Ұлыс күні неге міндетті түрде қазан пайдаланады?
Түске таман ауыл адамдарын нарқазан көтеріп от жағады. Қазанның басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны жоғары. Қазақ дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да (қымыздан басқасы) осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. «Қара» сөзі қасиетті, киелі, көне, берекелі деген ұғымды білдіреді. Қазан шойыннан құйылады, ұстағанға қолайлы төрт құлағы бар. Он екі қарыс қазан немесе тай қазан деп ең үлкенін атаған. Қазанды үш бұтты ошаққа немесе жерошаққа асады. Тұрғылықты жерде қазандыққа орнатылады. Көшпелі елде қазан қирамас үшін қалың кенеп, киізден арнаулы қазанғап жасайды. Қазан – тоқшылық пен бейбітшіліктің, ырыс-несібенің айғағы, қасиетті киелі ыдыс. Қазанын сындыру – отбасын ойрандау, қазанын төңкеру – аштықтың, масқаралаудың белгісі. «Жеті жарғыда» өлім жазасына кесілген жан жеті айып төлеп құтыла алады. Оның біріншісі – қара қазан төлеу. Абылай хан Көкшетаудан көшкенде арғын Бекболат бидің қуып келетінін біоіп, өз қара қазанын жұртына тастап кетуінде үлкен философиялық ой толғам бар еді.оны зерделі би бекболат дәл шешіп атыныңбасының артын тартқан. Ежелгі қуатты сақ елінің бірлігі бұзылып, ішін алауыздық жайлаған кезінде, ел көсемдері халықтың басын біріктіру үшін үлкен қазан құюға бұйырады. Сақ сарбаздары жебелерінің мыс масағын жинатып, содан нарқазан құяды.сол қазанға пісіріліп тартылатын тағамнан дәм тартқан сақтар өзара өкпе-наздарын ұмытып, қазан асып от басында қайтадан татуласып, осылайша ел бірлігі сақталып қалған екен. Көне ертегі жырларда алтын қазан іздеу салты кездеседі. Сөз тыңда, құлақ салып, балам, маған, Астында дарияның алтын қазан. Әкелесің сол қазанды ерлік қылып, Беремін Күнсұлуды қосып саған... Бұл жөнінде академик Ә.Марғұлан: «Құламерген» жырында теңіз астынан қазан іздеу тайпалар одағының бірлігін сипаттайды. Қазан мықты болса, ел де мықты. Қазан – шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса, ел де құриды», - деп жазады. Осы бір аңыз-әңгімелердегі айтылған ойдың тобықтай түйіні тіліміздегі «қара қазан, сар баланың қамы үшін» деген сөзде сақталған. Тарихқа көз жүгіртсек, жылына бір рет ас пісіріп, қалың бұқараға дәм таттырту дәстүрі қазақ хандарының тұсында»шүлен тарату» деп атаған. «Шүлен» сөзі – мырзалықтың, берегендіктің баламасы, қазақта қолы ашық, кең, мол адамды «өзі бір шүлен адам» деген екен. Ақсүйек қолбасшысы темір заманында мешіт күмбезінің астында мыс қазанға ет пісіріп, «шүлен» тарататындығы жазылған. «Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010Түске таман ауыл адамдарын нарқазан көтеріп от жағады. Қазанның басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны жоғары. Қазақ дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да (қымыздан басқасы) осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. «Қара» сөзі қасиетті, киелі, көне, берекелі деген ұғымды білдіреді.
Қазан шойыннан құйылады, ұстағанға қолайлы төрт құлағы бар. Он екі қарыс қазан немесе тай қазан деп ең үлкенін атаған.
Қазанды үш бұтты ошаққа немесе жерошаққа асады. Тұрғылықты жерде қазандыққа орнатылады. Көшпелі елде қазан қирамас үшін қалың кенеп, киізден арнаулы қазанғап жасайды.
Қазан – тоқшылық пен бейбітшіліктің, ырыс-несібенің айғағы, қасиетті киелі ыдыс.
Қазанын сындыру – отбасын ойрандау, қазанын төңкеру – аштықтың, масқаралаудың белгісі. «Жеті жарғыда» өлім жазасына кесілген жан жеті айып төлеп құтыла алады. Оның біріншісі – қара қазан төлеу.
Абылай хан Көкшетаудан көшкенде арғын Бекболат бидің қуып келетінін біоіп, өз қара қазанын жұртына тастап кетуінде үлкен философиялық ой толғам бар еді.оны зерделі би бекболат дәл шешіп атыныңбасының артын тартқан.
Ежелгі қуатты сақ елінің бірлігі бұзылып, ішін алауыздық жайлаған кезінде, ел көсемдері халықтың басын біріктіру үшін үлкен қазан құюға бұйырады. Сақ сарбаздары жебелерінің мыс масағын жинатып, содан нарқазан құяды.сол қазанға пісіріліп тартылатын тағамнан дәм тартқан сақтар өзара өкпе-наздарын ұмытып, қазан асып от басында қайтадан татуласып, осылайша ел бірлігі сақталып қалған екен. Көне ертегі жырларда алтын қазан іздеу салты кездеседі.
Сөз тыңда, құлақ салып, балам, маған,
Астында дарияның алтын қазан.
Әкелесің сол қазанды ерлік қылып,
Беремін Күнсұлуды қосып саған...
Бұл жөнінде академик Ә.Марғұлан: «Құламерген» жырында теңіз астынан қазан іздеу тайпалар одағының бірлігін сипаттайды. Қазан мықты болса, ел де мықты. Қазан – шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса, ел де құриды», - деп жазады. Осы бір аңыз-әңгімелердегі айтылған ойдың тобықтай түйіні тіліміздегі «қара қазан, сар баланың қамы үшін» деген сөзде сақталған.
Тарихқа көз жүгіртсек, жылына бір рет ас пісіріп, қалың бұқараға дәм таттырту дәстүрі қазақ хандарының тұсында»шүлен тарату» деп атаған. «Шүлен» сөзі – мырзалықтың, берегендіктің баламасы, қазақта қолы ашық, кең, мол адамды «өзі бір шүлен адам» деген екен.
Ақсүйек қолбасшысы темір заманында мешіт күмбезінің астында мыс қазанға ет пісіріп, «шүлен» тарататындығы жазылған.
«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010
