Максим Иглинский «Алматы турының» жеңімпазы атанды
Алматыда халықаралық деңгейдегі веложарыс аяқталды, оған әлемнің 150-ге тарта спортшысы қатысты. Турнирде «Астана» велокомандасының спортшысы Максим Иглинский жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Қазақстандық кәсіпқой велошабандоз, жеке жарыстан 2006 жылғы және топтық жарыстан 2007 жылғы Қазақстан чемпионы, 2004 және 2008 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы, «Astana Proteam» командасының велошабандозы Максим Иглинский Әл-Фараби даңғылынан Алматы Шығыс Айналма автожолына дейінгі қашықтықты 30 градус ыстықта еш қиындықсыз 5 рет айналып өтіп, жеңімпаз атанды. Ол 15 мың еуро алады. «Веложарыс қашықтығы ауа райының қолайсыздығы мен «Евроспорт» телеарнасындағы тікелей көрсетілімнің шектелуіне байланысты 186 км-ден 156 км-ге дейін қысқартылды», - деп атап өтті Олимпиада чемпионы Александр Винокуров.
Алматыда халықаралық деңгейдегі веложарыс аяқталды, оған әлемнің 150-ге тарта спортшысы қатысты. Турнирде «Астана» велокомандасының спортшысы Максим Иглинский жеңімпаз атанды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Қазақстандық кәсіпқой велошабандоз, жеке жарыстан 2006 жылғы және топтық жарыстан 2007 жылғы Қазақстан чемпионы, 2004 және 2008 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы, «Astana Proteam» командасының велошабандозы Максим Иглинский Әл-Фараби даңғылынан Алматы Шығыс Айналма автожолына дейінгі қашықтықты 30 градус ыстықта еш қиындықсыз 5 рет айналып өтіп, жеңімпаз атанды. Ол 15 мың еуро алады.
«Веложарыс қашықтығы ауа райының қолайсыздығы мен «Евроспорт» телеарнасындағы тікелей көрсетілімнің шектелуіне байланысты 186 км-ден 156 км-ге дейін қысқартылды», - деп атап өтті Олимпиада чемпионы Александр Винокуров.
