Жаңалықтар

Омат Һайамның «Наурызнама» кітабы

Бұл кітапта Наурыз хақындағы ақиқат, Ажам патшалары дәуірінде оның қайсы күндері болғаны, қай патша жария еткені және неге онватап өткені, сондай-ақ сол кездегі патшалардың басқа да салт-әдеттері, өзге де іс-әрекеттері мен ұстанған жолдары баян етіледі. Наурыздың жария етілуі себебін айтар болсақ, оны былайша түсіндіруге болады: Аптаның (күннің) екі айналуына орай, олардың бірі төмендегінше – Аптап әр үш жүз алпыс бес күн ішіндегі тәуліктің төрттен бірінде Амал айының бірінші минөтіне шығып кеткен кезінің өзінде тағы да орнына қайтып келеді және жыл сайын бұл кезең кеми береді. Жәмшид бұл күнді түсінгеннен кейін оны Наурыз деп атады да мерекеге айналдырды. Жәмшидтен соі мұны өзге патшалар және жәми жұрт мейрам ретінде қабылдайтын болды. Жұрттың айтуына қарағанда, Ажамның бірінші патшасы Каюмарс таққа отырғаннан кейін жылдың әр айы мен күндеріне ат қоюға және адамдар біліп отырсын деп арнайы жылнама әзірлеуге жарлық берген. осы мақсатпен ол таңғы мезетте Аптап Амал айының әуелгі (алғашқы) минөтіне енген күнді анықтап Ажам мубадтарына (игі жақсылықтарын) жинады да, олардың алдында бұдан былай жыл есебін осы күннен бастауды бұйырды. Ао олар бұл бұйрықты жер-жерге әрі қарай таратып әкетті. Сол заманның айтулы ғалымдары болған Ажам ілімдарларының айтуынша, көк жүзіндегі мүбәрак Изид он екі періштені жаратқан. Олардың төртеуін жын-перілерден қорғау үшін аспанға, ендігі төртеуін жын-перілерді қорғау үшін аспанға, ендігі төртеуін жын-перілерді Қап тауынан өткізбеу үшін аспанға, ендігі төртеуін аспан мен жер арасында жүріп адамдар ішінен жын-перілерді тазалап тұру үшін жіберді. Бұл періштелердің айтуына қарағанда, бұл дүние өзге бір дүниенің ішінде құдды бір ескі мекендегі жаңа үй сияқты. Изид тағала Күнді нұрдан жаратып, аспан, жерді онымен жарық қылған. Дүние халқы назарында Күн Изид тағалардан тараған нұр іспетті. Оны құдірет тұтып тағызым ете табынатынымыздың себебі, Күнді жаратарда Изид тағаланың оған деген ықылас-мерейі өзгелерге қарағанда өбірек болғанға ұқсайды. Бұған мынадай мысал келтіреді: бір ұлы патша өз халифаларының біріне айрықша құрмет көрсетсе, оны басқалар да осылай қадір тұтады және сол арқылы патшаның өзін құрметтейтін болады. Тағы бір мысалда былай делінеді: Изид тағала күннің нұры мен келтіретін пайдасы барлық нәрсеге тегін рә тиесілі деп, Күнге үнемі қозғалыста болуды бұйырады. Соған орай ол Амалдың басынан көрініп, зұлпат нұрдан айрылды, күндіз-түні пайда болды. Бұл дүниенің тарихы осылайша басталады. Соған орай ол Амалдың басынан көрініп,зұлмат нұрдан айрылды, күндіз-түні пайда болды. Бұл дүниенің тарихы осылайша басталады. Осыдан соң бір мың төрт жүз алпыс бір жыл өткесін Күн әлгі алғаш көрінген жеріне сол күні сол минөтте қайтып оралды. Осы мерзім ішінде Муштари Зухалмен жетпіс үш рет бірікті. Мұны, әдетте, «кіші қырғын» деп атайды. Бұл бірігу әрбір жиырма жылда қайталанады. Күн өзінің бір айналып шығуын аяқтап, өз орнына қайтып оралғанда Зухал мен уштари арасында Зухалдың қабат келген айында қосылады жіне бұл Мизан айына қарама-қарсы. Күннің бір айналып шығуы бірі анда, бірі мұнда демекші, біз ишара жасағандай және жұлдыздардың орналасар тұсы да біз көрсеткендей болады. Күн Амалдан шыққан мезгілде әрі Зухал да, Муштари де басқ жұлдыздармен бірге Изид тағаланың қалауынша тұрған сәтте дүние дидары өзгерді және жарық дүние жасанған, жасарған қалыпта жаңа нәрселер пайда болды. Ажам патшалары дәл осы күнді айрықша біліп, оны белгіліп, айдарлап қойды. Мұны баршаға мәлімдеп мейрам деп жариялады. Аңыздың айтуына қарағанда, Каюмарс жыл есебінің басталуы себепті бұл күнді жария еткенде, үш жүз алпыс бес күннен тұратын бұл жылды әрбіріне отыз күн бар он екі айға бөлді де, оларды Изид тағаланың өзі жаратқан өзі жаратқан он екі періштенің атымен атады. Кейін, ол үш жүз алпыс бес күннің (күндіз-түннің) ширегінен тұратын ұлы дәуірді «ұлы жыл» деп атады да оны төрт бөлікке бөлді. Үлкен жылдың төрт бөлігі өткенде үлкен Наурыз болады. Бұл кезде дүние жаңаланды. Патшалардың бір рәсімі бар: жыл басында олар жақсылыққа бағыштап, әрі жыл есебін белгілеп алу үшін, тыныштық өмір үшін баршға қатысты діни жиындар өткізулері лазым. Кімде-кім Наурыз мерекесінде қуанып жүрсе, келесі Наурызға дейін тыныш, бейғам ғұмыр кешеді. Патшалар үшін бұл күнді ғалымдр белгілеп берген. «Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010
08.10.2013 03:28 4238

Бұл кітапта Наурыз хақындағы ақиқат, Ажам патшалары дәуірінде оның қайсы күндері болғаны, қай патша жария еткені және неге онватап өткені, сондай-ақ сол кездегі патшалардың басқа да салт-әдеттері, өзге де іс-әрекеттері мен ұстанған жолдары баян етіледі.

Наурыздың жария етілуі себебін айтар болсақ, оны былайша түсіндіруге болады: Аптаның (күннің) екі айналуына орай, олардың бірі төмендегінше – Аптап әр үш жүз алпыс бес күн ішіндегі тәуліктің төрттен бірінде Амал айының бірінші минөтіне шығып кеткен кезінің өзінде тағы да орнына қайтып келеді және жыл сайын бұл кезең кеми береді.

Жәмшид бұл күнді түсінгеннен кейін оны Наурыз деп атады да мерекеге айналдырды. Жәмшидтен соі мұны өзге патшалар және жәми жұрт мейрам ретінде қабылдайтын болды.

Жұрттың айтуына қарағанда, Ажамның бірінші патшасы Каюмарс таққа отырғаннан кейін жылдың әр айы мен күндеріне ат қоюға және адамдар біліп отырсын деп арнайы жылнама әзірлеуге жарлық берген. осы мақсатпен ол таңғы мезетте Аптап Амал айының әуелгі (алғашқы) минөтіне енген күнді анықтап Ажам мубадтарына (игі жақсылықтарын) жинады да, олардың алдында бұдан былай жыл есебін осы күннен бастауды бұйырды. Ао олар бұл бұйрықты жер-жерге әрі қарай таратып әкетті.

Сол заманның айтулы ғалымдары болған Ажам ілімдарларының айтуынша, көк жүзіндегі мүбәрак Изид он екі періштені жаратқан. Олардың төртеуін жын-перілерден қорғау үшін аспанға, ендігі төртеуін жын-перілерді қорғау үшін аспанға, ендігі төртеуін жын-перілерді Қап тауынан өткізбеу үшін аспанға, ендігі төртеуін аспан мен жер арасында жүріп адамдар ішінен жын-перілерді тазалап тұру үшін жіберді. Бұл періштелердің айтуына қарағанда, бұл дүние өзге бір дүниенің ішінде құдды бір ескі мекендегі жаңа үй сияқты. Изид тағала Күнді нұрдан жаратып, аспан, жерді онымен жарық қылған. Дүние халқы назарында Күн Изид тағалардан тараған нұр іспетті. Оны құдірет тұтып тағызым ете табынатынымыздың себебі, Күнді жаратарда Изид тағаланың оған деген ықылас-мерейі өзгелерге қарағанда өбірек болғанға ұқсайды. Бұған мынадай мысал келтіреді: бір ұлы патша өз халифаларының біріне айрықша құрмет көрсетсе, оны басқалар да осылай қадір тұтады және сол арқылы патшаның өзін құрметтейтін болады.

Тағы бір мысалда былай делінеді: Изид тағала күннің нұры мен келтіретін пайдасы барлық нәрсеге тегін рә тиесілі деп, Күнге үнемі қозғалыста болуды бұйырады. Соған орай ол Амалдың басынан көрініп, зұлпат нұрдан айрылды, күндіз-түні пайда болды. Бұл дүниенің тарихы осылайша басталады. Соған орай ол Амалдың басынан көрініп,зұлмат нұрдан айрылды, күндіз-түні пайда болды. Бұл дүниенің тарихы осылайша басталады. Осыдан соң бір мың төрт жүз алпыс бір жыл өткесін Күн әлгі алғаш көрінген жеріне сол күні сол минөтте қайтып оралды. Осы мерзім ішінде Муштари Зухалмен жетпіс үш рет бірікті. Мұны, әдетте, «кіші қырғын» деп атайды. Бұл бірігу әрбір жиырма жылда қайталанады. Күн өзінің бір айналып шығуын аяқтап, өз орнына қайтып оралғанда Зухал мен уштари арасында Зухалдың қабат келген айында қосылады жіне бұл Мизан айына қарама-қарсы. Күннің бір айналып шығуы бірі анда, бірі мұнда демекші, біз ишара жасағандай және жұлдыздардың орналасар тұсы да біз көрсеткендей болады. Күн Амалдан шыққан мезгілде әрі Зухал да, Муштари де басқ жұлдыздармен бірге Изид тағаланың қалауынша тұрған сәтте дүние дидары өзгерді және жарық дүние жасанған, жасарған қалыпта жаңа нәрселер пайда болды. Ажам патшалары дәл осы күнді айрықша біліп, оны белгіліп, айдарлап қойды. Мұны баршаға мәлімдеп мейрам деп жариялады.

Аңыздың айтуына қарағанда, Каюмарс жыл есебінің басталуы себепті бұл күнді жария еткенде, үш жүз алпыс бес күннен тұратын бұл жылды әрбіріне отыз күн бар он екі айға бөлді де, оларды Изид тағаланың өзі жаратқан өзі жаратқан он екі періштенің атымен атады. Кейін, ол үш жүз алпыс бес күннің (күндіз-түннің) ширегінен тұратын ұлы дәуірді «ұлы жыл» деп атады да оны төрт бөлікке бөлді. Үлкен жылдың төрт бөлігі өткенде үлкен Наурыз болады. Бұл кезде дүние жаңаланды.

Патшалардың бір рәсімі бар: жыл басында олар жақсылыққа бағыштап, әрі жыл есебін белгілеп алу үшін, тыныштық өмір үшін баршға қатысты діни жиындар өткізулері лазым. Кімде-кім Наурыз мерекесінде қуанып жүрсе, келесі Наурызға дейін тыныш, бейғам ғұмыр кешеді. Патшалар үшін бұл күнді ғалымдр белгілеп берген.

«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға