Жаңалықтар

Ерлан Елеусінов

Ол голды аз соқса да, өз міндетін абыройлы атқаратын. Оның алаңдағы негізгі міндеті сол қапталдағы қорғаушы. Қазақстан біріншілігінде 398 матч өткізген, еліміздегі танымал қорғаушылардың бірі –Ерлан Елеусінов. Ерлан Өмірзақұлы Елеусінов 1972 жылы, 2 шілде күні Тараз қаласында дүниеге келген. Спорт интернатын бітірген соң, КСРО чемпионатының Бірінші лигасында өнер көрсететін «Олимпия» командасына алынды. Одан кейін отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылады. Әскерилер арасында бір матчта Воит Талгаевқа жас футболшының қимылы ерекше әсер қалдырады. Осыдан соң, танымал бапкер Ерланды «Фосфордың» (қазіргі «Тараз») қатарына шақырады. Алғашқы кездері тәжірибелі футболшылармен бірге ойнау аздаған қиындық тудырды. Дегенмен уақыт өте бәрі қалпына келе бастайды. Ол Қазақстанның ең бірінші жеке дербес чемпионатына қатысқан футболшылардың бірі. Жас болса да, негізгі құрамда өнер көрсетіп, барлық кездесулерге қатысты. Сол жылы команда бесінші орыннан көрінді. Келесі жылы «Тараз» чемпионатты жаңа бапкермен бастайды. Ол жылы команданың біріншіліктегі нәтижесі аса мардымды бола қоймаса да, кубок жолындағы бәсекенің финалына дейін жетті. 1994 жылы Азия кубок иегерлерінің турнирінде бақ сынау мүмкіндігіне ие болды. Аталған жарыста Әулиеата өңірінің футболшылары ширек финалға дейін жетіп, үздік сегіз команданың қатарына енді. Бұл жерде бас бапкерМарьянковтың еңбегін баса айтса кетсе болады. Осыдан бастап, бұл жігіттердің «жұлдызды кезеңі» басталды. Ол жылдары Қазақстанда семейлік «Елімай», павлодарлық «Ертіс» және осы «Тараз» командаларының қарқыны қатты болатын. Үнемі мәреге үзеңгі қағыстырып келіп жүрді. Азияның үздік сегіз командасына іліккен соң, 1995 жылы алғаш рет Қазақстан чемпионатында жүлделі орынға қол жеткізді. Соңғы ойындардың кейбірінде ұпайдан шашау шығармағанда «Елімайды» қуып жетуі мүмкін еді. Дегенмен бұл күміс алғашқы алтынның бастауы болды. Бесінші ұйымдастырылған ел біріншілігінің бас жүлдесін Воит Талгаев бапкер Таразға» әперді. Бұл әзірге команданың «жалғыз алтыны» болып тұр. Команданың құрамына сайдың тасындай іріктелген жігіттер жиналды. Атап айтар болсақ, Ерланнан бөлек Ғани Қайназаров, Азамат Ниязымбетов, Нүркен Мәзбаев, Олег Воскобойников сияқты футболшылардың қай-қайсы болмасын жанкүйерлердің қошеметіне бөленген ойыншылар. Чемпион атанған команданың әрбір ойыншысына облыс әкімі бір-бір автокөлік сыйлады. Футболшылар осындай құрметке тоқмейілсімей келесі жылы да өз деңгейлерінде өнер көрсетті. Тағы да чемпион атануға да мүмкіндіктері болған. Тек «Ертіспен» Алматыда өткен «алтын матч» үшін ойында ұтылып қалды. Сол кездесуде Виктор Антонов соққан жалғыз гол Кереку командасына жеңіс сыйлады. Осылайша «Тараз» өзінің екінші күмісіне қол жеткізді.Ерлан осы жылдары үздік 33 футболшының қатарына енді. Жоғарыда айтқандай, «Тараз» үш жыл қатарынан өзінің «жұлдызды кезеңін» өткізді. Содан соң, қаржылық қиындықтарға тап болып, ойыншылары бар бапкері бар өзге командаларды жағалай бастады. Бірақ, Ерлан команданы қиын  кезде өзгеге айырбастаған жоқ. Қатарынан сегіз жыл осы команда сапында тер төкті. 2000 жылы алматылық «Қайратқа» ауысты. Қазақ футболының флагманы Ерланды жылы қарсы алды. Ерлан Алматыға ауысқан жылы екі «Қайрат» бар еді. Елеусінов «халықтық команда» атанған бұрыннан келе жатқан бай тарихы бар «Қайратта» ойнады.  Оңтүстік астананың командасы сол жылы чемпионатты төртінші орынмен аяқтады. Негізі үшінші орын алған «Ертіспен» жинаған ұпайлары бірдей болғанымен, жеңіс саны бойынша «Ертіс» басымдырақ болды.  Ал 2001 жылы «Қайрат» кубок жолындағы бәсекеде «Жеңісті» 3:1 есебімен ұтып, бас жүлдені еншіледі. Ерлан осы финалға бастан-аяқ қатысты. Жыл соңында Қазақстан үздік 22 футболшысының қатарында енді. Сол қапталдағы қорғаушылар арасында чемпионаттың ең үздігі болып танылды. Осыдан кейін «Қайраттан» кететінін мәлімдеді. Клуб басшыларының жасап отырған жағдайына риза еместігін, жалақысының төмендігіне қынжылатынын білдірді. Оның үстіне «Ақтөбе» командасынан жақсы ұсыныс түседі. Ол кезде батыс командасының жағдайы жақсарып келе жатқан болатын. Ерлан бұл қалада екі жыл өнер көрсетті. Алғашқы жылы алтыншы , 2003 жылы бесінші орын алды. Сондай-ақ, ойыншылар, бапкерлер, жанкүйерлер капитандық міндетті Елеусіновке сеніп тапсырды. «Тараздың» тізгінін 2004 жылы Юрий Коньков ұстады. Коньковтың командаға келуімен «Тараздың» бұрынғы футболшылары қайта жинада бастады. Азамат Ниязымбетов, Нүркен Мәзбаев, Ерлан Елеусінов барлығы өздерінің туған командаларына оралды. Ардагер футболшылардың келуімен «Тараз» алғашқы рет Қазақстан кубогында жеңіске жетті. Финалда алматылық «Қайраттан» басым түсіп, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.  Бұдан кейін Ерлан команда ауыстырған жоқ. Төрт жыл туған қаласының командасында ойнап, 2007 жылы футболдағы карьерасын аяқтады. Ерланмен қатар Азамат, Нүркенде карьераларын аяқтауға шешім қабылдайды.   2008 жылы 20 мамырда Нүркен мен Ерланның қоштасу матчы өтті. Оған көптеген ардагер футболшылар қатысты. Атап айтар болсақ: Нәкен Қырықбаев, Ғани Қайназаров, Мырзабаев, Кәмелов, Әлімқұлов, Ниязымбетов және т.б. «ТАРАЗ»-1996  – «ТАРАЗ»-2008  – 2:4     Мырзабаев, 6 (1:0), Қонысбаев, 15 (1:1), Байшақов, 24 (1:2), Попов, 43 (1:3), Сүлей, 59 (1:4), Мәзбаев, 74 (2:4) «ТАРАЗ»-1996: Воскобойников, Зайцев, Кенчимов, Кононов, Елеусінов, Мырзабаев, Ниязымбетов, Мирсалимбаев, Пак, Качагин, Мәзбаев, Қайназаров, Қошкаров, Қырықбаев, Нүфтиев, Әлімкұлов, Кәмелов, Сәрсенов, Ваганов «ТАРАЗ»-2008: Расқұлов, Д.Евстигнеев, Денисов, Наурызбаев, Фистикан, Қонысбаев, Байшақов, Попов, Әлімбаев, Недашковский, Сүлей, Багаев, Битабаров, Гаркуша, Шоқанов, Жүнісов, Рахымұлы, Муминов, Ахметов Ұлттық құрамада Ұлттық құраманың тізгінін Воит Талгаев ұстаған кезде 2000 жылдары шақырыла бастады. Алғашқы кездесуін  Азия кубогының іріктеу аясында Катар құрамасына қарсы өткізді. Жалпы 2000-2001 жылдары 9 ойын  өткізді. Ерлан Елеусінов Қазақстан чемпионатында ең көп ойын өткізген бес ойыншының қатарында. Барлығы 398 кездесу өткізген. Жетістіктері: Қазақстан чемпионы: 1996 жылы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1995,1997 жылдары Қазақстан кубогының иегері: 2001 2004 жылдары Үш рет еліміздегі ең үздік 33 (22) футболшының қатарына енген.    Бек Төлеуов  
04.10.2013 03:54 3447

Ол голды аз соқса да, өз міндетін абыройлы атқаратын. Оның алаңдағы негізгі міндеті сол қапталдағы қорғаушы. Қазақстан біріншілігінде 398 матч өткізген, еліміздегі танымал қорғаушылардың бірі –Ерлан Елеусінов.

Ерлан Өмірзақұлы Елеусінов 1972 жылы, 2 шілде күні Тараз қаласында дүниеге келген. Спорт интернатын бітірген соң, КСРО чемпионатының Бірінші лигасында өнер көрсететін «Олимпия» командасына алынды. Одан кейін отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына шақырылады. Әскерилер арасында бір матчта Воит Талгаевқа жас футболшының қимылы ерекше әсер қалдырады. Осыдан соң, танымал бапкер Ерланды «Фосфордың» (қазіргі «Тараз») қатарына шақырады. Алғашқы кездері тәжірибелі футболшылармен бірге ойнау аздаған қиындық тудырды. Дегенмен уақыт өте бәрі қалпына келе бастайды. Ол Қазақстанның ең бірінші жеке дербес чемпионатына қатысқан футболшылардың бірі. Жас болса да, негізгі құрамда өнер көрсетіп, барлық кездесулерге қатысты. Сол жылы команда бесінші орыннан көрінді.

Келесі жылы «Тараз» чемпионатты жаңа бапкермен бастайды. Ол жылы команданың біріншіліктегі нәтижесі аса мардымды бола қоймаса да, кубок жолындағы бәсекенің финалына дейін жетті. 1994 жылы Азия кубок иегерлерінің турнирінде бақ сынау мүмкіндігіне ие болды. Аталған жарыста Әулиеата өңірінің футболшылары ширек финалға дейін жетіп, үздік сегіз команданың қатарына енді. Бұл жерде бас бапкерМарьянковтың еңбегін баса айтса кетсе болады. Осыдан бастап, бұл жігіттердің «жұлдызды кезеңі» басталды. Ол жылдары Қазақстанда семейлік «Елімай», павлодарлық «Ертіс» және осы «Тараз» командаларының қарқыны қатты болатын. Үнемі мәреге үзеңгі қағыстырып келіп жүрді. Азияның үздік сегіз командасына іліккен соң, 1995 жылы алғаш рет Қазақстан чемпионатында жүлделі орынға қол жеткізді. Соңғы ойындардың кейбірінде ұпайдан шашау шығармағанда «Елімайды» қуып жетуі мүмкін еді. Дегенмен бұл күміс алғашқы алтынның бастауы болды. Бесінші ұйымдастырылған ел біріншілігінің бас жүлдесін Воит Талгаев бапкер Таразға» әперді. Бұл әзірге команданың «жалғыз алтыны» болып тұр. Команданың құрамына сайдың тасындай іріктелген жігіттер жиналды. Атап айтар болсақ, Ерланнан бөлек Ғани Қайназаров, Азамат Ниязымбетов, Нүркен Мәзбаев, Олег Воскобойников сияқты футболшылардың қай-қайсы болмасын жанкүйерлердің қошеметіне бөленген ойыншылар. Чемпион атанған команданың әрбір ойыншысына облыс әкімі бір-бір автокөлік сыйлады. Футболшылар осындай құрметке тоқмейілсімей келесі жылы да өз деңгейлерінде өнер көрсетті. Тағы да чемпион атануға да мүмкіндіктері болған. Тек «Ертіспен» Алматыда өткен «алтын матч» үшін ойында ұтылып қалды. Сол кездесуде Виктор Антонов соққан жалғыз гол Кереку командасына жеңіс сыйлады. Осылайша «Тараз» өзінің екінші күмісіне қол жеткізді.Ерлан осы жылдары үздік 33 футболшының қатарына енді. Жоғарыда айтқандай, «Тараз» үш жыл қатарынан өзінің «жұлдызды кезеңін» өткізді. Содан соң, қаржылық қиындықтарға тап болып, ойыншылары бар бапкері бар өзге командаларды жағалай бастады. Бірақ, Ерлан команданы қиын  кезде өзгеге айырбастаған жоқ. Қатарынан сегіз жыл осы команда сапында тер төкті.

2000 жылы алматылық «Қайратқа» ауысты. Қазақ футболының флагманы Ерланды жылы қарсы алды. Ерлан Алматыға ауысқан жылы екі «Қайрат» бар еді. Елеусінов «халықтық команда» атанған бұрыннан келе жатқан бай тарихы бар «Қайратта» ойнады.  Оңтүстік астананың командасы сол жылы чемпионатты төртінші орынмен аяқтады. Негізі үшінші орын алған «Ертіспен» жинаған ұпайлары бірдей болғанымен, жеңіс саны бойынша «Ертіс» басымдырақ болды.

 Ал 2001 жылы «Қайрат» кубок жолындағы бәсекеде «Жеңісті» 3:1 есебімен ұтып, бас жүлдені еншіледі. Ерлан осы финалға бастан-аяқ қатысты. Жыл соңында Қазақстан үздік 22 футболшысының қатарында енді. Сол қапталдағы қорғаушылар арасында чемпионаттың ең үздігі болып танылды.

Осыдан кейін «Қайраттан» кететінін мәлімдеді. Клуб басшыларының жасап отырған жағдайына риза еместігін, жалақысының төмендігіне қынжылатынын білдірді. Оның үстіне «Ақтөбе» командасынан жақсы ұсыныс түседі. Ол кезде батыс командасының жағдайы жақсарып келе жатқан болатын. Ерлан бұл қалада екі жыл өнер көрсетті. Алғашқы жылы алтыншы , 2003 жылы бесінші орын алды. Сондай-ақ, ойыншылар, бапкерлер, жанкүйерлер капитандық міндетті Елеусіновке сеніп тапсырды.

«Тараздың» тізгінін 2004 жылы Юрий Коньков ұстады. Коньковтың командаға келуімен «Тараздың» бұрынғы футболшылары қайта жинада бастады. Азамат Ниязымбетов, Нүркен Мәзбаев, Ерлан Елеусінов барлығы өздерінің туған командаларына оралды. Ардагер футболшылардың келуімен «Тараз» алғашқы рет Қазақстан кубогында жеңіске жетті. Финалда алматылық «Қайраттан» басым түсіп, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.

 Бұдан кейін Ерлан команда ауыстырған жоқ. Төрт жыл туған қаласының командасында ойнап, 2007 жылы футболдағы карьерасын аяқтады. Ерланмен қатар Азамат, Нүркенде карьераларын аяқтауға шешім қабылдайды.  

2008 жылы 20 мамырда Нүркен мен Ерланның қоштасу матчы өтті. Оған көптеген ардагер футболшылар қатысты. Атап айтар болсақ: Нәкен Қырықбаев, Ғани Қайназаров, Мырзабаев, Кәмелов, Әлімқұлов, Ниязымбетов және т.б.

«ТАРАЗ»-1996  – «ТАРАЗ»-2008  – 2:4 
 

 Мырзабаев, 6 (1:0), Қонысбаев, 15 (1:1), Байшақов, 24 (1:2), Попов, 43 (1:3), Сүлей, 59 (1:4), Мәзбаев, 74 (2:4)
«ТАРАЗ»-1996: Воскобойников, Зайцев, Кенчимов, Кононов, Елеусінов, Мырзабаев, Ниязымбетов, Мирсалимбаев, Пак, Качагин, Мәзбаев, Қайназаров, Қошкаров, Қырықбаев, Нүфтиев, Әлімкұлов, Кәмелов, Сәрсенов, Ваганов
«ТАРАЗ»-2008: Расқұлов, Д.Евстигнеев, Денисов, Наурызбаев, Фистикан, Қонысбаев, Байшақов, Попов, Әлімбаев, Недашковский, Сүлей, Багаев, Битабаров, Гаркуша, Шоқанов, Жүнісов, Рахымұлы, Муминов, Ахметов

Ұлттық құрамада

Ұлттық құраманың тізгінін Воит Талгаев ұстаған кезде 2000 жылдары шақырыла бастады. Алғашқы кездесуін  Азия кубогының іріктеу аясында Катар құрамасына қарсы өткізді. Жалпы 2000-2001 жылдары 9 ойын  өткізді.

Ерлан Елеусінов Қазақстан чемпионатында ең көп ойын өткізген бес ойыншының қатарында. Барлығы 398 кездесу өткізген.

Жетістіктері:

Қазақстан чемпионы: 1996 жылы

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1995,1997 жылдары

Қазақстан кубогының иегері: 2001 2004 жылдары

Үш рет еліміздегі ең үздік 33 (22) футболшының қатарына енген.

 

 Бек Төлеуов

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға