Жаңалықтар

Ұлттық құрамада

Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2000 жылы 26 мамырда Сирия құрамасына  қарсы өткізді. Сол кездесуде қақпасына төрт гол жібергені үшін ұлттық құрама есігі біраз уақытқа ол үшін жабылып қалды. Лорияны алғашқы ұлттық құрамаға шақырған Воит Талғаев болатын. Одан соң, Вахид Масудов 2001 жылы әлем чемпионатына іріктеу аясында Макао құрамасымен болған кездесуге шақырды. Бұл ойында ол қақпасын судан құрғақ алып шықты. Бұдан кейін төрт жыл бойы ұлттық құрамада бірде-бір кездесу өткізбеді. Еуропаға мүше болғаннан соң, алғащқы рет Германиядағы әлем чемпионатына іріктеу матчтары басталды. Жас бапкер Сергей Тимофеев негізінен Юрий Новиковке сенім артатын. Бірнеше ойын қатарынан ұтыла бергеннен соң, 2005 жылы тамыз айында Грузия құрамасына қарсы ойында шақырылмай жүрген жаңа ойыншыларды құрамаға алды. Осы ойында Қазақстанның ұтылғанына қарамастан Лорияның шеберлігі жанкүйерлерді, футбол мамандарын тәнті ете бастады. Міне, осыдан бастап, қайтадан ұлттық құрамаға оралды. Сол жылы Грузиямен болған қарымта кездесуде Деметрадзенің пенальтиін қайтарып, әлем чемпионатының іріктеу циклдындағы жалғыз ұпайымызды алуға өз үлесін қосты. Кездесудің «үздік ойыншысы» атанды Тимофеевтен кейін бас бапкерлікке голландиялық Арно Пайперстің келуімен Давид ұлттық құраманың бірінші номерлі қақпашысы болды. Еуро-2008 іріктеу ойындарындағы көрсеткен өнері жанкүйер қауымды бір желпінтті. Әсіресе, сырт алаңда Бельгия құрамасымен болған ойында қақпасына гол дарытқан жоқ. Сербия мен болған тарих жеңіс кезінде де қақпаны осы Лория қорғаған болатын.   2009 жылы Бернд Шторк  ұлттық құраманың тізгінін ұстағаннан кейін тағы шақырылмады. Бұл кезде ұлттық қақпашылары Мокин, Сидельников болды.  Араға екі жыл салып, бас бапкерлікке келген Мирослов Беранек Германия құрамасымен болған Кайзерслаутерндегі кездесуге шығарды. Ол кездесуде жерлестеріміз 4:0 ұтылғанына қарамастан, біздің құраманың   матчтағы ең үздік ойыншысы Давид Лория болды. Лория болмағанда кездесу қорытындысы бұдан да жоғары болуы мүмкін еді. Беранекте кейінгі ойындардың ешқайсына Давидты шақырған емес. Басты кемшілігі ретінді өзге қақпашыларға қарағанда бойының қысқалығымен байланыстырады. Давид жалпы ұлттық құрамада осы уақытқа дейін 38 кездесу өткізген. Жетістіктері: Командалық Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2000, 2001, 2006 жылдары Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері. 2009 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері. 2007, 2010 жылдары Шығыс-Азия ойындарының қола жүлдегері: 2001 жылы Қазақстан кубогының иегері: 2000/01, 2002 жылдары Жеке жетістіктері: Қазақстанның ең үздік футболшысы: 2006 жылы Еліміздегі қақпашылардың арасында Қазақстан чемпионатында ең көп ойын өткізген бес қақпашының қатарына енеді. Бірнеше рет үздік 33 футболшының қатарына енген.   Бек Төлеуов «Sport» газеті  
04.10.2013 03:52 2989

Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2000 жылы 26 мамырда Сирия құрамасына  қарсы өткізді. Сол кездесуде қақпасына төрт гол жібергені үшін ұлттық құрама есігі біраз уақытқа ол үшін жабылып қалды. Лорияны алғашқы ұлттық құрамаға шақырған Воит Талғаев болатын. Одан соң, Вахид Масудов 2001 жылы әлем чемпионатына іріктеу аясында Макао құрамасымен болған кездесуге шақырды. Бұл ойында ол қақпасын судан құрғақ алып шықты. Бұдан кейін төрт жыл бойы ұлттық құрамада бірде-бір кездесу өткізбеді. Еуропаға мүше болғаннан соң, алғащқы рет Германиядағы әлем чемпионатына іріктеу матчтары басталды. Жас бапкер Сергей Тимофеев негізінен Юрий Новиковке сенім артатын. Бірнеше ойын қатарынан ұтыла бергеннен соң, 2005 жылы тамыз айында Грузия құрамасына қарсы ойында шақырылмай жүрген жаңа ойыншыларды құрамаға алды. Осы ойында Қазақстанның ұтылғанына қарамастан Лорияның шеберлігі жанкүйерлерді, футбол мамандарын тәнті ете бастады. Міне, осыдан бастап, қайтадан ұлттық құрамаға оралды. Сол жылы Грузиямен болған қарымта кездесуде Деметрадзенің пенальтиін қайтарып, әлем чемпионатының іріктеу циклдындағы жалғыз ұпайымызды алуға өз үлесін қосты. Кездесудің «үздік ойыншысы» атанды Тимофеевтен кейін бас бапкерлікке голландиялық Арно Пайперстің келуімен Давид ұлттық құраманың бірінші номерлі қақпашысы болды. Еуро-2008 іріктеу ойындарындағы көрсеткен өнері жанкүйер қауымды бір желпінтті. Әсіресе, сырт алаңда Бельгия құрамасымен болған ойында қақпасына гол дарытқан жоқ. Сербия мен болған тарих жеңіс кезінде де қақпаны осы Лория қорғаған болатын.   2009 жылы Бернд Шторк  ұлттық құраманың тізгінін ұстағаннан кейін тағы шақырылмады. Бұл кезде ұлттық қақпашылары Мокин, Сидельников болды.  Араға екі жыл салып, бас бапкерлікке келген Мирослов Беранек Германия құрамасымен болған Кайзерслаутерндегі кездесуге шығарды. Ол кездесуде жерлестеріміз 4:0 ұтылғанына қарамастан, біздің құраманың   матчтағы ең үздік ойыншысы Давид Лория болды. Лория болмағанда кездесу қорытындысы бұдан да жоғары болуы мүмкін еді.

Беранекте кейінгі ойындардың ешқайсына Давидты шақырған емес. Басты кемшілігі ретінді өзге қақпашыларға қарағанда бойының қысқалығымен байланыстырады.

Давид жалпы ұлттық құрамада осы уақытқа дейін 38 кездесу өткізген.

Жетістіктері:

Командалық

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2000, 2001, 2006 жылдары

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері. 2009 жылы

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері. 2007, 2010 жылдары

Шығыс-Азия ойындарының қола жүлдегері: 2001 жылы

Қазақстан кубогының иегері: 2000/01, 2002 жылдары

Жеке жетістіктері:

Қазақстанның ең үздік футболшысы: 2006 жылы

Еліміздегі қақпашылардың арасында Қазақстан чемпионатында ең көп ойын өткізген бес қақпашының қатарына енеді.

Бірнеше рет үздік 33 футболшының қатарына енген.

 

Бек Төлеуов «Sport» газеті

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға