыдыр) ата

Мұсылмандық аңыз-әпсаналар мен халық наным-сенімдерінде Қызыр бейнесі кең таралып, ол мәңгі өлмейтін бейне ретінде саналады. «Қызыр» сөзі – жасыл, көк өңін білдіреді. Бұл өсімдіктер әлемімен байланысты болғандықтан оның көктемгі Наурыз мерекесімен орайластыруы тегін емес екенін байқауға болады.

Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша, жиырма бірінші наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы тұүні – «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінеьін Қыдыр ата – бүкіл халықтың қамқоры , оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол ұлыстың ұлы күндерінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне, сондықтан әр үй Қыдыр атасының жолын күтіп өздерінің жанын да, тәнін де, кие киім, ыдысы мен бұймдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, бұлақтың көзін ашып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп, немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы – Қызыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен. Күн сәулесі жер шарының щығыс бөлігінен таңғы сағат алтыда себелеп атқан кезде, біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат үшкетұспа-тұс келеді.

Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды жиырма бірінші наурыз күні таңғы үште қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралап, күн нұры Самарқанның көк тасын жібітсе керек. Бұл да наурызға байланысты айтылған сөз.

«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға