Әли Әлиев
Нигерияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысқан, тоғыз жыл «Қайрат» сапында тер төгіп, Түркия жерінде де өнер көрсетіп келген футболшыларымыздың бірі – Әли Әлиев. Әли Ханәлиұлы Әлиев 1980 жылы, 27 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы футбол мектебінің түлегі. Аладопқа жақындығы осы алып мегаполисте басталған. Карьерасын өзінің туған қаласының бас командасы «Қайратқа» 17 жасында алынады. Алғашқы жылы жас болған соң, тек екі ойынға алаңға шықты. Әли дәл «Қайратта» ойнай бастаған жылы команда екіге бөлініп кеткен болатын. Ол ЦСКА-Қайратты таңдады. Әли мен бірге Руслан Балтиев, Серік Жейлітбаев, Александр Кучма, Қайрат Нұрдәулетов сияқты танымал футболшыларда осы команданың құрамында болды. Әли алаңда қарсыластың шабуылын тоқтатып, өзі жаңа шабуыл бастайтын, өте еңбекқор футболшы. Былайша айтқанда футболдағы «қара жұмысты» атқарады. Физикалық даярлығы өте жоғары, еңбекқор, соққысы да мығым. 1999 жылғы Нигерияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Бас бапкер Владимир Фомичев 19 жастағы футболшыны өзінен екі жас үлкен футболшылармен бірге құрамаға шақырады. Жастар арасындағы жарыста екі жастың өзі үлкен рөл ойнайды. Осы құрамадағы футболшылардың ең жасы қақпашы Давид Лория мен Әли Әлиев болды. Шри-Ланка мен Тайландта өткен Азия аймағының екі іріктеу кезеңін қоспағанның өзінде, әлем чемпионатының финалдық кезеңіндегі үш ойынға да қатысты. Аргентина мен Хорватия құрамасына қарсы кездесуде 90-минут тер төксе, Ганамен болған ойында 80-минут жасыл алаңда ойқастады. Жастарымыз үш ойында да жеңілуге мәжбүр болды. Бірақ, финалдық кезеңге өзі әзірге біз үшін үлкен жетістік болып тұр. Сол кезде ойнаған жастардың барлығы ешқандай тиімді жағдай жасалмаса да, алаңда өздерінің шеберліктерін көрсету үшін қолдарынан келгенін аянып қалмады. Әйтпесе, футболмен тыныстайтын Аргентина құрамасынан бір гол айырмасымен ұтылу жас мемлекеттің футболшылары үшін жоғары көрсеткіш деп түсіну керек. 2001 жылы «Қайрат» командасы қайта қосылды. Осы жылдары Қазақстан УЕФА-ға қосылған болатын.Болат Әбілев демеушілік еткен команда Қазақстан кубогында жеңіске жетіп, келесі жылы елімізде алғаш болып УЕФА кубогына қатысуға мүмкіндік алды. Еуропаның маңдай алды жарысына адғаш қатысқаннан болар, алматылықтар алғашқы айналымда Белград қаласының «Црвена Звезда» командасынан қос кездесуде де есе жіберді. Ең өкініштісі югословиялық командаға бір допта соға алмадық. «Қайрат» ішікі біріншілікте де тәуір нәтиже көрсете алмады. Келесі жылы «Қайраттың» қиын кездегі құтқарушы бапкері болып табылатын Леонид Остроушко командаға бас бапкер болып келді. Остроушконың өзі біріншілікте жүлделі орындарға команданы сүйрей алмады. Есесіне, Қазақстан кубогында жеңіске жетіп, «Қайратқа» бесінші кубокты алып берді. Осылайша, Қазақстан кубогының тарихында «Қайрат» жеке рекорд орнатты. 2004 жылы алматылық команданың тізгінін Алексей Петрушин ұстады. Ресейлік маманның келуімен «Қайраттың» екінші тынысы ашылған болды. Құрамын еліміздегі танымал футболшылармен толықтырған команда Қазақстан чемпионатында екінші рет жеңіске жетті. Бұның алдында тек 1992 жылғы тұңғыш біріншілікте ғана топ жарған болатын. Оңтүстік жанкүйерлері мұндай қуанышты 12 жыл күткен болатын. Самат, Смақов, Андрей Карпович, Арсен Тлехугов, Әлібек Бөлешов, Али Әлиев сияқты футболшылар жанкүйерлердің ерекше қошеметіне бөленді. Қазақстан кубогында финалға дейін жетіп, тек ақтық бәсекеде «Таразға» есе жіберді. Ел чемпионы атанған команданың «Достастық» кубогы мен Чемпиондар лигасына қатысатыны белгілі. Ресейде өткен «Достастық» кубогында ширек финалға дейін жетіп, тек ойын соңындағы пенальтиден литвалық «Каунастан» ұтылуға мәжбүр болды. Ал чемпиондар лигасында Вайсс жаттықтыратын (қазіргі «Қайраттың» бас бапкері) словакиялық «Артимедиамен» кездесті. Алматыда ұтқанымызбен, қарымта ойында сол баяғы «соңғы минуттар синдромы» орын алды. Өте өкінішті жағдайда келесі кезеңге шыға алмадық. Ел біріншілігінде «Қайрат» бұл жылы қола алса, кубок жолында бәсекеде екінші жыл қатарынан финалда сүрінді. Осы қола жүлдесінің арқасында келесі жылы УЕФА кубогына қатысуға мүмкіндік алды. Алғашқы іріктеу раундында венгриялық «Фехервармен» кездесіп, қос ойын қортындысы бойынша тізе бүкті (Алматыда 2:1, Венгрияда 0:1). Осы жылғы біріншілік аяқталған соң, «Қайраттың» көптеген футболшылары командадан кете бастады. Тоғыз жылын туған қаласынын командасында өткізген Әли түркиялық «Акчабат Себатспор» командасымен келісімшартқа отырды. Екінші айналымда «Кайсери Эрджиесспорға» ауысады. Осы команданың негізгі орталық жартылай қорғаушысы болды. Дәл Әли ауысқан жылы команда УЕФА кубогына қатысып жатқан болатын. Екінші раундта изарилдың «Маккабиін» (Тель-Авив) клубын жарыстан шығарып жібереді. Үшінші айналымда испаниялық «Атлетикоға» шамалары жетпеді. Испанияның атақты командасына қарсы өнер көрсету әсте қиын ғой. «Кайсери Эрджиесспордан» кейін «Карталспор» және «Диярбакырспор» командаларының намысын қорғады. Ал 2012 жылы Қазақстанға оралып, «Ертіс» және «Тобыл» командаларында ойнады. Қазіргі кезде өскемендік «Востоктың» негізгі тәжірибелі әрі негізгі қозғаушы күші десе болады. Биылғы біріншіліктің бірінші кезеңнің соңғы турында сырт алаңда «Ақтөбе» қақпасына айып соққысынан соққан голы командасына жеңіс сыйлады. Ұлттық құрамада Ұлттық құрама сапында екі кездесу өткізген. Алғашқы рет ұлттық құраманың жейдесін 2002 жылы Эстония құрамасына қарсы жолдастық кездесуде киіп шыққан. Ол кезде бас бапкер Вахид Масудов болған. Екінші кездесуін 2008 жылы Ресей құрамасына қарсы өткізді. Негізгі құрамға іліге алмағанын футболшының өзі жарақатымен түсіндіреді. Жетістіктері: Қазақстан чемпионы: 2004 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2005 жылы Қазақстан кубогының иегері: 2001, 2003 жылы Бек Төлеуов «Sport» газетіНигерияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысқан, тоғыз жыл «Қайрат» сапында тер төгіп, Түркия жерінде де өнер көрсетіп келген футболшыларымыздың бірі – Әли Әлиев.
Әли Ханәлиұлы Әлиев 1980 жылы, 27 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы футбол мектебінің түлегі. Аладопқа жақындығы осы алып мегаполисте басталған. Карьерасын өзінің туған қаласының бас командасы «Қайратқа» 17 жасында алынады. Алғашқы жылы жас болған соң, тек екі ойынға алаңға шықты. Әли дәл «Қайратта» ойнай бастаған жылы команда екіге бөлініп кеткен болатын. Ол ЦСКА-Қайратты таңдады. Әли мен бірге Руслан Балтиев, Серік Жейлітбаев, Александр Кучма, Қайрат Нұрдәулетов сияқты танымал футболшыларда осы команданың құрамында болды.
Әли алаңда қарсыластың шабуылын тоқтатып, өзі жаңа шабуыл бастайтын, өте еңбекқор футболшы. Былайша айтқанда футболдағы «қара жұмысты» атқарады. Физикалық даярлығы өте жоғары, еңбекқор, соққысы да мығым.
1999 жылғы Нигерияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысты. Бас бапкер Владимир Фомичев 19 жастағы футболшыны өзінен екі жас үлкен футболшылармен бірге құрамаға шақырады. Жастар арасындағы жарыста екі жастың өзі үлкен рөл ойнайды. Осы құрамадағы футболшылардың ең жасы қақпашы Давид Лория мен Әли Әлиев болды.
Шри-Ланка мен Тайландта өткен Азия аймағының екі іріктеу кезеңін қоспағанның өзінде, әлем чемпионатының финалдық кезеңіндегі үш ойынға да қатысты. Аргентина мен Хорватия құрамасына қарсы кездесуде 90-минут тер төксе, Ганамен болған ойында 80-минут жасыл алаңда ойқастады. Жастарымыз үш ойында да жеңілуге мәжбүр болды. Бірақ, финалдық кезеңге өзі әзірге біз үшін үлкен жетістік болып тұр. Сол кезде ойнаған жастардың барлығы ешқандай тиімді жағдай жасалмаса да, алаңда өздерінің шеберліктерін көрсету үшін қолдарынан келгенін аянып қалмады. Әйтпесе, футболмен тыныстайтын Аргентина құрамасынан бір гол айырмасымен ұтылу жас мемлекеттің футболшылары үшін жоғары көрсеткіш деп түсіну керек.
2001 жылы «Қайрат» командасы қайта қосылды. Осы жылдары Қазақстан УЕФА-ға қосылған болатын.Болат Әбілев демеушілік еткен команда Қазақстан кубогында жеңіске жетіп, келесі жылы елімізде алғаш болып УЕФА кубогына қатысуға мүмкіндік алды. Еуропаның маңдай алды жарысына адғаш қатысқаннан болар, алматылықтар алғашқы айналымда Белград қаласының «Црвена Звезда» командасынан қос кездесуде де есе жіберді. Ең өкініштісі югословиялық командаға бір допта соға алмадық. «Қайрат» ішікі біріншілікте де тәуір нәтиже көрсете алмады.
Келесі жылы «Қайраттың» қиын кездегі құтқарушы бапкері болып табылатын Леонид Остроушко командаға бас бапкер болып келді. Остроушконың өзі біріншілікте жүлделі орындарға команданы сүйрей алмады. Есесіне, Қазақстан кубогында жеңіске жетіп, «Қайратқа» бесінші кубокты алып берді. Осылайша, Қазақстан кубогының тарихында «Қайрат» жеке рекорд орнатты.
2004 жылы алматылық команданың тізгінін Алексей Петрушин ұстады. Ресейлік маманның келуімен «Қайраттың» екінші тынысы ашылған болды. Құрамын еліміздегі танымал футболшылармен толықтырған команда Қазақстан чемпионатында екінші рет жеңіске жетті. Бұның алдында тек 1992 жылғы тұңғыш біріншілікте ғана топ жарған болатын. Оңтүстік жанкүйерлері мұндай қуанышты 12 жыл күткен болатын. Самат, Смақов, Андрей Карпович, Арсен Тлехугов, Әлібек Бөлешов, Али Әлиев сияқты футболшылар жанкүйерлердің ерекше қошеметіне бөленді. Қазақстан кубогында финалға дейін жетіп, тек ақтық бәсекеде «Таразға» есе жіберді. Ел чемпионы атанған команданың «Достастық» кубогы мен Чемпиондар лигасына қатысатыны белгілі. Ресейде өткен «Достастық» кубогында ширек финалға дейін жетіп, тек ойын соңындағы пенальтиден литвалық «Каунастан» ұтылуға мәжбүр болды. Ал чемпиондар лигасында Вайсс жаттықтыратын (қазіргі «Қайраттың» бас бапкері) словакиялық «Артимедиамен» кездесті. Алматыда ұтқанымызбен, қарымта ойында сол баяғы «соңғы минуттар синдромы» орын алды. Өте өкінішті жағдайда келесі кезеңге шыға алмадық. Ел біріншілігінде «Қайрат» бұл жылы қола алса, кубок жолында бәсекеде екінші жыл қатарынан финалда сүрінді. Осы қола жүлдесінің арқасында келесі жылы УЕФА кубогына қатысуға мүмкіндік алды. Алғашқы іріктеу раундында венгриялық «Фехервармен» кездесіп, қос ойын қортындысы бойынша тізе бүкті (Алматыда 2:1, Венгрияда 0:1).
Осы жылғы біріншілік аяқталған соң, «Қайраттың» көптеген футболшылары командадан кете бастады. Тоғыз жылын туған қаласынын командасында өткізген Әли түркиялық «Акчабат Себатспор» командасымен келісімшартқа отырды. Екінші айналымда «Кайсери Эрджиесспорға» ауысады. Осы команданың негізгі орталық жартылай қорғаушысы болды. Дәл Әли ауысқан жылы команда УЕФА кубогына қатысып жатқан болатын. Екінші раундта изарилдың «Маккабиін» (Тель-Авив) клубын жарыстан шығарып жібереді. Үшінші айналымда испаниялық «Атлетикоға» шамалары жетпеді. Испанияның атақты командасына қарсы өнер көрсету әсте қиын ғой. «Кайсери Эрджиесспордан» кейін «Карталспор» және «Диярбакырспор» командаларының намысын қорғады. Ал 2012 жылы Қазақстанға оралып, «Ертіс» және «Тобыл» командаларында ойнады. Қазіргі кезде өскемендік «Востоктың» негізгі тәжірибелі әрі негізгі қозғаушы күші десе болады. Биылғы біріншіліктің бірінші кезеңнің соңғы турында сырт алаңда «Ақтөбе» қақпасына айып соққысынан соққан голы командасына жеңіс сыйлады.
Ұлттық құрамада
Ұлттық құрама сапында екі кездесу өткізген. Алғашқы рет ұлттық құраманың жейдесін 2002 жылы Эстония құрамасына қарсы жолдастық кездесуде киіп шыққан. Ол кезде бас бапкер Вахид Масудов болған. Екінші кездесуін 2008 жылы Ресей құрамасына қарсы өткізді. Негізгі құрамға іліге алмағанын футболшының өзі жарақатымен түсіндіреді.
Жетістіктері:
Қазақстан чемпионы: 2004 жылы
Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2005 жылы
Қазақстан кубогының иегері: 2001, 2003 жылы
Бек Төлеуов «Sport» газеті
