Жаңалықтар

Александр Шатских

Қазақстан біріншілігінің үздік сұрмергендерінің қатарына енген, 2002 жылы «Ертіспен» ел чемпионы атанған шабуылшыларымыздың бірі – Александр Шатских. Александр Анатольевич Шатских 1974 жылы 21 қаңтарда Талдықорған қаласында дүниге келген. Футболдағы жолы мен карьерасы осы өлкеде басталған. Саша мамандардың көзіне жастайынан түскен футболшы. Табандылығы мен талантының арқасында 16 жасында туған жерінің «Жетісу» командасына алынды. Бұл 1990 жылы болатын. Қырағы көз бапкерлер жас болса да, балаға сенім артып, 11 футболшының қатарына қосты. Келесі жылы тіпті, негізгі құрамға мықтап орнығып, өз орнын ешкімге ұстатпады. Ол жылдар КСРО чемпионатының соңғы екі маусымы еді. Осы екі жылда барлығы 37 ойынға қатысқан. Әрі қарай да Талдықорғаннан кетпей карьерасын жалғастыра түсті. Тек ел тәуелсіздік алған соң, жеке дербес чемпионатқа ауысты демесеңіз. Қазақстан біріншілігінде де «Қайнар» (қазіргі «Жетісу») командасының шабуылдағы басты қаруы болды. Ол кезде Берік Арғынбаев, Виктор Бабенко, Сергей Петушков, Дмитрий Пискунов сияқты ардагер футболшылармен бірге жасыл алаңда өнер көрсетті. Бірінші жылы чемпионаттағы жағдайлары аса мәз болмады. Жүлде тұрмақ көш соңындағы командалардың қатарында болды. Келесі жылы біріншілікті жоғары деңгейде бастағанымен уақыт өте келе жеңілістен көз ашпай, ақыр соңында соңғы орында қалып, Жоғары лигадағы орындарынан айырылып қалды. Сосын бір маусымды Бірінші лигада өткізіп, 1995 жылы қайта оралды. Сол жылы көрермендер мен футбол мамандарын таңқалдырған команданың бірі осы талдықорғандық «Қайнар» болды. Төмеңгі лигадан келе сала, үздіктерге әжептәуір қарсылық көрсетіп, алғашқы алтылыққа енді. Әрине жүлделі орын болмағанымен, Бірінші лигадан келген команда үшін бұл жоғары жетістік болып саналады. Саша болса, 21 ойында 10 голдың авторы атанды. Келесі жылы талдықорғандықтар 18 команданың ішінде 9-шы орынға табан тіреді. Осыдан кейін команда ауыстыруды жөн деп тапты. Ресей чемпионатының Екінші дивизионындағы «Чкаловец-1936» (қазіргі «Сібір») командасында бір маусым өткізіп қайтады. Көрсеткен нәтижесі 30 ойында 7 гол тоғытқан. Ресейден келгеннен кейін «Астанамен» келісімшарт жасасты. Елордалықтар чемпионатта нашар өнер көрсеткен жоқ, тек көшбасшы командалармен кездескенде білгендерінен жаңылып бірнеше ұпайларынан айырылып қалып жүрді. Соның нәтижесінде чемпионатты маусым соңында алтыншы орынмен аяқтады. Александрдың өзі 24 кездесуде 9 рет қақпанын саңылауын дәл көздеп клубтың үздік мергендерінің бірі болды. «Астанадан» соң, таңдаған командасы «Ертіс» болғанымен, 1999 жылы Павлодарда доп тебе алмады. Марқұм Олег Литвиненко екеуіне АФК футболдан бір жылға жасыл алаңға шығуға тиым салды. Сол кезде Азия Чемпиондар лигасына қатысқан «Ертіс» бірінші кездесуде ұтылып қалғаннан кейін қарымта ойынға қос ойыншы рұқсатсыз қатыстырылған болатын. Соның кесірінен екі шабуылшы зардап шекті. 2000 жылы жазалау мерзімі аяқталған соң, алматылық «ЦСКА-Қайратта» аз уақыт өнер көрсетті. Көп ұзмай келесі жылы Солтүстік Қазақстаннан бірақ шықты. Қызылжардың «Есіл-Богатырь» клубы ол жылдары өзінің керемет кезеңін өткізіп жатқан болатын. Демеушілері де тұрақты, қаржыдан қағажу көрмеген клуб көптеген ойыншыларды қатарларына қосқан болатын. Сашаның алдында екі жыл қатарынан күміс жүлдеге қол жеткізгеннен кейін қызылжарлықтар бұл жылы да бас жүлдеге үміткерлердің тізімінде болды. Дегенмен маусым соңында тағы бас жүлдеге қол жеткізе алмаса да, үздік үштіктің қатарынан табылды. Ал шабуылшымыз 24 ойында 8 гол соғып, клубтың үздік сұрмергені болды. Жыл соңында қызыжарлықтардың қаржылық жағдайы қайта нашарлап, тағы да команда ауыстыруға мәжбүр болды. Міне, осыдан соң, өзінің екінші бір тынысы ашылғандай болды. Жақсы ойыншының талантын ашатын әрине ол бапкер десе болады. «Ертістің» бас бапкері Дмитрий Огай Сашаны өз командасына дер кезінде шақырды. Жаңа ғасырдың бас кезінде «Ертіс», «Атырау», «Жеңіс» сияқты клубтардың дәурені жүріп тұрған еді. Кереку өңірінің командасының сол кездегі құрамы да қарымды болатын. Огайдан тәлім алған жігіттер 2002 жылы 22 ойынның 16-сын өз пайдаларына шешіп, турнир кестесінің төріне орналасты. Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені болмаса да, барған командасының бас мергені атанатын ол 21 ойында 13 гол соқты. Еліміздегі ең атақты бапкердің сеніміне ие болса да, маусым соңында «Жеңіспен» келісімшартқа отырды. Ол кезде астаналықтардың Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы деген дардай атақтары бар болатын. 2003 жылы да біріншілікті сенімді түрде бастап, алғашқы айналымнан соң, турнир кестесінде бірінші орында тұрған еді. Осы кезде қаржылық қиындықтар пайда болып, клубтың жағдайы әлсірей бастады. Әйткенмен сол «Ертіс», «Тобыл», «Жеңіс» үшеуі қарсыластарынан қара үзіп кетті. Нәтижесінде аталған екі клубты алға жіберіп, елордалықтар қоланы қанағат тұтты. Сондай-ақ «Жеңіс» УЕФА кубогының бірінші іріктеу кезеңіне қатысып, чехиялық «Викториядан» ұтылып қалды. Ал Саша маусым қорытындысы бойынша 16 ойында 14 гол соқты. Тағы бір баса айта кететін жайт, осы жылы ұлттық құрамаға бірінші рет шақырылып, Фарьер аралдарына қарсы өнер көрсетті. Бас бапкер ресейлік Леонид Пахомов болатын. Ал келесі маусымда «Жеңістің» сапында қалғанымен, қаржылық қиындықтарға байланысты клуб 10-шы орыннан әрі аса алған жоқ. Одан соң, екі жылын өзінің алғаш туған командасы «Жетісу» сапында өткізді. Талдықорғаннан кейін «Мегаспортқа» ауысты. Бірінші жылы Бірінші лигада ойнағандарымен, маусым соңында Премьер-лигаға жолдама алды. Жоғары лигаға келген жылы-ақ, «Мегаспорт» алғашқы бестіктің қатарынан көрінген еді. Бірақ алматылық клубтың ғұмыры ұзақ болмады. 2009 жылы «Алматы» мен «Мегаспортты» біріктіріліп, Астанада «Локомотив» клубы құрылды. Ресейден аттай қалап алдырған бапкеріміз Сергей Юранның командасының құрамында Саша маусымның бас жағында өнер көрсетті. Алғашқы екі турда екі гол соғып, өзінің нәтижелі шабуылшы екенін таныта бастағанда, «жарақат» деп аталатын спортшылардың қас жауы оны да айналып өтпеді. Ардагер футболшы Қазақстан чемпионатының 2-ші турында қызылордалық «Қайсардың» ойыншысымен қақтығыс кезінде оң аяғынан жарақат алды. Бұл жарақат қатардағы жарақаттың бірі болмай шықты. Біздің дәрігерлердің ота жасауға қабілеті жетпей, Германияға барып емделді. Лотар Маттеус, Михаэль Баллак, Франк Рибери сияқты танымал футболшыларды емдеген дәрігермен келісіп, ота жасатты. Сосын бір айдан кейін «Баварияның» бұрынғы дәрігері – Хельмут Хоффман екінші рет тағы ота жасайды. Міне, осылайша жарақаттан соң, формасын жинай алмай 2010 жылы футболмен біржола қоштасатынын мәлімдеді. Александр Шатских – Қазақстан чемпионатында 96, Қазақстан кубогында 5 гол соққан өте нәтижелі шабуылшыларымыздың бірі. Сондай-ақ, КСРО чемпионатының Екінші лигасында, Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында да талай рет мергендігімен танылған. Жетістіктері: Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2002 жылы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2009 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2001, 2003 жылдары Бек Төлеуов, «Sport» газеті
04.10.2013 03:47 3247

Қазақстан біріншілігінің үздік сұрмергендерінің қатарына енген, 2002 жылы «Ертіспен» ел чемпионы атанған шабуылшыларымыздың бірі – Александр Шатских.

Александр Анатольевич Шатских 1974 жылы 21 қаңтарда Талдықорған қаласында дүниге келген. Футболдағы жолы мен карьерасы осы өлкеде басталған. Саша мамандардың көзіне жастайынан түскен футболшы. Табандылығы мен талантының арқасында 16 жасында туған жерінің «Жетісу» командасына алынды. Бұл 1990 жылы болатын. Қырағы көз бапкерлер жас болса да, балаға сенім артып, 11 футболшының қатарына қосты. Келесі жылы тіпті, негізгі құрамға мықтап орнығып, өз орнын ешкімге ұстатпады. Ол жылдар КСРО чемпионатының соңғы екі маусымы еді. Осы екі жылда барлығы 37 ойынға қатысқан. Әрі қарай да Талдықорғаннан кетпей карьерасын жалғастыра түсті. Тек ел тәуелсіздік алған соң, жеке дербес чемпионатқа ауысты демесеңіз. Қазақстан біріншілігінде де «Қайнар» (қазіргі «Жетісу») командасының шабуылдағы басты қаруы болды. Ол кезде Берік Арғынбаев, Виктор Бабенко, Сергей Петушков, Дмитрий Пискунов сияқты ардагер футболшылармен бірге жасыл алаңда өнер көрсетті. Бірінші жылы чемпионаттағы жағдайлары аса мәз болмады. Жүлде тұрмақ көш соңындағы командалардың қатарында болды. Келесі жылы біріншілікті жоғары деңгейде бастағанымен уақыт өте келе жеңілістен көз ашпай, ақыр соңында соңғы орында қалып, Жоғары лигадағы орындарынан айырылып қалды. Сосын бір маусымды Бірінші лигада өткізіп, 1995 жылы қайта оралды. Сол жылы көрермендер мен футбол мамандарын таңқалдырған команданың бірі осы талдықорғандық «Қайнар» болды. Төмеңгі лигадан келе сала, үздіктерге әжептәуір қарсылық көрсетіп, алғашқы алтылыққа енді. Әрине жүлделі орын болмағанымен, Бірінші лигадан келген команда үшін бұл жоғары жетістік болып саналады. Саша болса, 21 ойында 10 голдың авторы атанды. Келесі жылы талдықорғандықтар 18 команданың ішінде 9-шы орынға табан тіреді. Осыдан кейін команда ауыстыруды жөн деп тапты. Ресей чемпионатының Екінші дивизионындағы «Чкаловец-1936» (қазіргі «Сібір») командасында бір маусым өткізіп қайтады. Көрсеткен нәтижесі 30 ойында 7 гол тоғытқан. Ресейден келгеннен кейін «Астанамен» келісімшарт жасасты. Елордалықтар чемпионатта нашар өнер көрсеткен жоқ, тек көшбасшы командалармен кездескенде білгендерінен жаңылып бірнеше ұпайларынан айырылып қалып жүрді. Соның нәтижесінде чемпионатты маусым соңында алтыншы орынмен аяқтады. Александрдың өзі 24 кездесуде 9 рет қақпанын саңылауын дәл көздеп клубтың үздік мергендерінің бірі болды. «Астанадан» соң, таңдаған командасы «Ертіс» болғанымен, 1999 жылы Павлодарда доп тебе алмады. Марқұм Олег Литвиненко екеуіне АФК футболдан бір жылға жасыл алаңға шығуға тиым салды. Сол кезде Азия Чемпиондар лигасына қатысқан «Ертіс» бірінші кездесуде ұтылып қалғаннан кейін қарымта ойынға қос ойыншы рұқсатсыз қатыстырылған болатын. Соның кесірінен екі шабуылшы зардап шекті. 2000 жылы жазалау мерзімі аяқталған соң, алматылық «ЦСКА-Қайратта» аз уақыт өнер көрсетті. Көп ұзмай келесі жылы Солтүстік Қазақстаннан бірақ шықты. Қызылжардың «Есіл-Богатырь» клубы ол жылдары өзінің керемет кезеңін өткізіп жатқан болатын. Демеушілері де тұрақты, қаржыдан қағажу көрмеген клуб көптеген ойыншыларды қатарларына қосқан болатын. Сашаның алдында екі жыл қатарынан күміс жүлдеге қол жеткізгеннен кейін қызылжарлықтар бұл жылы да бас жүлдеге үміткерлердің тізімінде болды. Дегенмен маусым соңында тағы бас жүлдеге қол жеткізе алмаса да, үздік үштіктің қатарынан табылды. Ал шабуылшымыз 24 ойында 8 гол соғып, клубтың үздік сұрмергені болды. Жыл соңында қызыжарлықтардың қаржылық жағдайы қайта нашарлап, тағы да команда ауыстыруға мәжбүр болды.

Міне, осыдан соң, өзінің екінші бір тынысы ашылғандай болды. Жақсы ойыншының талантын ашатын әрине ол бапкер десе болады. «Ертістің» бас бапкері Дмитрий Огай Сашаны өз командасына дер кезінде шақырды. Жаңа ғасырдың бас кезінде «Ертіс», «Атырау», «Жеңіс» сияқты клубтардың дәурені жүріп тұрған еді. Кереку өңірінің командасының сол кездегі құрамы да қарымды болатын. Огайдан тәлім алған жігіттер 2002 жылы 22 ойынның 16-сын өз пайдаларына шешіп, турнир кестесінің төріне орналасты. Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені болмаса да, барған командасының бас мергені атанатын ол 21 ойында 13 гол соқты. Еліміздегі ең атақты бапкердің сеніміне ие болса да, маусым соңында «Жеңіспен» келісімшартқа отырды. Ол кезде астаналықтардың Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы деген дардай атақтары бар болатын.

2003 жылы да біріншілікті сенімді түрде бастап, алғашқы айналымнан соң, турнир кестесінде бірінші орында тұрған еді. Осы кезде қаржылық қиындықтар пайда болып, клубтың жағдайы әлсірей бастады. Әйткенмен сол «Ертіс», «Тобыл», «Жеңіс» үшеуі қарсыластарынан қара үзіп кетті. Нәтижесінде аталған екі клубты алға жіберіп, елордалықтар қоланы қанағат тұтты. Сондай-ақ «Жеңіс» УЕФА кубогының бірінші іріктеу кезеңіне қатысып, чехиялық «Викториядан» ұтылып қалды. Ал Саша маусым қорытындысы бойынша 16 ойында 14 гол соқты. Тағы бір баса айта кететін жайт, осы жылы ұлттық құрамаға бірінші рет шақырылып, Фарьер аралдарына қарсы өнер көрсетті. Бас бапкер ресейлік Леонид Пахомов болатын.

Ал келесі маусымда «Жеңістің» сапында қалғанымен, қаржылық қиындықтарға байланысты клуб 10-шы орыннан әрі аса алған жоқ. Одан соң, екі жылын өзінің алғаш туған командасы «Жетісу» сапында өткізді. Талдықорғаннан кейін «Мегаспортқа» ауысты. Бірінші жылы Бірінші лигада ойнағандарымен, маусым соңында Премьер-лигаға жолдама алды. Жоғары лигаға келген жылы-ақ, «Мегаспорт» алғашқы бестіктің қатарынан көрінген еді. Бірақ алматылық клубтың ғұмыры ұзақ болмады. 2009 жылы «Алматы» мен «Мегаспортты» біріктіріліп, Астанада «Локомотив» клубы құрылды. Ресейден аттай қалап алдырған бапкеріміз Сергей Юранның командасының құрамында Саша маусымның бас жағында өнер көрсетті. Алғашқы екі турда екі гол соғып, өзінің нәтижелі шабуылшы екенін таныта бастағанда, «жарақат» деп аталатын спортшылардың қас жауы оны да айналып өтпеді. Ардагер футболшы Қазақстан чемпионатының 2-ші турында қызылордалық «Қайсардың» ойыншысымен қақтығыс кезінде оң аяғынан жарақат алды. Бұл жарақат қатардағы жарақаттың бірі болмай шықты. Біздің дәрігерлердің ота жасауға қабілеті жетпей, Германияға барып емделді. Лотар Маттеус, Михаэль Баллак, Франк Рибери сияқты танымал футболшыларды емдеген дәрігермен келісіп, ота жасатты. Сосын бір айдан кейін «Баварияның» бұрынғы дәрігері – Хельмут Хоффман екінші рет тағы ота жасайды. Міне, осылайша жарақаттан соң, формасын жинай алмай 2010 жылы футболмен біржола қоштасатынын мәлімдеді.

Александр Шатских – Қазақстан чемпионатында 96, Қазақстан кубогында 5 гол соққан өте нәтижелі шабуылшыларымыздың бірі. Сондай-ақ, КСРО чемпионатының Екінші лигасында, Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында да талай рет мергендігімен танылған.

Жетістіктері:

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2002 жылы

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2009 жылы

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2001, 2003 жылдары

Бек Төлеуов, «Sport» газеті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға