Жаңалықтар

Руслан Гумар

Қазақстан біріншілігінде 400-ден астам кездесу өткізген санаулы ойыншы бар. Солардың алдыңғы легінде тұрған, бірнеше жыл еліміздің ең үздік қорғаушыларының бірі болған футболшы – Руслан Гумар. Руслан Викторович Гумар 1973 жылы,18 қарашада дүниеге келген.  Футболдағы карьерасын «Екібастұз» сапында бастап, тоғыз маусым қатарынан осы клубта өнер көрсетті. Енді әрбір жылдағы карьерасына аздап тоқтала кетсек: Алғаш «Екібастұздың» қатарына қабылағанда жасы небәрі 17-де еді. Ол  кезде «Екібастұз» КСРО чемпионатының Екінші дивизонында өнер көрсетіп жүрген болатын. Сол біріншілікте ол 19 ойын өткізді. Келесі жылы тіпті негізгі құрамдағы орнын ешкімге бермей, 30 ойынға қатысып, бір нәтижелі соққы жасады. Ал 1992 жылы дербес Қазақстан біріншілігі өз жалауын көтеріп, еліміздің тұңғыш чемпионаты басталды. Ойыншылардың бір-бірімен түсінсуі,  қаржылық тұрақтылық сияқты факторлар Русланның командасында ол кездері жақсы болатын. Сондықтан болар чемпионаттың алғашқы жылдары  клуб жүлделі орындарға үміткерлердің қатарында болды. Тұңғыш чемпионатта «Қайрат», «СКИФ-Арсенал», «Трактор» үшеуін алға жіберіп, төртінші орынмен аяқтады. Үздік 33 футболшының қатарына қорғаушылардан Руслан сосын Виталий Спарышев, шабуылшылардан Николай Курганский енді. Бұдан соң, команда атауын «Батыр» деп өзгертті. 1993 жылы бір облыстың екі командасы мәреге бірдей келді. Чемпион облыс орталығының командасы «Аңсат» болса, екінші орын «Батырға» бұйырды. Команданың шабуылшысы Николай Курганский чемпиоанттың «ең үздік ойыншысы» атанды. Сол жылдары команда да тағы екі танымал шабуылшы өнер көрсетті. Олар – Виктор Зубарев пен Гурам Макаев. Алғашқы жылдағы сияқты Руслан, Виталий, Николай үздік 33 футболшының қатарына тағы  енді. Осыдан соң, екі жыл қатарынан команда жоғары орындарға көтеріле алмай жүрді. Сол кезде Курганскийда шетелге кеткен еді. Русланның алаңдағы міндеті қорғаушы болса да, 1995 жылы 6 гол соғып, «Екібастұздың» бас мергені атанды. Жылдан-жылға команда  естерін жинап, жоғары орындарға қайта үміттене бастады. Үздік үштікке ену үшін алғашқы қадамдар жасала бастады. Ол кезде «Тараз», «Елімай», «Ертістің» бәсі жоғары еді. Сосын 1996  жылы Ақтаудың «Мұнайшы» командасы қаржылық потенциалға ие болып, жоғары орындарға таласқан кез еді.  «Мұнайшымен» бірдей ұпай жинап, тек жекелеген көрсеткіштер бойынша ғана есе жіберген «Батыр» чемпионатты бесінші орынмен аяқтады. Ал 1997 жылы алтыншы орыннан табылса, келесі маусымда жүлдеге таласатын уақыт та келіп жетті. Осылайша араға бес жыл салып, екінші күмістеріне қол жеткізді. Бірақ, Руслан маусымды толығымен аяқтаған жоқ. Трансферлік үзіліс кезінде Ресейден ұсыныс түсіп, өзге чемпионатта бағын сынап көруді жөн санайды.  Сегіз жыл бойы бір клубтың намысын қорғаған футболшы 181 ойын өткізіп, 29 гол соққан. Елден кеткен соң, Нижний Новогордың «Локомотив» сапында командалас досы Виктор Зубарев екеуі бірге ойнады. Ресейдің Бірінші лигасында жарты маусым ойнаған екеуі команданы Жоғары лигаға шығуларына өз үлестерін қосты. Сосын елге қайта оралды. Бұл жолы  тек «Екібастұзға» емес.Ресейден елге оралған  Виктор мен Руслан екеуін бірдей «Ертіс» өз қатарларына қосты. Анатолий Чернов кейін Владимир Линчевский жаттықтырған команда ел чемпионатының алтынын олжалады. Руслан «Ертісте» көп тұрақтаған жоқ. Келесі маусымды «Аксесс-Голден-Грейн» сапында жалғастырды. Қызылжарда қатарынан үш жыл жыл ойнады. Біріншіліктің бір күмісі мен бір қоласын еншіледі. Солтүстіктен кеткен соң, Талдықорғаннан ұсыныс түсті. «Жетісуда» 2003-2005 жылдары 73 рет алаңға шығып, 9 мәрте мергендік танытқан. Ал 2006 жылды туған командасы «Екібастұзда», 2007 жылы қайтадан «Жетісуда» ойнады. Талдықорғандықтар ол маусымда бесінші орыннан көрінген еді. Сосын «Ертіске» оралып, үш маусымын өткізді. Үш жылдың ішінде клуб екі рет қола жүлдені олжалады.Үлкен футболдағы карьерасын Бірінші лигадағы «Астана-1964» сапында аяқтады. Үлкен футболдағы деп жатқанымыз, Руслан қазіргі кезде  жағажай футболынан павлодарлық «Арман» командасында өнер көрсетіп жүр. Тіпті биылғы маусымда жағажай футболынан Қазақстанның «ең үздік қорғаушысы» атанды. Ұлттық құрамада Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 1994 жылы Ташкентке Өзбекстан құрамасына қарсы өткізген. Жалпы еліміздің бас командасының жейдесін 13 рет киіп шыққан. Жетістіктері: Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1999 жылы. Қазақстан  чемпионатының күміс жүлдегері: 1993, 2000 жылдары. Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2001,2008,2010 Бірнеше мәрте Қазақстан чемпионатының үздік 33 футболшының қатарынан енген.  Бек Төлеуов «Sport»  
04.10.2013 03:46 3123

Қазақстан біріншілігінде 400-ден астам кездесу өткізген санаулы ойыншы бар. Солардың алдыңғы легінде тұрған, бірнеше жыл еліміздің ең үздік қорғаушыларының бірі болған футболшы – Руслан Гумар.

Руслан Викторович Гумар 1973 жылы,18 қарашада дүниеге келген.  Футболдағы карьерасын «Екібастұз» сапында бастап, тоғыз маусым қатарынан осы клубта өнер көрсетті. Енді әрбір жылдағы карьерасына аздап тоқтала кетсек:

Алғаш «Екібастұздың» қатарына қабылағанда жасы небәрі 17-де еді. Ол  кезде «Екібастұз» КСРО чемпионатының Екінші дивизонында өнер көрсетіп жүрген болатын. Сол біріншілікте ол 19 ойын өткізді. Келесі жылы тіпті негізгі құрамдағы орнын ешкімге бермей, 30 ойынға қатысып, бір нәтижелі соққы жасады. Ал 1992 жылы дербес Қазақстан біріншілігі өз жалауын көтеріп, еліміздің тұңғыш чемпионаты басталды. Ойыншылардың бір-бірімен түсінсуі,  қаржылық тұрақтылық сияқты факторлар Русланның командасында ол кездері жақсы болатын. Сондықтан болар чемпионаттың алғашқы жылдары  клуб жүлделі орындарға үміткерлердің қатарында болды. Тұңғыш чемпионатта «Қайрат», «СКИФ-Арсенал», «Трактор» үшеуін алға жіберіп, төртінші орынмен аяқтады. Үздік 33 футболшының қатарына қорғаушылардан Руслан сосын Виталий Спарышев, шабуылшылардан Николай Курганский енді. Бұдан соң, команда атауын «Батыр» деп өзгертті.

1993 жылы бір облыстың екі командасы мәреге бірдей келді. Чемпион облыс орталығының командасы «Аңсат» болса, екінші орын «Батырға» бұйырды. Команданың шабуылшысы Николай Курганский чемпиоанттың «ең үздік ойыншысы» атанды. Сол жылдары команда да тағы екі танымал шабуылшы өнер көрсетті. Олар – Виктор Зубарев пен Гурам Макаев. Алғашқы жылдағы сияқты Руслан, Виталий, Николай үздік 33 футболшының қатарына тағы  енді. Осыдан соң, екі жыл қатарынан команда жоғары орындарға көтеріле алмай жүрді. Сол кезде Курганскийда шетелге кеткен еді. Русланның алаңдағы міндеті қорғаушы болса да, 1995 жылы 6 гол соғып, «Екібастұздың» бас мергені атанды. Жылдан-жылға команда  естерін жинап, жоғары орындарға қайта үміттене бастады. Үздік үштікке ену үшін алғашқы қадамдар жасала бастады. Ол кезде «Тараз», «Елімай», «Ертістің» бәсі жоғары еді. Сосын 1996  жылы Ақтаудың «Мұнайшы» командасы қаржылық потенциалға ие болып, жоғары орындарға таласқан кез еді.  «Мұнайшымен» бірдей ұпай жинап, тек жекелеген көрсеткіштер бойынша ғана есе жіберген «Батыр» чемпионатты бесінші орынмен аяқтады. Ал 1997 жылы алтыншы орыннан табылса, келесі маусымда жүлдеге таласатын уақыт та келіп жетті. Осылайша араға бес жыл салып, екінші күмістеріне қол жеткізді. Бірақ, Руслан маусымды толығымен аяқтаған жоқ. Трансферлік үзіліс кезінде Ресейден ұсыныс түсіп, өзге чемпионатта бағын сынап көруді жөн санайды.  Сегіз жыл бойы бір клубтың намысын қорғаған футболшы 181 ойын өткізіп, 29 гол соққан. Елден кеткен соң, Нижний Новогордың «Локомотив» сапында командалас досы Виктор Зубарев екеуі бірге ойнады. Ресейдің Бірінші лигасында жарты маусым ойнаған екеуі команданы Жоғары лигаға шығуларына өз үлестерін қосты. Сосын елге қайта оралды. Бұл жолы  тек «Екібастұзға» емес.Ресейден елге оралған  Виктор мен Руслан екеуін бірдей «Ертіс» өз қатарларына қосты. Анатолий Чернов кейін Владимир Линчевский жаттықтырған команда ел чемпионатының алтынын олжалады. Руслан «Ертісте» көп тұрақтаған жоқ. Келесі маусымды «Аксесс-Голден-Грейн» сапында жалғастырды. Қызылжарда қатарынан үш жыл жыл ойнады. Біріншіліктің бір күмісі мен бір қоласын еншіледі. Солтүстіктен кеткен соң, Талдықорғаннан ұсыныс түсті. «Жетісуда» 2003-2005 жылдары 73 рет алаңға шығып, 9 мәрте мергендік танытқан. Ал 2006 жылды туған командасы «Екібастұзда», 2007 жылы қайтадан «Жетісуда» ойнады. Талдықорғандықтар ол маусымда бесінші орыннан көрінген еді. Сосын «Ертіске» оралып, үш маусымын өткізді. Үш жылдың ішінде клуб екі рет қола жүлдені олжалады.Үлкен футболдағы карьерасын Бірінші лигадағы «Астана-1964» сапында аяқтады. Үлкен футболдағы деп жатқанымыз, Руслан қазіргі кезде  жағажай футболынан павлодарлық «Арман» командасында өнер көрсетіп жүр. Тіпті биылғы маусымда жағажай футболынан Қазақстанның «ең үздік қорғаушысы» атанды.

Ұлттық құрамада

Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 1994 жылы Ташкентке Өзбекстан құрамасына қарсы өткізген. Жалпы еліміздің бас командасының жейдесін 13 рет киіп шыққан.

Жетістіктері:

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1999 жылы.

Қазақстан  чемпионатының күміс жүлдегері: 1993, 2000 жылдары.

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2001,2008,2010

Бірнеше мәрте Қазақстан чемпионатының үздік 33 футболшының қатарынан енген.

 Бек Төлеуов «Sport»

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға