Асхат Борантаев
Кешегі «Намыстан» бүгінгі чемпион «Шахтерге» дейін бірнеше клубта доп теп, оң қапталдағы еліміздегі таңдаулылардың қатарында болған футболшы Асхат Борантаев. Қазақстан тәуелсіздік алған соң, өз футболымызды жеке өрістетуге мүмкіндік алдық. Дербес чемпионатымыз жалауын көтерді. Ол жылдар әрине қиын-қыстау экономиканың қарқын ала қоймаған кезі еді. Қаржы жоқ болса, футболдың да дамымайтыны белгілі. Осы жылдары көптеген футбол клубтары құрылып, тез арада тарап жатты. Олардың санынан адамдар шатасып та қалды. Бірақ, «Намысты» ешкім ұмытқан жоқ. Ол ел футболына айтарлықтай үлес қосты. Әрине ғұмыры ұзақ болған жоқ. Сонда да қысқа уақыт ішінде қаншама футболшыны елге танымал етті. Отандық футболды бірнеше талантты ойыншылармен байытты. Демек, клуб өз миссиясын орындады. Міне, осы «Намыстан» түлеп ұшқан футболшылардың бірі Асхат Борантаев. Асхат Борантаев 1978 жылы, 22 тамыз Талдықорған қаласында дүниеге келген. Футболмен тоғыз жасынан айналыса бастаған. Қаладағы спорт мектептерінің бірінің футбол секциясына жазылады. Бірақ, көп ұзамай Талдықорғанан Алматыға келеді. Оңтүстік Астанадағы спорт-интернатына түсіп, Евгений Кузнецовтың тобында жаттықты. Бұл бапкерден көптеген танымал футболшылар тәлім алған. Интернатты бітіріп шыққан соң, жоғарыда айтқан кілең қазақ балаларынан құрылған «Намыс» клубында өнер көрсетті. Үш жылдан соң, команда қаржылық дағдарысқа тап болып, тарап кетті. Клуб өз жұмысын тоқтатқан соң, Алматы облысының біріншілігінде өнер көрсететін Табақсовхозының (қазіргі Панфилов ауданы) командасына ойнады. Бұл ауылда Грекиядан жер аударылған гректер тұратын. Команданы Константин Муратидижаттықтырды. Спорт интернаттағы бапкері Евгений Кузнецов «Қайраттың» қосалқы құрамына жаттықтырушы болып келгенде, Асхатты «халықтық» командаға шақырады. Алғашқы кездері Кузнецовтың қарамағында қосалқы құрамда ойнап жүрді. Сосын «Қайрат» екіге бөлінді. Ол армияшыларды яғни «Қайрат-ЦСКА» командасын таңдауды жөн санады. Өзін жақсы қырынан таныта бастаған соң, негізгі құрамға өтті.1999 жылы 15 кездесу өткізді. Ал 2000 жылы бірінші рет алматылық емес командадан шақырту алып, Қостанайға ауысты. Бұл кезде клубқа әлі жаңа реформа жасалмаған болатын. Олай дейтін себебіміз, 2002 жылы команда қайта жасақталып, бас бапкері ауысқан соң, жүлдеге таласа бастаған еді. Асхат «Тобылға» барған жылы-ақ, негізгі құрамнан мықтап орын алды. Елге таңыла бастаған кезі де осы жылдармен байланысты. Қапталдан шабуылға тез қосылып, әріптестерін паспен қамтасыз ету шеберлігі бапкерге ұнап, негізгі құрамнан ойып тұрып орын алды. Сондай-ақ, қарсыластың ойын оқып, добын тартып алу жағынан да қара жаяу емес. «Тобыл» жаңа ғасырдың бас жағында турнир кестесінде орта тұсынан табылып жүрді. 2002 жылы бас бапкерлікке Рафик Огнесофич Балбабян келді. Көмекшілері болып Валерий Вельман,Виктор Трегубов бекітілді. Бас бапкердің кеңесшісі болып, Борис Журавлев шақыртылды. Ал командаға Азамат Нияымбетов, Данияр Мұқанов,Нүркен Мәзбаев сияқты футболшылармен қатар ресейлік Андрей Шкурин қосылды. Бұл кезде ел біріншілігінде дәл қазіргі кездегідей 12 команда өнер көрсететін. Алдымен бірінші айналымда алғашқы алтылық енген қостанайлықтар сосын жүлдеге таласа бастады. Нәтижесіне «Ертіс» пен «Атыраудан» кейін үздік үштікке енді. Сол жылы жаз айларының бірінде «Тобыл» Алматыда «Қайраттан» басым түскен еді. Осы ойында Асхаттың жаңына бұрынғы бапкері Константин Муратиди келіп, Грекия чемпионатына ауысуға мүмкіндік бар екенін және осы іспен айналысатын таныс агенті жайлы да айтады. Борантаев болса, ойлануға рұқсат сұрайды. Сосын маусым аяқталған соң, қыс кезінде қостанайлықтар Түркияға оқу-жаттығу жиындарына кетуге дайындалып жатқанда Грекиядан Муратиди айтқан агент қоңырау шалып, егер ежелгі Эллада жерінде ойнағын келесе, тез арада кел деп шақырады. Грекияның жоғары лигасында» ойнайтын «Акратитос» командасына бесінші легионер қажет екенін айтады. Асхат 5 қаңтарда барғанда, бәрібір кешігіп қалады. Гректер бесінші шетелдік ойыншынымен келісімшарт жасасып қойғандықтан алтыншы легионерді қабылдай алмады (оларда бес легионер ғана ойнай алады). Осыдан соң, басқа команда қарастырады. Агенті Бірінші лигада өнер көрсететін «Ахарнаикос» клубымен сөйлесіп, осы командамен келісімшартқа қол жеткізді. Бұл клубта ол бір жыл ойнады. 2004 жылы елге Қазақстанға оралып, «Тараздан» шақырту алды. Бұл кезде өзіне жақсы таныс «Тобылда» ойнаған әріптестері Азамат Ниязымбетов,Нүркен Мәзбаев та «Таразда» болатын. Коньков бапкердің тәжірибелі футболшылардан жасақтаған командасы сол жылы Қазақстан кубогының иегері атанды. Олар финалда «Қайратты» тізерлетті.Бұл клубтың әзірге Қазақстан кубогында алған алғашқы әрі әзірге жалғыз жүлделері. Бұл клубта ол екі жыл ойнады. Қаржылық жағдайлары әлсіреп, ойыншылардың жалақыларын уақытында төлемейді. Сосын «Таразды» қызылжарлық «Есіл-Богатырьге» ауыстырды.Бірақ, бас бапкер негізгі құрамға сирек шығарган соң, Қызылордаға кетіп қалды. «Қайсарда» Мақсат Байжанов, Дәуренбек Тәжімбетов, Роман Похалюктермен тізе қосып, ойдағыдай өнер көрсетті. Алғашқы жылы команданы Сергей Гороховодацский жаттықтырса, 2008 жылы тізгінді Владимир Никтиенко ұстады. Никитенко келген жылы сонау 1999 жылғы жетістіктерін қайталап, ел біріншілігінде төртінщі орын алды. Жалпы «Қайсар» сапында 2007-2009 жылдары 71 кездесу өткізді. Ал 2010 жылы «Шахтердің» бас бапкері Владимир Чебурин Қарағандыға шақырды. Міне, осыдан бастап «кеншілердің» намысын қорғап келеді. Кумыков келгелі «Шахтердің» тасы өрге домалағы белгілі. Осы клуб сапында алғаш рет ел чемпионатында бір емес екі рет қатарынан топ жарды. Қазақстан Суперкубогында жеңіске жетті. Енді міне алда Еуропа лигасы бар. Бірақ, соңғы жылдары шау тарта бастағандай. Негізгі құрамдағы орнын өзге ойыншылар беріп қойып жүр. Жетістіктері: Қазақстсан чемпионатының жеңімпазы: 201, 2012 жылдары Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2002 жылы Қазақстан кубогының иегері: 2004 жылы Қазақстан суперкубогының иегері: 2013 Бек Төлеуов «Sport»Кешегі «Намыстан» бүгінгі чемпион «Шахтерге» дейін бірнеше клубта доп теп, оң қапталдағы еліміздегі таңдаулылардың қатарында болған футболшы Асхат Борантаев.
Қазақстан тәуелсіздік алған соң, өз футболымызды жеке өрістетуге мүмкіндік алдық. Дербес чемпионатымыз жалауын көтерді. Ол жылдар әрине қиын-қыстау экономиканың қарқын ала қоймаған кезі еді. Қаржы жоқ болса, футболдың да дамымайтыны белгілі. Осы жылдары көптеген футбол клубтары құрылып, тез арада тарап жатты. Олардың санынан адамдар шатасып та қалды. Бірақ, «Намысты» ешкім ұмытқан жоқ. Ол ел футболына айтарлықтай үлес қосты. Әрине ғұмыры ұзақ болған жоқ. Сонда да қысқа уақыт ішінде қаншама футболшыны елге танымал етті. Отандық футболды бірнеше талантты ойыншылармен байытты. Демек, клуб өз миссиясын орындады. Міне, осы «Намыстан» түлеп ұшқан футболшылардың бірі Асхат Борантаев.
Асхат Борантаев 1978 жылы, 22 тамыз Талдықорған қаласында дүниеге келген. Футболмен тоғыз жасынан айналыса бастаған. Қаладағы спорт мектептерінің бірінің футбол секциясына жазылады. Бірақ, көп ұзамай Талдықорғанан Алматыға келеді. Оңтүстік Астанадағы спорт-интернатына түсіп, Евгений Кузнецовтың тобында жаттықты. Бұл бапкерден көптеген танымал футболшылар тәлім алған. Интернатты бітіріп шыққан соң, жоғарыда айтқан кілең қазақ балаларынан құрылған «Намыс» клубында өнер көрсетті. Үш жылдан соң, команда қаржылық дағдарысқа тап болып, тарап кетті. Клуб өз жұмысын тоқтатқан соң, Алматы облысының біріншілігінде өнер көрсететін Табақсовхозының (қазіргі Панфилов ауданы) командасына ойнады. Бұл ауылда Грекиядан жер аударылған гректер тұратын. Команданы Константин Муратидижаттықтырды.
Спорт интернаттағы бапкері Евгений Кузнецов «Қайраттың» қосалқы құрамына жаттықтырушы болып келгенде, Асхатты «халықтық» командаға шақырады. Алғашқы кездері Кузнецовтың қарамағында қосалқы құрамда ойнап жүрді. Сосын «Қайрат» екіге бөлінді. Ол армияшыларды яғни «Қайрат-ЦСКА» командасын таңдауды жөн санады. Өзін жақсы қырынан таныта бастаған соң, негізгі құрамға өтті.1999 жылы 15 кездесу өткізді.
Ал 2000 жылы бірінші рет алматылық емес командадан шақырту алып, Қостанайға ауысты. Бұл кезде клубқа әлі жаңа реформа жасалмаған болатын. Олай дейтін себебіміз, 2002 жылы команда қайта жасақталып, бас бапкері ауысқан соң, жүлдеге таласа бастаған еді.
Асхат «Тобылға» барған жылы-ақ, негізгі құрамнан мықтап орын алды. Елге таңыла бастаған кезі де осы жылдармен байланысты. Қапталдан шабуылға тез қосылып, әріптестерін паспен қамтасыз ету шеберлігі бапкерге ұнап, негізгі құрамнан ойып тұрып орын алды. Сондай-ақ, қарсыластың ойын оқып, добын тартып алу жағынан да қара жаяу емес. «Тобыл» жаңа ғасырдың бас жағында турнир кестесінде орта тұсынан табылып жүрді. 2002 жылы бас бапкерлікке Рафик Огнесофич Балбабян келді. Көмекшілері болып Валерий Вельман,Виктор Трегубов бекітілді. Бас бапкердің кеңесшісі болып, Борис Журавлев шақыртылды. Ал командаға Азамат Нияымбетов, Данияр Мұқанов,Нүркен Мәзбаев сияқты футболшылармен қатар ресейлік Андрей Шкурин қосылды. Бұл кезде ел біріншілігінде дәл қазіргі кездегідей 12 команда өнер көрсететін. Алдымен бірінші айналымда алғашқы алтылық енген қостанайлықтар сосын жүлдеге таласа бастады. Нәтижесіне «Ертіс» пен «Атыраудан» кейін үздік үштікке енді. Сол жылы жаз айларының бірінде «Тобыл» Алматыда «Қайраттан» басым түскен еді. Осы ойында Асхаттың жаңына бұрынғы бапкері Константин Муратиди келіп, Грекия чемпионатына ауысуға мүмкіндік бар екенін және осы іспен айналысатын таныс агенті жайлы да айтады. Борантаев болса, ойлануға рұқсат сұрайды. Сосын маусым аяқталған соң, қыс кезінде қостанайлықтар Түркияға оқу-жаттығу жиындарына кетуге дайындалып жатқанда Грекиядан Муратиди айтқан агент қоңырау шалып, егер ежелгі Эллада жерінде ойнағын келесе, тез арада кел деп шақырады. Грекияның жоғары лигасында» ойнайтын «Акратитос» командасына бесінші легионер қажет екенін айтады. Асхат 5 қаңтарда барғанда, бәрібір кешігіп қалады. Гректер бесінші шетелдік ойыншынымен келісімшарт жасасып қойғандықтан алтыншы легионерді қабылдай алмады (оларда бес легионер ғана ойнай алады). Осыдан соң, басқа команда қарастырады. Агенті Бірінші лигада өнер көрсететін «Ахарнаикос» клубымен сөйлесіп, осы командамен келісімшартқа қол жеткізді. Бұл клубта ол бір жыл ойнады.
2004 жылы елге Қазақстанға оралып, «Тараздан» шақырту алды. Бұл кезде өзіне жақсы таныс «Тобылда» ойнаған әріптестері Азамат Ниязымбетов,Нүркен Мәзбаев та «Таразда» болатын. Коньков бапкердің тәжірибелі футболшылардан жасақтаған командасы сол жылы Қазақстан кубогының иегері атанды. Олар финалда «Қайратты» тізерлетті.Бұл клубтың әзірге Қазақстан кубогында алған алғашқы әрі әзірге жалғыз жүлделері.
Бұл клубта ол екі жыл ойнады. Қаржылық жағдайлары әлсіреп, ойыншылардың жалақыларын уақытында төлемейді. Сосын «Таразды» қызылжарлық «Есіл-Богатырьге» ауыстырды.Бірақ, бас бапкер негізгі құрамға сирек шығарган соң, Қызылордаға кетіп қалды. «Қайсарда» Мақсат Байжанов, Дәуренбек Тәжімбетов, Роман Похалюктермен тізе қосып, ойдағыдай өнер көрсетті. Алғашқы жылы команданы Сергей Гороховодацский жаттықтырса, 2008 жылы тізгінді Владимир Никтиенко ұстады. Никитенко келген жылы сонау 1999 жылғы жетістіктерін қайталап, ел біріншілігінде төртінщі орын алды. Жалпы «Қайсар» сапында 2007-2009 жылдары 71 кездесу өткізді. Ал 2010 жылы «Шахтердің» бас бапкері Владимир Чебурин Қарағандыға шақырды. Міне, осыдан бастап «кеншілердің» намысын қорғап келеді. Кумыков келгелі «Шахтердің» тасы өрге домалағы белгілі. Осы клуб сапында алғаш рет ел чемпионатында бір емес екі рет қатарынан топ жарды. Қазақстан Суперкубогында жеңіске жетті. Енді міне алда Еуропа лигасы бар. Бірақ, соңғы жылдары шау тарта бастағандай. Негізгі құрамдағы орнын өзге ойыншылар беріп қойып жүр.
Жетістіктері:
Қазақстсан чемпионатының жеңімпазы: 201, 2012 жылдары
Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2002 жылы
Қазақстан кубогының иегері: 2004 жылы
Қазақстан суперкубогының иегері: 2013
Бек Төлеуов «Sport»
