Үздік қақпашы
Қазақ футболында соңғы 10-15 жыл көлемінде тұрақты түрде жоғары деңгейде қақпа бағанын күзетіп келе жатқан қақпашылар аса көп емес. Әрдайым алға жылжып, шеберлігін жетілдіруде тынымсыз еңбек ететін қақпашылардың бірі – Давид Лория. Давид Григорьевич Лория Целиноград (қазіргі Астана) қаласында дүниеге келген. Давидтың футболға келуіне әкесі Григорий Лорияның ықпалы жоғары болды. Баласының футболшы болғанын әкесі жай ғана қалап қойған жоқ, ол үшін қажетті жағдайлардың барлығын жасады. Мәскеулік ЦСКА-ның академиясына түсіріп, Ресейде жаттықтырды. Мәскеу армияшыларының мектебінен талантты футболшылармен қатар талай керемет қақпашыларда тәрбиленіп шыққан. Тіпті қазіргі Игорь Акинфеев те осы мектептің түлегі. Давид ЦСКА-дан соң, Австралия чемпионатында өнер көрсетті. Ол – «Энфилд-Сити Фэлконс» деп аталатын жартылай кәсіпқой команданың. интернатында оқып, әріқарай шеберлігін шыңдай түсті. 1997 жылы жасыл құрлықтан жинаған тәжірибесімен Қазақстанға оралды. Алғащқы жылын Шортандының «Автомобилист» командасында өткізіп, келесі жылы туған қаласынан шақырту алды. «Жеңіске» келуімен, Қазақстан жастар құрамасына да шақырту алды. Жасы 18-ге толар-толмас Датоны (лақап аты) Владимир Фомичев өзінен 2-3 жас үлкен футболшылармен бірге құрамаға қосып жіберді. Әйткенмен, Лорияның өзі де бас бапкердің сенімінен шығатын ойын көрсетті. Азия аймағындағы іріктеу сындарында сәтті өнер көрсетіп, Нигерияға да бірінші қақпашы ретінде аттанды. Сол Нигерияға барған футболшылардың арасында ең жасы да осы қақпашы Давид болды. Топтық кезеңде өткізген үш кездесуде қақпасына тоғыз гол жіберді. Дегенмен ол жерде бұл голдардың кіруіне қақпашының еш қатысы жоқ десе де болады. Қайта Давид бірнеше қауіпті сәтте сенімді қимылдап, өзін жақсы жағынан танытты. Елге келгеннен «Жеңіспен» екі рет ел чемпионы атанды. Алғашқы рет чемпиондыққа 2000 жылы қол жеткізді. Біріншіліктің соңғы турына дейін петропавлдық «Аксесс-Голден Грейн» командасымен үзеңгі қағыстырып келді. Осыдан соң, Алматыда «алтын матч» ойналды. Сол кездесуде жолдары болған елордалық команда тұңғыш рет ел чемпионы атанды. Чемпион атануға Лорияның қосқан үлесі орасан зор. Осы маусымда біріншілікте ең аз гол жіберген үздік үш қақпашының қатарында болды. Сонымен қатар, «алтын матчта» да қақпасын судан құрғақ алып шықты. «Жеңіс» 2001 жылы екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып, чемпиондық дубль жасады. Жай ғана топ жарып қойған жоқ, екінші орын алған «Атыраудан» 11 ұпай артық жинады. Сондай-ақ, Қазақстан кубогында да астаналықтар екі рет кубок иеленіп, ол жылдары елімізде өздеріне қарсылас таппаған болатын. Астаналық команда 2001 және 2002 жылдары «Достастық» кубогына қатысып, екеуінде де топта соңғы орында қалып қойды.Астанада төрт жыл үздіксіз өнер көрсеткен соң, 2003 жылы Көкшетаудың «Есіл» (қазіргі «Оқжетпес) командасына ауысты. Осының алдында жарақат алып, жарты маусым алаңға шыға алмады. Бірақ, Көкшетауда қаржылық қиындықтар туындап, Давид сияқты қымбат футболшыға төлейтін ақша болмады. Содан кейін қарағандылық «Шахтермен» келісім-шартқа отырды. Давид 2004-2008 жылдары «кеншілердің» негізгі қақпашысы болды. Арасында 2006 жылы сол кездегі ұлттық құраманың бас бапкері Арно Пайперстің шақыруымен «Астанада» бір жыл ойнап, ел чемпионы атанды. Ал 2007 жылы Қазақстан футболшылары арасынан бірінші рет Швеция чемпионатында өнер көрсетті. Негізі қақпашымыз «Шахтерден» «Хальмстадқа» үш айға жалға берілді. Бұл клуб Швецияның төрт дүркін чемпионы. Давид осы үш айда жеті рет алаңға шығып, сосын жарақат алып, елге оралды. Швеция чемпионаты жайлы Давидтың өзі: Мен мұнда Еуропа футболын көруге келдім. Өте керемет әсер алдым десем болады. Еуропа футболының жанкүйерлерінің қызуқандылығын байқадым. Басқа мемлекет, басқа мәдениет, басқа өмірді көрдім. Бұл менің өміріме үлкен тәжірибе. Елге келген соң, «Шахтердегі» карьерасын әрі қарай жалғастырды. Жалпы 2004-2008 жылдар аралығында «кеншілердің» жейдесін 112 рет киіп шықты. Ал 2009 жылы Ресейдің «Спартак-Нальчик» командасы Давидтың қызметіне қызығушылық танытып, осы командаға ауысқанымен, көбіне қосалқы құрамда отырды. Ол кезде негізгі қақпашы Дмитрий Хомич болатын.Бұл қақпашының көлеңкесінде қалып қойғандықтан, сонымен қатар, жаңадан құрылған «Локомотив (Астана) шақырған соң, елге қайта оралады. Сергей Юран бапкердің Тихонов пен Титов сияқты өзінің «Спартактағы» футболшыларын ертіп келген кезі. Негізі астаналық клуб ол кезде чемпионатқа жаңа қосылған болса да, жаман нәтиже көрсеткен жоқ. Қарқыны қатты «Ақтөбені» алға жіберіп, ел біріншілігінің күмісін олжалады. «Локомотивтен» келісім-шарт аяқталған соң, басында ел чемпионы «Тобылдың» сапына ауысады деген сыбыс шықты. Бірақ, Давид «Тобылды» емес, павлодарлық «Ертісті» таңдады. Еліміздің бес дүркін чемпионының сапында ол команда капитаны болды. 2010 жылдың мамыр айында «Атырауға» қарсы өзінің Қазақстан чемпионатындағы 250-шы кездесуін өткізді. Сол жылы сондай-ақ, «Ертістің» сапына ел біріншілігінің қоласына қол жеткізді. Павлодарда екі жыл ойнап, тағы да шетелге кетті. Бұл жолы Түркия біріншілігіне ойнауға келісімін береді. Түркияның Бірінші лигасындағы «Резиспор» командасы Суперлигаға шығу үшін Давид Лорияны өздеріне аттай қалап алдырды. Бас бапкер Мұстафа Денизлидің сеніміне ие болған жерлесіміз команданың негізгі қақпашысы болып, өз орнын ешкім бере қоймады. Түркиядағы алғашқы ойынын «Газиантеп» командасына қарсы өткізді. Ал биыл жаңа жылда досы Самат Смақовты да «Резиспорға» шақырып, екеуі осы клубтың көшбасшылары болды. Қазақстандық футболшылар жергілікті жанкүйерлердің махаббатына ие болып, қошеметке бөленді. Көктемде Бірінші лигада үшінші орын алған Денизлидің командасы Түркия Суперлигасына шығатын болды деген жағымды жаңалық естідік. Осыдан кейін Давид пен Саматты келесі маусымда Дидье Дрогба, Уэсли Снейдер, Бурак Йылмаз, Эменике сияқты жұлдыздармен бірге Суперлигада бірге өнер көрсетеді деп қуанған едік. Әрине деңгейі жоғары біріншілікте еліміздің футболшылары өнер көрсетіп жатса, әрбір қазақстандық жанкүйердің қуанатыны сөзсіз. Бірақ, олай бұйырмады. Қос футболшымыз Қазақстанға қайта оралды. Маусымаралық үзіліс кезінде құрамын күшейткен алматылық «Қайрат» еліміздің аңыз ойыншыларын өз қатарларына қосу үшін түркиялық клубтың ұсынысын қабылдап, екі футболшымен келісімге келді. Қазіргі таңда Давид «Қайраттың» негізгі қақпашысы.Ал Түркияда Лория 28 ойын өткізген.Қазақ футболында соңғы 10-15 жыл көлемінде тұрақты түрде жоғары деңгейде қақпа бағанын күзетіп келе жатқан қақпашылар аса көп емес. Әрдайым алға жылжып, шеберлігін жетілдіруде тынымсыз еңбек ететін қақпашылардың бірі – Давид Лория.
Давид Григорьевич Лория Целиноград (қазіргі Астана) қаласында дүниеге келген. Давидтың футболға келуіне әкесі Григорий Лорияның ықпалы жоғары болды. Баласының футболшы болғанын әкесі жай ғана қалап қойған жоқ, ол үшін қажетті жағдайлардың барлығын жасады. Мәскеулік ЦСКА-ның академиясына түсіріп, Ресейде жаттықтырды. Мәскеу армияшыларының мектебінен талантты футболшылармен қатар талай керемет қақпашыларда тәрбиленіп шыққан. Тіпті қазіргі Игорь Акинфеев те осы мектептің түлегі.
Давид ЦСКА-дан соң, Австралия чемпионатында өнер көрсетті. Ол – «Энфилд-Сити Фэлконс» деп аталатын жартылай кәсіпқой команданың. интернатында оқып, әріқарай шеберлігін шыңдай түсті.
1997 жылы жасыл құрлықтан жинаған тәжірибесімен Қазақстанға оралды. Алғащқы жылын Шортандының «Автомобилист» командасында өткізіп, келесі жылы туған қаласынан шақырту алды. «Жеңіске» келуімен, Қазақстан жастар құрамасына да шақырту алды. Жасы 18-ге толар-толмас Датоны (лақап аты) Владимир Фомичев өзінен 2-3 жас үлкен футболшылармен бірге құрамаға қосып жіберді. Әйткенмен, Лорияның өзі де бас бапкердің сенімінен шығатын ойын көрсетті. Азия аймағындағы іріктеу сындарында сәтті өнер көрсетіп, Нигерияға да бірінші қақпашы ретінде аттанды. Сол Нигерияға барған футболшылардың арасында ең жасы да осы қақпашы Давид болды. Топтық кезеңде өткізген үш кездесуде қақпасына тоғыз гол жіберді. Дегенмен ол жерде бұл голдардың кіруіне қақпашының еш қатысы жоқ десе де болады. Қайта Давид бірнеше қауіпті сәтте сенімді қимылдап, өзін жақсы жағынан танытты.
Елге келгеннен «Жеңіспен» екі рет ел чемпионы атанды. Алғашқы рет чемпиондыққа 2000 жылы қол жеткізді. Біріншіліктің соңғы турына дейін петропавлдық «Аксесс-Голден Грейн» командасымен үзеңгі қағыстырып келді. Осыдан соң, Алматыда «алтын матч» ойналды. Сол кездесуде жолдары болған елордалық команда тұңғыш рет ел чемпионы атанды. Чемпион атануға Лорияның қосқан үлесі орасан зор. Осы маусымда біріншілікте ең аз гол жіберген үздік үш қақпашының қатарында болды. Сонымен қатар, «алтын матчта» да қақпасын судан құрғақ алып шықты. «Жеңіс» 2001 жылы екінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып, чемпиондық дубль жасады. Жай ғана топ жарып қойған жоқ, екінші орын алған «Атыраудан» 11 ұпай артық жинады. Сондай-ақ, Қазақстан кубогында да астаналықтар екі рет кубок иеленіп, ол жылдары елімізде өздеріне қарсылас таппаған болатын.
Астаналық команда 2001 және 2002 жылдары «Достастық» кубогына қатысып, екеуінде де топта соңғы орында қалып қойды.Астанада төрт жыл үздіксіз өнер көрсеткен соң, 2003 жылы Көкшетаудың «Есіл» (қазіргі «Оқжетпес) командасына ауысты. Осының алдында жарақат алып, жарты маусым алаңға шыға алмады. Бірақ, Көкшетауда қаржылық қиындықтар туындап, Давид сияқты қымбат футболшыға төлейтін ақша болмады. Содан кейін қарағандылық «Шахтермен» келісім-шартқа отырды. Давид 2004-2008 жылдары «кеншілердің» негізгі қақпашысы болды. Арасында 2006 жылы сол кездегі ұлттық құраманың бас бапкері Арно Пайперстің шақыруымен «Астанада» бір жыл ойнап, ел чемпионы атанды. Ал 2007 жылы Қазақстан футболшылары арасынан бірінші рет Швеция чемпионатында өнер көрсетті. Негізі қақпашымыз «Шахтерден» «Хальмстадқа» үш айға жалға берілді. Бұл клуб Швецияның төрт дүркін чемпионы. Давид осы үш айда жеті рет алаңға шығып, сосын жарақат алып, елге оралды.
Швеция чемпионаты жайлы Давидтың өзі: Мен мұнда Еуропа футболын көруге келдім. Өте керемет әсер алдым десем болады. Еуропа футболының жанкүйерлерінің қызуқандылығын байқадым. Басқа мемлекет, басқа мәдениет, басқа өмірді көрдім. Бұл менің өміріме үлкен тәжірибе.
Елге келген соң, «Шахтердегі» карьерасын әрі қарай жалғастырды. Жалпы 2004-2008 жылдар аралығында «кеншілердің» жейдесін 112 рет киіп шықты.
Ал 2009 жылы Ресейдің «Спартак-Нальчик» командасы Давидтың қызметіне қызығушылық танытып, осы командаға ауысқанымен, көбіне қосалқы құрамда отырды. Ол кезде негізгі қақпашы Дмитрий Хомич болатын.Бұл қақпашының көлеңкесінде қалып қойғандықтан, сонымен қатар, жаңадан құрылған «Локомотив (Астана) шақырған соң, елге қайта оралады. Сергей Юран бапкердің Тихонов пен Титов сияқты өзінің «Спартактағы» футболшыларын ертіп келген кезі. Негізі астаналық клуб ол кезде чемпионатқа жаңа қосылған болса да, жаман нәтиже көрсеткен жоқ. Қарқыны қатты «Ақтөбені» алға жіберіп, ел біріншілігінің күмісін олжалады.
«Локомотивтен» келісім-шарт аяқталған соң, басында ел чемпионы «Тобылдың» сапына ауысады деген сыбыс шықты. Бірақ, Давид «Тобылды» емес, павлодарлық «Ертісті» таңдады. Еліміздің бес дүркін чемпионының сапында ол команда капитаны болды. 2010 жылдың мамыр айында «Атырауға» қарсы өзінің Қазақстан чемпионатындағы 250-шы кездесуін өткізді. Сол жылы сондай-ақ, «Ертістің» сапына ел біріншілігінің қоласына қол жеткізді.
Павлодарда екі жыл ойнап, тағы да шетелге кетті. Бұл жолы Түркия біріншілігіне ойнауға келісімін береді. Түркияның Бірінші лигасындағы «Резиспор» командасы Суперлигаға шығу үшін Давид Лорияны өздеріне аттай қалап алдырды. Бас бапкер Мұстафа Денизлидің сеніміне ие болған жерлесіміз команданың негізгі қақпашысы болып, өз орнын ешкім бере қоймады. Түркиядағы алғашқы ойынын «Газиантеп» командасына қарсы өткізді. Ал биыл жаңа жылда досы Самат Смақовты да «Резиспорға» шақырып, екеуі осы клубтың көшбасшылары болды. Қазақстандық футболшылар жергілікті жанкүйерлердің махаббатына ие болып, қошеметке бөленді. Көктемде Бірінші лигада үшінші орын алған Денизлидің командасы Түркия Суперлигасына шығатын болды деген жағымды жаңалық естідік. Осыдан кейін Давид пен Саматты келесі маусымда Дидье Дрогба, Уэсли Снейдер, Бурак Йылмаз, Эменике сияқты жұлдыздармен бірге Суперлигада бірге өнер көрсетеді деп қуанған едік. Әрине деңгейі жоғары біріншілікте еліміздің футболшылары өнер көрсетіп жатса, әрбір қазақстандық жанкүйердің қуанатыны сөзсіз. Бірақ, олай бұйырмады. Қос футболшымыз Қазақстанға қайта оралды. Маусымаралық үзіліс кезінде құрамын күшейткен алматылық «Қайрат» еліміздің аңыз ойыншыларын өз қатарларына қосу үшін түркиялық клубтың ұсынысын қабылдап, екі футболшымен келісімге келді. Қазіргі таңда Давид «Қайраттың» негізгі қақпашысы.Ал Түркияда Лория 28 ойын өткізген.
