«Астана Опера» театрында операның үздіктері ән шырқайды
9 Қазанда «АСТАНА ОПЕРА» театрының камералық залында жоғары өнерді сүйер қауым үшін «Астана Опера ұсынады» («New age of classics») атты абонементтер топтамасының аясында ғажайып классикалық музыкадан «№1 концерт» өтеді. Бұл туралы осы театрдың баспасөз қызметі мәлімдеді. Операның үздік әншілері жақында ғана есігін ашқан залда өнер көрсетеді. Концертке қатысатын белгілі опера солисттері Жаннат Бақтай, Айгүл Ниязова, Әлфия Кәрімова, Гүлзат Дауырбаева, Дина Хамзина, Жанат Шыбықпаев, Талғат Мұсабаев, Байғали Момбеков, Маргарита Дворецкая. Концерт бағдарламасында 27 жасында ҚазҰӨУ «Вокалдық өнер және хорға дирижерлық ету» кафедрасының меңгерушісі атанған, атақты баритон Азамат Жылтыркөзов және басқалары ән шырқайды. «Еліміздің ұлттық дәулеті мұнай мен алтын ғана емес, бірінші кезекте, бұл тамаша дауысты иеленген дарындарымыз. Ұлттық мақтанышымыз – бұл Қазақстанның үздік дауыстары», - екенін «АСТАНА ОПЕРА» театры опералық труппасының көркемдік жетекшісі, Татарстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері Гюзель Хайбулина атап өтті. Кеште В. А. Моцарт, Р. Вагнер, А. Бойто, Дж. Верди, Дж. Россини, Ж. Массне, П. Чайковский және басқаларының шығармалары шырқалады. BAQ.KZ
9 Қазанда «АСТАНА ОПЕРА» театрының камералық залында жоғары өнерді сүйер қауым үшін «Астана Опера ұсынады» («New age of classics») атты абонементтер топтамасының аясында ғажайып классикалық музыкадан «№1 концерт» өтеді. Бұл туралы осы театрдың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Операның үздік әншілері жақында ғана есігін ашқан залда өнер көрсетеді. Концертке қатысатын белгілі опера солисттері Жаннат Бақтай, Айгүл Ниязова, Әлфия Кәрімова, Гүлзат Дауырбаева, Дина Хамзина, Жанат Шыбықпаев, Талғат Мұсабаев, Байғали Момбеков, Маргарита Дворецкая. Концерт бағдарламасында 27 жасында ҚазҰӨУ «Вокалдық өнер және хорға дирижерлық ету» кафедрасының меңгерушісі атанған, атақты баритон Азамат Жылтыркөзов және басқалары ән шырқайды.
«Еліміздің ұлттық дәулеті мұнай мен алтын ғана емес, бірінші кезекте, бұл тамаша дауысты иеленген дарындарымыз. Ұлттық мақтанышымыз – бұл Қазақстанның үздік дауыстары», - екенін «АСТАНА ОПЕРА» театры опералық труппасының көркемдік жетекшісі, Татарстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері Гюзель Хайбулина атап өтті.
Кеште В. А. Моцарт, Р. Вагнер, А. Бойто, Дж. Верди, Дж. Россини, Ж. Массне, П. Чайковский және басқаларының шығармалары шырқалады.
BAQ.KZ
