Қазақстандық гроссмейстер Санк-Петербургте өткен турнирде бірінші орын алды
Қазақстандық шахматшы Ринат Жұмабаев Санк-Петербургте өткен блицтурнирде бірінші орын алды, деп хабарлайды «Қазақстан 2050» Стратегиясы» сайты. «24 жастағы Павлодардың тумасы Ринат Жұмабаев бүгінде халықаралық гроссмейстер және еліміздің ең мықты шахматшыларының бірі саналады»,- делінген Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында. Өз кезегінде, екінші және үшінші орынды Ресей елінің өкілдері иеленді. «Барлығы жарысқа 155 шахматшы қатысты, соның ішінде 32 гроссмейстер бар. Қазақстанның намысын бес шахматшы қорғады»,- делінген хабарламада. Блицтурнир М.И.Чигорин мемориалы аясында өткізілді. Чигорин мемориалы 4 қазаннан бастап 14 қазанға дейін созылатын Ресей Федерациясы шахмат кубогының кезеңі болып табылады. BNews.kz
Қазақстандық шахматшы Ринат Жұмабаев Санк-Петербургте өткен блицтурнирде бірінші орын алды, деп хабарлайды «Қазақстан 2050» Стратегиясы» сайты.
«24 жастағы Павлодардың тумасы Ринат Жұмабаев бүгінде халықаралық гроссмейстер және еліміздің ең мықты шахматшыларының бірі саналады»,- делінген Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өз кезегінде, екінші және үшінші орынды Ресей елінің өкілдері иеленді.
«Барлығы жарысқа 155 шахматшы қатысты, соның ішінде 32 гроссмейстер бар. Қазақстанның намысын бес шахматшы қорғады»,- делінген хабарламада.
Блицтурнир М.И.Чигорин мемориалы аясында өткізілді. Чигорин мемориалы 4 қазаннан бастап 14 қазанға дейін созылатын Ресей Федерациясы шахмат кубогының кезеңі болып табылады.
BNews.kz
