Алмас Құлшынбаев
Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайраттың» сапында бірнеше жыл тасқамал қорғаушылардың бірі болған футболшы Алмас Құлшынбаев. Алмас Жақанұлы Құлшынбаев 1975 жылы, 20 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Футболға қызығушылығы оянғаннан кейін қаладағы Тимириязов пен Байзақов көшелерінің қиылысындағы спорт мектебінде жаттықты. Бұл мектептен елімізге белгілі талай футболшы өсіп шыққан. Аладоптың әліппесін осы жерден үйренді. Кейіннен мектепті бітірген соң, кілең қазақ балаларынан құралған «Намыс» командасына қабылданды. Футболдағы сәулелі карьерасы да осы жерден басталды. Он сегіз жастағы қорғаушы «Намыстың» сапында бір жыл негіз құрамда ойнады. Өз қатарластарының алды болды. Голды сирек соқса да өзінің алаңдағы негізгі міндеті қорғаныста сауатты қимылдайтын. Ол жылы «Намыс» сапында 35 ойын өткізді. Келесі маусымды «Қайратпен» бастады. Алғашқы жылдары алаңға аса көп шыға қоймағанымен, уақыт өте негізгі құрамға мықтап орналасты. Алмас Құлшынбаев.Серік Жейлітбаев, Әнуар Нысанбаев,Асхат Қадырқұлов сынды футболшылар сол тұста «Қайраттың» сенім артар серкелері еді. Жас та болса да осы ойыншылар команданы алға сүйреумен болды. Әсіресе, орталық алаңда Асхат пен Серік орталық алаңда ойынды құрастырушы болса, Әнуар, Алмас, Асқар (Қожабергенов) қорғаныста ұқыпты өнер көрсетті. 1992 жылы «Қайрат» ішкі біріншілік пен кубок жолындағы бәсекеде жеңіске жеткенен соң, бес жыл ешқандай жүлдеге ілікпеді. Сол олқылылықтың орнын жоғары да айтқан футболшылар 1997 жылы толтырды. «Ертіс» пен «Таразды» алға жіберген «Қайрат» Қазақстан біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізді. Кейіннен Қазақстан кубогы да бұйырды. Қазақстан кубогына ұтқаннан соң, Азияның кубок иегерлерінің турниріне қатысуға мүмкіндік алды. «Қайратқа» алдымен Тәжікстанның «Вахш» клубы түсті. Жерлестеріміз тәжіктерден еш қиналмай өтті. Екінші кезеңде Түркіменстанның «Копедтаг» клубы алматылық команданы келесі кезеңге өткізбеді. Кейіннен «Қайрат» екіге бөлінгенде, Алмас қос «Қайратта» да ойнады. Басында «ЦСКА-Қайратта» болғанымен, көп уақыт өтпей «халықтық» командаға ауысты. Арада екі жыл өткенде «Қайрат» тағы да қола жүлдемен Қазақстан кубогында жеңіске жетті. Азия кубок иегерлері турнирінде бұл жолы екі жыл бұрынғы көрсеткіштерін жақсарта түсті. Бір қызығы, бұл жолы да алғашқы кезеңде Тәжікстанның командасымен жолықты. Бірақ, «Вахш» емес. Тәжіктердің «Регар-ТадАЗ» деген командасынан алматылықтар айналып өтіп, түркімен командасымен кездесті. Кезінде «Копедтагқа» кеткен есені «Небитчи» клубынан қайтарды. Ширек финалда Иранның «Эстегляль» клубы күтіп тұрды. Өкінішке орай, парсы елінің командасын жеңу бақыты бұйырмады. «Қайрат» сапында жеті маусым аянбай тер төккен Алмас бірінші рет Алматыны өзге қалаға ауыстырды. Қызылжардың «Есіл-Богатырь» клубы қызығушылық танытқан соң, осы жерде бір маусым өнер көрсетті. Петропавлда Қазақстан біріншілігінде үшінші мәрте қола жүлдегер атанды. Келесі жылы Владимир Линчевский жаттықтыратын «Ақтөбемен» ортақ келсімге келеді. Бұл клуб Алмастан бөлек, Ерлан Елеусінов,Владимир Логинов сияқты тәжірибелі ойыншылармен толығады. Бірақ, ол «Ақтөбеде» көп тұрақтаған жоқ. 2003 жылы шымкенттік «Ордабасыдан» шақырту алды. Сосын біраз уақыт футболдан қол үзіп кетеді. Спорттан кеткен соң, футболшы жас ойыншыларды жаттықтырумен айналысты. Жоғары оқу орнында білім алды. Бірақ үш жылдан кейін әлі соңғы сөзімді айтқан жоқпын деп, қайтадан футболға оралады. «Мегаспорт» клубы сапында доп тепкен тәжірибелі футболшы команданың Жоғары лигаға жолдама алуларына көп көмегін тигізді. Клуб басшылары алдарына үлкен мақсат қойған соң, тәжірибелі ойыншыларды көптеп жинады. Алмастан бөлек, Евгений Набойченко. Алексей Клишин,Роман Вороговский, Александр Шатских сияқты тәжірибелі ойыншылар «Мегаспорттан» табылды. Көп жыл жасыл алаңда доп теппегенінің әсері бәрібір білініп тұрды. Әсіресе, физикалық даярлығы жеткіліксіз болды. Осылайша 2007 жылы түпкілікті түрде футболмен қош айтысып, бапкерлік жолға бет бұрады. Алмас Құлшынбаев бапкерлік қырынан да жақсы танылып келе жатқан еліміздегі жас мамандардың бірі. Қазіргі кезде қаскелендік «Сұңқардың» бас бапкері. Көмекшілері де өзімен бірге өнер көрсеткен Алексей Клишин,Асхат Қадырқұлов, Роман Вороговский сияқты футболшылар. Ұлттық құрамада Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы кездесу 1998 жылғы әлем чемпионатының Азия аймағы бойынша електік додасы аясында Өзбекстанға қарсы өткізді. Алматыдағы бұл кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Алмастың ұлттық құрама тұрақты түрде өнер көрсеткені 2002 жылғы әлем чемпионатының іріктеу раундының матчтары болды. Бас бапкер Вахид Масудовтың қорғаныста сенім артар серкелерінің бірі болды. Жалпы ұлттық құрама сапында 12 кездесу өткізген. Жетістіктері: Қазақстан чемпионатыны қола жүлдегері: 1997,1999, 2001 жылдары Қазақстан кубогының иегері: 1997, 2000 жылдары Бек Төлеуов «Sport»Қазақстан ұлттық құрамасы мен алматылық «Қайраттың» сапында бірнеше жыл тасқамал қорғаушылардың бірі болған футболшы Алмас Құлшынбаев.
Алмас Жақанұлы Құлшынбаев 1975 жылы, 20 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Футболға қызығушылығы оянғаннан кейін қаладағы Тимириязов пен Байзақов көшелерінің қиылысындағы спорт мектебінде жаттықты. Бұл мектептен елімізге белгілі талай футболшы өсіп шыққан. Аладоптың әліппесін осы жерден үйренді. Кейіннен мектепті бітірген соң, кілең қазақ балаларынан құралған «Намыс» командасына қабылданды. Футболдағы сәулелі карьерасы да осы жерден басталды. Он сегіз жастағы қорғаушы «Намыстың» сапында бір жыл негіз құрамда ойнады. Өз қатарластарының алды болды. Голды сирек соқса да өзінің алаңдағы негізгі міндеті қорғаныста сауатты қимылдайтын. Ол жылы «Намыс» сапында 35 ойын өткізді. Келесі маусымды «Қайратпен» бастады. Алғашқы жылдары алаңға аса көп шыға қоймағанымен, уақыт өте негізгі құрамға мықтап орналасты.
Алмас Құлшынбаев.Серік Жейлітбаев, Әнуар Нысанбаев,Асхат Қадырқұлов сынды футболшылар сол тұста «Қайраттың» сенім артар серкелері еді. Жас та болса да осы ойыншылар команданы алға сүйреумен болды. Әсіресе, орталық алаңда Асхат пен Серік орталық алаңда ойынды құрастырушы болса, Әнуар, Алмас, Асқар (Қожабергенов) қорғаныста ұқыпты өнер көрсетті. 1992 жылы «Қайрат» ішкі біріншілік пен кубок жолындағы бәсекеде жеңіске жеткенен соң, бес жыл ешқандай жүлдеге ілікпеді. Сол олқылылықтың орнын жоғары да айтқан футболшылар 1997 жылы толтырды. «Ертіс» пен «Таразды» алға жіберген «Қайрат» Қазақстан біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізді. Кейіннен Қазақстан кубогы да бұйырды.
Қазақстан кубогына ұтқаннан соң, Азияның кубок иегерлерінің турниріне қатысуға мүмкіндік алды. «Қайратқа» алдымен Тәжікстанның «Вахш» клубы түсті. Жерлестеріміз тәжіктерден еш қиналмай өтті. Екінші кезеңде Түркіменстанның «Копедтаг» клубы алматылық команданы келесі кезеңге өткізбеді.
Кейіннен «Қайрат» екіге бөлінгенде, Алмас қос «Қайратта» да ойнады. Басында «ЦСКА-Қайратта» болғанымен, көп уақыт өтпей «халықтық» командаға ауысты.
Арада екі жыл өткенде «Қайрат» тағы да қола жүлдемен Қазақстан кубогында жеңіске жетті.
Азия кубок иегерлері турнирінде бұл жолы екі жыл бұрынғы көрсеткіштерін жақсарта түсті.
Бір қызығы, бұл жолы да алғашқы кезеңде Тәжікстанның командасымен жолықты. Бірақ, «Вахш» емес. Тәжіктердің «Регар-ТадАЗ» деген командасынан алматылықтар айналып өтіп, түркімен командасымен кездесті. Кезінде «Копедтагқа» кеткен есені «Небитчи» клубынан қайтарды. Ширек финалда Иранның «Эстегляль» клубы күтіп тұрды. Өкінішке орай, парсы елінің командасын жеңу бақыты бұйырмады.
«Қайрат» сапында жеті маусым аянбай тер төккен Алмас бірінші рет Алматыны өзге қалаға ауыстырды. Қызылжардың «Есіл-Богатырь» клубы қызығушылық танытқан соң, осы жерде бір маусым өнер көрсетті. Петропавлда Қазақстан біріншілігінде үшінші мәрте қола жүлдегер атанды. Келесі жылы Владимир Линчевский жаттықтыратын «Ақтөбемен» ортақ келсімге келеді. Бұл клуб Алмастан бөлек, Ерлан Елеусінов,Владимир Логинов сияқты тәжірибелі ойыншылармен толығады. Бірақ, ол «Ақтөбеде» көп тұрақтаған жоқ. 2003 жылы шымкенттік «Ордабасыдан» шақырту алды. Сосын біраз уақыт футболдан қол үзіп кетеді.
Спорттан кеткен соң, футболшы жас ойыншыларды жаттықтырумен айналысты. Жоғары оқу орнында білім алды. Бірақ үш жылдан кейін әлі соңғы сөзімді айтқан жоқпын деп, қайтадан футболға оралады. «Мегаспорт» клубы сапында доп тепкен тәжірибелі футболшы команданың Жоғары лигаға жолдама алуларына көп көмегін тигізді. Клуб басшылары алдарына үлкен мақсат қойған соң, тәжірибелі ойыншыларды көптеп жинады. Алмастан бөлек, Евгений Набойченко. Алексей Клишин,Роман Вороговский, Александр Шатских сияқты тәжірибелі ойыншылар «Мегаспорттан» табылды. Көп жыл жасыл алаңда доп теппегенінің әсері бәрібір білініп тұрды. Әсіресе, физикалық даярлығы жеткіліксіз болды. Осылайша 2007 жылы түпкілікті түрде футболмен қош айтысып, бапкерлік жолға бет бұрады.
Алмас Құлшынбаев бапкерлік қырынан да жақсы танылып келе жатқан еліміздегі жас мамандардың бірі. Қазіргі кезде қаскелендік «Сұңқардың» бас бапкері. Көмекшілері де өзімен бірге өнер көрсеткен Алексей Клишин,Асхат Қадырқұлов, Роман Вороговский сияқты футболшылар.
Ұлттық құрамада
Қазақстан ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы кездесу 1998 жылғы әлем чемпионатының Азия аймағы бойынша електік додасы аясында Өзбекстанға қарсы өткізді. Алматыдағы бұл кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Алмастың ұлттық құрама тұрақты түрде өнер көрсеткені 2002 жылғы әлем чемпионатының іріктеу раундының матчтары болды. Бас бапкер Вахид Масудовтың қорғаныста сенім артар серкелерінің бірі болды. Жалпы ұлттық құрама сапында 12 кездесу өткізген.
Жетістіктері:
Қазақстан чемпионатыны қола жүлдегері: 1997,1999, 2001 жылдары
Қазақстан кубогының иегері: 1997, 2000 жылдары
Бек Төлеуов «Sport»
