Жаңалықтар

Нұрмат Мырзабаев

Еліміздің үнемі үздік клубтарында сапында өнер көрсетіп, қорғаушылардың арасында бәсі жоғары болған  футболшылардың бірі – Нұрмат Мырзабаев. Кешегі футболшы бүгінгі бапкер Нұрмат Мырзабаев 1972 жылы, 11 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. 90-шы жылдардың басында жарқырап шыққан Азамат Ниязымбетов, Ерлан Елеусінов, Нүркен Мәзбаев сияқты Әулиеата өңірінің футболшыларының қатарында сол кезде осы Нұрматта болды. Ол «Тараздың» негізгі құрамына 1994 жылы алынды. Бас бапкер Марьянков шәкірттерін Азия кубок иегерлерінің додасына дайындады. Халықаралық деңгейдегі дода болғандықтан  жауапкершілікті қажет етеді. «Тараз» алғаш рет қатысып тұрса да, жаман өнер көрсеткен жоқ. Ширек финалға дейін жетіп, үздік сегіздікке енген болатын. Бұл сөзсізВ. Марьянков, В. Л. Хван, А. И. Бельский сияқты бапкерлердің еңбегі. Сондай-ақ, чемпионатты «Тараз» сегізінші орынмен аяқтады. Нұрмат өзі 20 ойынға қатысып, бір гол соққаны бар.  Келесі жылы «Тараз» алғашқы жүлделерін еншіледі. «Елімайдан» соң, екінші орын алды. Бұл маусымда 27 рет алаңға шығып, 4 голдың авторы атанды. «Тараз» жайлы айтқанда есімізге әуелі Воит Талгаев түседі. Команданың ең ірі жетістіктері де осы бапкермен байланысты. Көптеген қазақ футболшыларын негізгі құрамға шығарып, өз есімдерін тарихқа жазуға мүмкіндік берді. Легионерлерден гөрі жергілікті футболшыларға сенім артты.   Воиттың келуімен «Тараз» чемпионатта топ жарды. «Елімай» мен «Ертісті» артқа тастады. Нүркен, Ғани,Азамат, Нұрматтар көсіле шапты. Қақпашы Олег Воскобойников үздік атанды. Әкім бір-бір темір тұлпар міңгізді. 1997 жылы екінші рет чемпион атануларына мүмкіндіктері де бар еді. Тек «алтын матчта» павлодарлық «Ертіске» жіберіп, бұйырғаны күміс болды. Үш жылда екі күміс, бір алтын еншіледі. Клубтың одан кейінгі жағдайы белгілі,қаржылық қиындықтар басталды. Ойыншылар өзге командаларға топырлап кете бастады. Нұрматта команда ауыстыруына мәжбүр болды. Ол осы «Таразда» өткізген төрт маусымда  96 рет алаңға шығып, 13 гол соққан. Алдымен «Ертісте» бір маусым ойнады. Керекулік команда біріншілікте ол жылы қоланы еншілеген болатын.Сосын «Аксесс-Голден Грейн»командасында ауысты. Бұл кезде Қызылжар қаласының командасын облыс әкімі тіклей қолдап, футбол басшылары супер клуб жасамақшы болған. Тұрақты демеуші де табылды. Алдарына қойған мақсаттары да жоғары. Шақырған футболшылары да еліміздегі танымал аяқдопшылары мен қатар шетелден легионерлер алдырды. Кейде ақшаның да шешпейтін мәселелері болады. Содан соң, сәттілік жолдас болмаса тағы қиын. Бабы келіскен мен бағы жанбайтын жағдайлар болады. Міне осы жағдайлар бұл клубта да кездесті. Атауы бірнеше рет өзгерген команда Қазақстан біріншілігінде жоғары орындарға қол созды. Жүлделі орындарға таласатын командалардың алдыңғы легінде болды. Бірақ, алтын бұйырмады. Үш жыл бойы үздік үштіктен түсіп көрген жоқ. Мырзабаев өзі болса, 67 кездесуде 10 рет қанжығасын майлады. Сосын қызылжарлық команда да қаржылық  қиындыққа тап болды. Әкім ауысты, демеушілері кетті. Ал Нұрмат «Ертісті» таңдады. Бұл кезде команда тізігіні Дмитрий Огайдың қолында болатын. Қазақстанда дүниеге келіп, осы елдің футболшысы болған Огай бапкерлік қызметте де аз табысқа жеткен жоқ. Сондай-ақ, сөзден гөрі істің адамы десек болады. Бапкер ретінде алғашқы атағы шыға бастаған ол «Ертістегі» кезі болатын. Павлодарлық клубтың тізгінін ұстаған жылы-ақ, команданы чемпиондыққа жетеледі. Ол еңбегі өз жемісін берді. Басты қарсыласы «Атыраудан» сегіз ұпайға артық жинап, Қазақстан біріншілігінде жеңіске жетті. Бұл Нұрмат Мырзабаевтың ел чемпионатындағы екінші бас жүлдесі. Сосын Ерлан Елеусінов өнер көрсетіп жүрген «Ақтөбеге» ауысты. Клубтың енді-енді ғана еңсесін көтеріп келе жатқан кезі болатын. Сол жылы батыстық команда бесінші орыннан көрінді.Қорғаушы болса да Нұрмат өзі бес гол соғып, мергендігінде байқатты. Ал 2004 жылы «Тараз» өзге командаларда шашылып жүрген футболшыларын өздеріне қайта жинады. Нұрмат пен Ерлан тіпті Нүркен мен Азамат та»Таразға» қайта оралды. Ардагерлер футболшылар сол жылы Қазақстан кубогында жеңіске жетті. Бас бапкер Юрий Коньков еді. Финалда «Қайраттан» басым түсті. «Тараздың» тұңғыш кубогына осы тәжірибелі ойыншылардың еңбегі зор. 2007  жылы футболдағы карьерасын аяқтауға шешім қабылдайды. Нұрмат пен қатар бірге жүрген достарының көпшілігі осы шешімге келген болатын. Ұлттық құрамада  Ұлттық құраманың есігі Нұрмат үшін 1998 жылы ашылды. Алғашқы ойынын Азия ойындарына іріктеу додасы аясында Иранға қарсы өткізді. Құрама сапындағы бірінші әрі жалғыз голын көп уақыт өткізбей-ақ, Катардың қақпасына соқты.Жалпы ұлттық құрамада 1998-2003 жылдары 16 ойын өткізген. Жетістіктері: Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1996,2002 жылдары Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1995,1999,2000 Қазақсатан чемпионатының қола жүлдегері: 1998,2001 жылдары Қазақстан кубогының иегері: 2004  жылы Бек Төлеуов «Sport»
04.10.2013 03:45 4337

Еліміздің үнемі үздік клубтарында сапында өнер көрсетіп, қорғаушылардың арасында бәсі жоғары болған  футболшылардың бірі – Нұрмат Мырзабаев.

Кешегі футболшы бүгінгі бапкер Нұрмат Мырзабаев 1972 жылы, 11 қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. 90-шы жылдардың басында жарқырап шыққан Азамат Ниязымбетов, Ерлан Елеусінов, Нүркен Мәзбаев сияқты Әулиеата өңірінің футболшыларының қатарында сол кезде осы Нұрматта болды.

Ол «Тараздың» негізгі құрамына 1994 жылы алынды. Бас бапкер Марьянков шәкірттерін Азия кубок иегерлерінің додасына дайындады. Халықаралық деңгейдегі дода болғандықтан  жауапкершілікті қажет етеді. «Тараз» алғаш рет қатысып тұрса да, жаман өнер көрсеткен жоқ. Ширек финалға дейін жетіп, үздік сегіздікке енген болатын. Бұл сөзсізВ. Марьянков, В. Л. Хван, А. И. Бельский сияқты бапкерлердің еңбегі. Сондай-ақ, чемпионатты «Тараз» сегізінші орынмен аяқтады. Нұрмат өзі 20 ойынға қатысып, бір гол соққаны бар. 
Келесі жылы «Тараз» алғашқы жүлделерін еншіледі. «Елімайдан» соң, екінші орын алды. Бұл маусымда 27 рет алаңға шығып, 4 голдың авторы атанды.

«Тараз» жайлы айтқанда есімізге әуелі Воит Талгаев түседі. Команданың ең ірі жетістіктері де осы бапкермен байланысты. Көптеген қазақ футболшыларын негізгі құрамға шығарып, өз есімдерін тарихқа жазуға мүмкіндік берді. Легионерлерден гөрі жергілікті футболшыларға сенім артты.

  Воиттың келуімен «Тараз» чемпионатта топ жарды. «Елімай» мен «Ертісті» артқа тастады. Нүркен, Ғани,Азамат, Нұрматтар көсіле шапты. Қақпашы Олег Воскобойников үздік атанды. Әкім бір-бір темір тұлпар міңгізді. 1997 жылы екінші рет чемпион атануларына мүмкіндіктері де бар еді. Тек «алтын матчта» павлодарлық «Ертіске» жіберіп, бұйырғаны күміс болды. Үш жылда екі күміс, бір алтын еншіледі. Клубтың одан кейінгі жағдайы белгілі,қаржылық қиындықтар басталды. Ойыншылар өзге командаларға топырлап кете бастады. Нұрматта команда ауыстыруына мәжбүр болды. Ол осы «Таразда» өткізген төрт маусымда  96 рет алаңға шығып, 13 гол соққан.

Алдымен «Ертісте» бір маусым ойнады. Керекулік команда біріншілікте ол жылы қоланы еншілеген болатын.Сосын «Аксесс-Голден Грейн»командасында ауысты. Бұл кезде Қызылжар қаласының командасын облыс әкімі тіклей қолдап, футбол басшылары супер клуб жасамақшы болған. Тұрақты демеуші де табылды. Алдарына қойған мақсаттары да жоғары. Шақырған футболшылары да еліміздегі танымал аяқдопшылары мен қатар шетелден легионерлер алдырды. Кейде ақшаның да шешпейтін мәселелері болады. Содан соң, сәттілік жолдас болмаса тағы қиын. Бабы келіскен мен бағы жанбайтын жағдайлар болады. Міне осы жағдайлар бұл клубта да кездесті. Атауы бірнеше рет өзгерген команда Қазақстан біріншілігінде жоғары орындарға қол созды. Жүлделі орындарға таласатын командалардың алдыңғы легінде болды. Бірақ, алтын бұйырмады. Үш жыл бойы үздік үштіктен түсіп көрген жоқ. Мырзабаев өзі болса, 67 кездесуде 10 рет қанжығасын майлады. Сосын қызылжарлық команда да қаржылық  қиындыққа тап болды. Әкім ауысты, демеушілері кетті. Ал Нұрмат «Ертісті» таңдады. Бұл кезде команда тізігіні Дмитрий Огайдың қолында болатын. Қазақстанда дүниеге келіп, осы елдің футболшысы болған Огай бапкерлік қызметте де аз табысқа жеткен жоқ. Сондай-ақ, сөзден гөрі істің адамы десек болады. Бапкер ретінде алғашқы атағы шыға бастаған ол «Ертістегі» кезі болатын. Павлодарлық клубтың тізгінін ұстаған жылы-ақ, команданы чемпиондыққа жетеледі. Ол еңбегі өз жемісін берді. Басты қарсыласы «Атыраудан» сегіз ұпайға артық жинап, Қазақстан біріншілігінде жеңіске жетті. Бұл Нұрмат Мырзабаевтың ел чемпионатындағы екінші бас жүлдесі. Сосын Ерлан Елеусінов өнер көрсетіп жүрген «Ақтөбеге» ауысты. Клубтың енді-енді ғана еңсесін көтеріп келе жатқан кезі болатын. Сол жылы батыстық команда бесінші орыннан көрінді.Қорғаушы болса да Нұрмат өзі бес гол соғып, мергендігінде байқатты. Ал 2004 жылы «Тараз» өзге командаларда шашылып жүрген футболшыларын өздеріне қайта жинады. Нұрмат пен Ерлан тіпті Нүркен мен Азамат та»Таразға» қайта оралды. Ардагерлер футболшылар сол жылы Қазақстан кубогында жеңіске жетті. Бас бапкер Юрий Коньков еді. Финалда «Қайраттан» басым түсті. «Тараздың» тұңғыш кубогына осы тәжірибелі ойыншылардың еңбегі зор. 2007  жылы футболдағы карьерасын аяқтауға шешім қабылдайды. Нұрмат пен қатар бірге жүрген достарының көпшілігі осы шешімге келген болатын.

Ұлттық құрамада 

Ұлттық құраманың есігі Нұрмат үшін 1998 жылы ашылды. Алғашқы ойынын Азия ойындарына іріктеу додасы аясында Иранға қарсы өткізді. Құрама сапындағы бірінші әрі жалғыз голын көп уақыт өткізбей-ақ, Катардың қақпасына соқты.Жалпы ұлттық құрамада 1998-2003 жылдары 16 ойын өткізген.

Жетістіктері:

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1996,2002 жылдары

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1995,1999,2000

Қазақсатан чемпионатының қола жүлдегері: 1998,2001 жылдары

Қазақстан кубогының иегері: 2004  жылы

Бек Төлеуов «Sport»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға