Дзюдодан халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар жеңіске жетті
Өзбекстан астанасында дзюдодан Ташкент Гран-Приі халықаралық турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды Sports.kz. «78 келі салмақ дәрежесінде Г.Исанова «алтын» алса, А.Подрядова (48 келі) екінші орынды жеңіп алды. 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Н. Кубашева, М.Урдабаева (63 келі) мен А. Амангельдиева (78 келі) қола алды»,-деп жазылған хабарламада. Ал ерлер болса 5-ші орынға табан тіреді.
07.10.2013 02:48
2840
Өзбекстан астанасында дзюдодан Ташкент Гран-Приі халықаралық турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды Sports.kz.
«78 келі салмақ дәрежесінде Г.Исанова «алтын» алса, А.Подрядова (48 келі) екінші орынды жеңіп алды. 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Н. Кубашева, М.Урдабаева (63 келі) мен А. Амангельдиева (78 келі) қола алды»,-деп жазылған хабарламада.
Ал ерлер болса 5-ші орынға табан тіреді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
М.Аязбаев: Біз жеңіске дайынбыз
Келесі жаңалық
Түркістанда тұрғындар жаппай сушиден уланды