Жаңалықтар

Алматыда Қазақ экономикалық университеті 50 жылдығын атап өтті

Алматыда Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті 50 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің 50 жылдығына арналған іс-шараға қатысты. Қала басшысы жоғары оқу орнының профессор-оқытушы құрамы мен студенттерді мерейтоймен құттықтады. Өз сөзінде қала әкімі Алматыны республикамыздың қаржы орталығы саналатынын атап өтті.  «Қала кәсіпорындарына әр уақытта кәсіби мамандар қажет. Тек жоғары білім деңгейінің негізінде экономика құрылымын қайта құруға, өндірісті жаңдандыруға, еліміздің қарқынды дамуына жағдай жасауға болады»,- деді құттықтау сөзінде қала әкімі. А. Есімовтің айтуынша, университет жыл сайын үш мыңнан астам жас мамандарды экономика мен қаржы саласында даярлап шығарады. Олардың басым көпшілігі өз білімдерін республика қалаларының кәсіпорындарында шыңдайды.
07.10.2013 04:39 4249

Алматыда Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті 50 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің 50 жылдығына арналған іс-шараға қатысты. Қала басшысы жоғары оқу орнының профессор-оқытушы құрамы мен студенттерді мерейтоймен құттықтады. Өз сөзінде қала әкімі Алматыны республикамыздың қаржы орталығы саналатынын атап өтті. 

«Қала кәсіпорындарына әр уақытта кәсіби мамандар қажет. Тек жоғары білім деңгейінің негізінде экономика құрылымын қайта құруға, өндірісті жаңдандыруға, еліміздің қарқынды дамуына жағдай жасауға болады»,- деді құттықтау сөзінде қала әкімі.

А. Есімовтің айтуынша, университет жыл сайын үш мыңнан астам жас мамандарды экономика мен қаржы саласында даярлап шығарады. Олардың басым көпшілігі өз білімдерін республика қалаларының кәсіпорындарында шыңдайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға