Жаңалықтар

Әлемдегі адал ел

Меніңше, ол жан тазалығынан туындайтын қастерлі қасиет. Адал болудың өзі – абырой. Екінің бірі демесек те қолы таза, жүрегі жылы, үнемі өзгенің қамын ойлайтын адамдар баршылық. Қазіргідей қарбалас заманда көшедегі көзге түскен ақша немесе бағалы бұйымды иесіне кез келген кісінің қайтарып беруі екіталай. Сондықтан «Адалдық – ардың ісі дегенді халқымыз бекер айтпаған. «Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді» дегенді де ұрпағына өсиет еткен ұлтпыз. Содан болар, ертеректе аға буын қазіргі қазақ ұрпағынан анағұрлым адал болғаны анық. Ертеректе адамдардың үйіне құлып салмай-ақ, көз қырын салып қоюды көрші-қолаңға тапсырып кете беретіні осыған дәлел. Түнде де есігін ілмей ұйықтай беретін. Жоғалтқан заты табылатындығына кәміл сенетін. Ал тосын олжаны тапқан кісі күндердің-күнінде иесі табыларына үміттеніп, қолындағы бұйымды сары майдай сақтайтын. Дерек пен дәйек: (Тауып алған әмияндардың иесіне қайтару көрсеткіші) 1. Хельсинки, Финляндия — 12 әмиянның 11-і. 2. Мумбаи, Үндістан – 8 3. Будапешт, Венгрия — 8 4. Нью-Йорк, АҚШ — 8 5. Мәскеу, Ресей — 7 6. Амстердам, Нидерланды — 7 7. Берлин, Германия — 6 8. Любляна, Словения — 6 9. Лондон, Ұлыбритания — 5 10. Варшава, Польша — 5 11. Бухарест, Румыния — 4 12. Рио-де-Жанейро, Бразилия — 4 13. Цюрих, Швейцария — 4 14. Прага, Чехия — 3 15. Мадрид, Испания — 2 16. Лиссабон, Португалия — 1 Әрине, «бүгінгі ұрпақтың қолы таза емес» деуден аулақпыз. Бірді-екілі адамдардың ірі сомада ақша, бағалы құжаттарды тауып алып тиісті орындарға тапсырып, алғыс арқалағандары ұшырасады. Алайда қазақ жұрты әлем халықтары арасында адалдығы жағынан қай орында? Бұл сауал бәрімізді ойландырары анық. Жақында интернетте қызық дерек жарияланды. Халықаралық «Reader’s Digest» журналы саябақтар мен жаяу жүргіншілер жолына, сауда орталықтарына жақын көшелерге 12 әмиян тастап, тәжірибе жасаған. Әр әмиянның ішінде жергілікті валютамен 50 АҚШ доллары шамасында ақша, зат иесінің суреті, телефон нөмірі жазылған қағаз салынған. Журнал қызметкерлері әмиянды тауып алған адамның әрекетін алыстан бақылаған. Осындай зерттеу нәтижесінде ең адал адамдар көп тұратын жер ретінде Хельсинки қаласының аты аталды. Финляндия астанасында «жерге түсіп қалған» 12 әмиянның 11-і «иесіне» қайтарылған. Бұған қарама-қарсы мысал: Португалия астанасы Лиссабонда 12 әмиянның біреуі ғана иесін тапқан. Оның өзі осында қыдырып келген нидерландтық ерлі-зайыпты болып шығыпты. Жалпы, көшеге тасталған әмияндардың 47 пайызы қайтарылса, 53 пайызы «тапқан тапқандікі, ешкі баққандікі» болып шыққан. Ал 12 әмиянның жетеуін қайтарған Мәскеу 16 елдің ішінде 6-орынды иеленген. Сонда финдердің бойында тым адал қасиет қалай қалыптасқан? Ұяттың бірінші орында тұруына себепші не? Осындай сауалдарға жауап іздеген мамандар: «Адамдардың адалдығына елдегі экономика деңгейі ықпал етуі мүмкін» деген пікір білдірді. Мысалы, «Адал адамдардың отаны» саналған Финляндия экономикасында түйінді мәселелер жоқ екен. Жұмыссыздық деңгейі 7 пайыз. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, тапқан затын иемденіп кетуге құштар Португалияны үш жылдан бері дағдарыс меңдеп тұр. Жұмыссыздық 17 пайыздан асады. Жартылай жалаңаш, ашқұрсақ жүрген адамдардан қалай адалдық күтуге болады? Енді әлемді аузына қаратқан Финляндия қандай ел, тұрғындары неге адал дегенге келейік. Тәуелсіздігін 1917 жылы 6 желтоқсанда алған (Ресейден) мемлекет 10 миллионның үстінде халқы бар, жер шарында тыныштық орнаған, жүйке жұқартпайтын, адамдары адал өмір сүруге бейімделген бірден-бір ел. Әлемдегі түрлі тәжірибені үйренуге еліктейтін қазақ үшін Финляндия тұрғындарынан адалдық атты абыройлы қасиетті үйренсе, айып болмас еді. Финляндия республикасы Еуропаның солтүстігінде орналасқан. 2010 жылы «Әлемнің үздік елі» атанса, 2012 жылы «Әлемдегі ең тұрақты ел» мәртебесін иеленді. «Балаларды құтқарыңдар!» деп аталатын әлемдік ұйымның биылғы баяндамасында Финляндия аналарға жағдай жасалған бірден-бір мемлекет ретінде көзге түсті. Әлемдік экономикалық форум ұйғарымымен Финляндия биыл Швейцария мен Сингапурден кейінгі жедел дамыған үшінші ел ретінде тіркелді. «Gallup» компаниясының зерттеулеріне қарағанда, фин халқының 32 пайызы болашаққа зор сеніммен қарайды. «Финдер жері» деген мағына беретін елдің тұрғындары өздерінің тамаша тіршілігіне дән риза. Осы өңірге адамдардың тұңғыш рет табан тіреуі мұзды дәуірдің соңында тіркелген көрінеді. Бұл мемлекет орыс үстемдігінің зардабын тартқан. 1808 жылы ресей армиясы Финляндияның оңтүстік шығысына басып кіреді. 1809 жылы 15 наурызда Ресей императоры Финляндияның мемлекеттік құрылымы туралы Манифестке қол қояды. Дерек пен дәйек: АҚШ-тың Бейкер-Сити қаласында тұратын 78 жастағы Билл Фултон 63 жыл бұрын жоғалтып алған әмиянын тапты. Оның ішінде Фултонның студенттік билеті мен кезіндегі азын-аулақ ақшасы ғана болмай шықты. Қалған құжаттары сол күйі сақталған.Ол 15 жасында құжатын кездейсоқ жоғалтып алған. Әмиян мектептің спорт залында түсіп қалыпты. Арада ұзақ жыл өткенде былғары портмонені спорт залға жөндеу жүргізген жұмысшылар тауып алады. Оқу орнының хатшысы табылған затқа тарихи маңыз беріп, оның иесін анықтауды ұйғарған. Билл Фултон әмияндағы әлеуметтік картасы мен лицензияны көріп, өз заттарын берден таныған. 2004 жылы Швеция тұрғыны Джулия Вильборг есімді әйелге әлдекімдер 40 жыл бұрын жоғалтқан әмиянын ақшасымен қайтарып беріпті. Неміс халқы да өте жауапты. Алайда зат жоғалтуда алда келеді екен. Айталық, Гамбург қаласында 40 мыңнан астам зат жоғалса, оның ең көбі әмиян, қалта телефоны, тіпті 1500 велосипед те арнаулы орында иесін күтіп тұр. Бұйымдардың арасында мүгедектерге арналған арбалар да бар көрінеді. 1899 жылы орыс саясатына наразылық күшейді.1919 жылғы Қазан төңкерісінен кейін ғана ұзақ күткен тәуелсіздігін алды. 1918 жылы 9 қазанда Финляндия Королдігі жарияланады. Арада бір жарым жыл өткенде Финляндия республикасы өмірге жаңаша қадам басты. Алғаш рет президент сайлауы өтіп, билікке Каарло Юхо Стольберг келеді. Тек 1920 жылдан кейін ғана шуақты өмір кеше бастаған финдер жылдар өте зор жетістіктерге жетті. Бірақ 1939 жылы тағы да соғыстың зардабын көрді. Қанды қырғын барысында жерінің бір бөлігінен ажырады. Тек тарихта «Ұлы Отан соғысы» деген атпен қалған қиян-кескі соғыстан кейін ғана жайлы өмірге бет бұрды. 1952 жылы Финляндияда жазғы Олимпияда ойындарының өтуі тарихи оқиға болды. 1956 жылы президент болып сайланған Урхо Кекконен елді дамытуға ширек ғасырын арнады. 1991 жылы Кеңестер Одағының ыдырауы фин халқына экономикалық жағынан әсер етті. Тек 1995 жылы Финляндия Еуропалық одаққа өтіп, қиындықтан шығу жолын іздеді. Экономикасы өрлеген, тіршілігі түзу жұрттың адалдыққа бет бұруында да мән бар. Тамаша тіршіліктен рахаттанған халық бос уақытын баршаға ортақ пайдалы шараларға арнайды. Мысалы, жыл сайын тамыз айында бау-бақша күні аталып өтіледі. 31 тамызда «Фин табиғаты» күні де тойланады. Қай мерекені алсаңыз да елге ортақ іс-шара екендігін байқайсыз. Бәрі мемлекеттің мүддесін көздейді, жұртты жақсылыққа жұмылдырады, болашаққа ұмтылдырады. Бүгінде Финляндияда 5 429 894 адам тұрады. Халықтың 70 пайызы қалада. Соған қарамастан елдегі тіршілік – фермерлерге, шағын кәсіп иелеріне керемет жағдай жасалуынан көп нәрседен тарықпай отыр. Өмір сүруге жақсы жағдай жасалғандықтан да болар, осында тұрақтап қалғысы келетін шетел азаматтары да көп. Олар осы елдің заңдарына бағынып, мемлекетке қалтқысыз қызмет етуге дағдыланған. Халықтың 91,5 пайызы ана тілінде сөйлейді. Ауруханаларда тегін қызмет көрсетуді мемлекет өз мойнына алған. Көптеген дәрі-дәрмек ел тұрғындары үшін тегін. Магнитті және компьютерлік томограф әр ауданда бар. Іздеген нәрсең, жаныңнан табылады. Міне, сәні мен сәулеті және дәулеті жарасқан мемлекетте адалдық әрдайым алғашқы орында тұр. Бізге де осындай адалдықты үйрену керек-ақ... Baq.kz
04.10.2013 04:03 4244

 Меніңше, ол жан тазалығынан туындайтын қастерлі қасиет. Адал болудың өзі – абырой. Екінің бірі демесек те қолы таза, жүрегі жылы, үнемі өзгенің қамын ойлайтын адамдар баршылық.

Қазіргідей қарбалас заманда көшедегі көзге түскен ақша немесе бағалы бұйымды иесіне кез келген кісінің қайтарып беруі екіталай. Сондықтан «Адалдық – ардың ісі дегенді халқымыз бекер айтпаған. «Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді» дегенді де ұрпағына өсиет еткен ұлтпыз. Содан болар, ертеректе аға буын қазіргі қазақ ұрпағынан анағұрлым адал болғаны анық. Ертеректе адамдардың үйіне құлып салмай-ақ, көз қырын салып қоюды көрші-қолаңға тапсырып кете беретіні осыған дәлел. Түнде де есігін ілмей ұйықтай беретін. Жоғалтқан заты табылатындығына кәміл сенетін. Ал тосын олжаны тапқан кісі күндердің-күнінде иесі табыларына үміттеніп, қолындағы бұйымды сары майдай сақтайтын.

Дерек пен дәйек:
(Тауып алған әмияндардың иесіне қайтару көрсеткіші)

1. Хельсинки, Финляндия — 12 әмиянның 11-і.
2. Мумбаи, Үндістан – 8
3. Будапешт, Венгрия — 8
4. Нью-Йорк, АҚШ — 8
5. Мәскеу, Ресей — 7
6. Амстердам, Нидерланды — 7
7. Берлин, Германия — 6
8. Любляна, Словения — 6
9. Лондон, Ұлыбритания — 5
10. Варшава, Польша — 5
11. Бухарест, Румыния — 4
12. Рио-де-Жанейро,
Бразилия — 4
13. Цюрих, Швейцария — 4
14. Прага, Чехия — 3
15. Мадрид, Испания — 2
16. Лиссабон, Португалия — 1

Әрине, «бүгінгі ұрпақтың қолы таза емес» деуден аулақпыз. Бірді-екілі адамдардың ірі сомада ақша, бағалы құжаттарды тауып алып тиісті орындарға тапсырып, алғыс арқалағандары ұшырасады. Алайда қазақ жұрты әлем халықтары арасында адалдығы жағынан қай орында? Бұл сауал бәрімізді ойландырары анық. Жақында интернетте қызық дерек жарияланды. Халықаралық «Reader’s Digest» журналы саябақтар мен жаяу жүргіншілер жолына, сауда орталықтарына жақын көшелерге 12 әмиян тастап, тәжірибе жасаған. Әр әмиянның ішінде жергілікті валютамен 50 АҚШ доллары шамасында ақша, зат иесінің суреті, телефон нөмірі жазылған қағаз салынған. Журнал қызметкерлері әмиянды тауып алған адамның әрекетін алыстан бақылаған. Осындай зерттеу нәтижесінде ең адал адамдар көп тұратын жер ретінде Хельсинки қаласының аты аталды. Финляндия астанасында «жерге түсіп қалған» 12 әмиянның 11-і «иесіне» қайтарылған. Бұған қарама-қарсы мысал: Португалия астанасы Лиссабонда 12 әмиянның біреуі ғана иесін тапқан. Оның өзі осында қыдырып келген нидерландтық ерлі-зайыпты болып шығыпты.
Жалпы, көшеге тасталған әмияндардың 47 пайызы қайтарылса, 53 пайызы «тапқан тапқандікі, ешкі баққандікі» болып шыққан. Ал 12 әмиянның жетеуін қайтарған Мәскеу 16 елдің ішінде 6-орынды иеленген.
Сонда финдердің бойында тым адал қасиет қалай қалыптасқан? Ұяттың бірінші орында тұруына себепші не? Осындай сауалдарға жауап іздеген мамандар: «Адамдардың адалдығына елдегі экономика деңгейі ықпал етуі мүмкін» деген пікір білдірді. Мысалы, «Адал адамдардың отаны» саналған Финляндия экономикасында түйінді мәселелер жоқ екен. Жұмыссыздық деңгейі 7 пайыз. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, тапқан затын иемденіп кетуге құштар Португалияны үш жылдан бері дағдарыс меңдеп тұр. Жұмыссыздық 17 пайыздан асады. Жартылай жалаңаш, ашқұрсақ жүрген адамдардан қалай адалдық күтуге болады?
Енді әлемді аузына қаратқан Финляндия қандай ел, тұрғындары неге адал дегенге келейік. Тәуелсіздігін 1917 жылы 6 желтоқсанда алған (Ресейден) мемлекет 10 миллионның үстінде халқы бар, жер шарында тыныштық орнаған, жүйке жұқартпайтын, адамдары адал өмір сүруге бейімделген бірден-бір ел. Әлемдегі түрлі тәжірибені үйренуге еліктейтін қазақ үшін Финляндия тұрғындарынан адалдық атты абыройлы қасиетті үйренсе, айып болмас еді. Финляндия республикасы Еуропаның солтүстігінде орналасқан. 2010 жылы «Әлемнің үздік елі» атанса, 2012 жылы «Әлемдегі ең тұрақты ел» мәртебесін иеленді. «Балаларды құтқарыңдар!» деп аталатын әлемдік ұйымның биылғы баяндамасында Финляндия аналарға жағдай жасалған бірден-бір мемлекет ретінде көзге түсті.
Әлемдік экономикалық форум ұйғарымымен Финляндия биыл Швейцария мен Сингапурден кейінгі жедел дамыған үшінші ел ретінде тіркелді. «Gallup» компаниясының зерттеулеріне қарағанда, фин халқының 32 пайызы болашаққа зор сеніммен қарайды. «Финдер жері» деген мағына беретін елдің тұрғындары өздерінің тамаша тіршілігіне дән риза. Осы өңірге адамдардың тұңғыш рет табан тіреуі мұзды дәуірдің соңында тіркелген көрінеді. Бұл мемлекет орыс үстемдігінің зардабын тартқан. 1808 жылы ресей армиясы Финляндияның оңтүстік шығысына басып кіреді. 1809 жылы 15 наурызда Ресей императоры Финляндияның мемлекеттік құрылымы туралы Манифестке қол қояды.

Дерек пен дәйек:
АҚШ-тың Бейкер-Сити қаласында тұратын 78 жастағы Билл Фултон 63 жыл бұрын жоғалтып алған әмиянын тапты. Оның ішінде Фултонның студенттік билеті мен кезіндегі азын-аулақ ақшасы ғана болмай шықты. Қалған құжаттары сол күйі сақталған.Ол 15 жасында құжатын кездейсоқ жоғалтып алған. Әмиян мектептің спорт залында түсіп қалыпты. Арада ұзақ жыл өткенде былғары портмонені спорт залға жөндеу жүргізген жұмысшылар тауып алады. Оқу орнының хатшысы табылған затқа тарихи маңыз беріп, оның иесін анықтауды ұйғарған. Билл Фултон әмияндағы әлеуметтік картасы мен лицензияны көріп, өз заттарын берден таныған. 2004 жылы Швеция тұрғыны Джулия Вильборг есімді әйелге әлдекімдер 40 жыл бұрын жоғалтқан әмиянын ақшасымен қайтарып беріпті. Неміс халқы да өте жауапты. Алайда зат жоғалтуда алда келеді екен. Айталық, Гамбург қаласында 40 мыңнан астам зат жоғалса, оның ең көбі әмиян, қалта телефоны, тіпті 1500 велосипед те арнаулы орында иесін күтіп тұр. Бұйымдардың арасында мүгедектерге арналған арбалар да бар көрінеді.

1899 жылы орыс саясатына наразылық күшейді.1919 жылғы Қазан төңкерісінен кейін ғана ұзақ күткен тәуелсіздігін алды. 1918 жылы 9 қазанда Финляндия Королдігі жарияланады. Арада бір жарым жыл өткенде Финляндия республикасы өмірге жаңаша қадам басты. Алғаш рет президент сайлауы өтіп, билікке Каарло Юхо Стольберг келеді. Тек 1920 жылдан кейін ғана шуақты өмір кеше бастаған финдер жылдар өте зор жетістіктерге жетті. Бірақ 1939 жылы тағы да соғыстың зардабын көрді. Қанды қырғын барысында жерінің бір бөлігінен ажырады. Тек тарихта «Ұлы Отан соғысы» деген атпен қалған қиян-кескі соғыстан кейін ғана жайлы өмірге бет бұрды. 1952 жылы Финляндияда жазғы Олимпияда ойындарының өтуі тарихи оқиға болды. 1956 жылы президент болып сайланған Урхо Кекконен елді дамытуға ширек ғасырын арнады. 1991 жылы Кеңестер Одағының ыдырауы фин халқына экономикалық жағынан әсер етті. Тек 1995 жылы Финляндия Еуропалық одаққа өтіп, қиындықтан шығу жолын іздеді. Экономикасы өрлеген, тіршілігі түзу жұрттың адалдыққа бет бұруында да мән бар. Тамаша тіршіліктен рахаттанған халық бос уақытын баршаға ортақ пайдалы шараларға арнайды. Мысалы, жыл сайын тамыз айында бау-бақша күні аталып өтіледі. 31 тамызда «Фин табиғаты» күні де тойланады. Қай мерекені алсаңыз да елге ортақ іс-шара екендігін байқайсыз. Бәрі мемлекеттің мүддесін көздейді, жұртты жақсылыққа жұмылдырады, болашаққа ұмтылдырады.
Бүгінде Финляндияда 5 429 894 адам тұрады. Халықтың 70 пайызы қалада. Соған қарамастан елдегі тіршілік – фермерлерге, шағын кәсіп иелеріне керемет жағдай жасалуынан көп нәрседен тарықпай отыр. Өмір сүруге жақсы жағдай жасалғандықтан да болар, осында тұрақтап қалғысы келетін шетел азаматтары да көп. Олар осы елдің заңдарына бағынып, мемлекетке қалтқысыз қызмет етуге дағдыланған. Халықтың 91,5 пайызы ана тілінде сөйлейді. Ауруханаларда тегін қызмет көрсетуді мемлекет өз мойнына алған. Көптеген дәрі-дәрмек ел тұрғындары үшін тегін. Магнитті және компьютерлік томограф әр ауданда бар. Іздеген нәрсең, жаныңнан табылады. Міне, сәні мен сәулеті және дәулеті жарасқан мемлекетте адалдық әрдайым алғашқы орында тұр.
Бізге де осындай адалдықты үйрену керек-ақ...

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға