Жаңалықтар

Евгений Лунев

Қазақстан біріншілігінің 2002 жылғы ең үздік сұрмергені, еліміздегі аса талантты шабуылшылардың бірі ­Евгений Лунев. Евгений Анатольевич Лунев 1976 жылы 26 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген. «Шахтердің» балалар мен жасөпірмдерге арналған спорт мектебінен тәлім алған. Ол кезде Қарағандыда республикаға танымал  Анатолий Чудинов, Андрей Гумиров, Семён Неверов, Сергей Красиков, Геннадий Костюченко сияқты балалар бапкері болды. Бұл мамандардан талай атақты футболшылар футболдың әліппесін үйренген. Евгений Луневте осы бапкерлердің төл шәкірті.  Ол үлкен футболдағы карьерасын Қарағандыда бастаған жоқ. Еліміздегі тағы бір «кеншілер» қаласы саналатын Екібастұздың «Батыр» клубында тұсауы кесілді. Бірақ, бұл команда сапында ол тек екі рет қана алаңға шықты. Сосын «Шахтер» басшылары төл шәкіртін Қарағандыға алдырды. Бала күнінен «Шахтерде» ойнауды армандаған жас футболшы үшін барлығы бірден керемет  бола кеткен жоқ. Он тоғыз жастағы футболшыны негізгі құрамға шығаруға бас бапкер Серік Бердалинде асыға қоймады. Команданың бас шабуылшысы негізінен Руслан Иманқұлов еді. Сондай-ақ, Асқар Әбілдаев пен Баян Бадағұловта бар болатын. Женя 1996  жылы Руслан мен бірге шабуыл өтінде ойнауға мүмкіндік алды. Ол жылы барлығы 22 рет алаңға шығып, 1 гол соқты. Келесі жылы маусымның басында теміртаулық «Болатқа» жалға берілді. Кейіннен «Шахтерге» қайта оралып, тәп-тәуір ойнай бастаған еді. Алайда 1999 жылы павлодарлық «Ертіске» ауысып кетті. Павлодарлық команданың құрамында сол жылы Женядан бөлек, Виктор Зубарев, Нилтон Мендес, Алексей Клишин, Алевтин Осипов, Виталий Спарышев, Самат Смақов,  Руслан Гумар, Юрий Ишутин, Андрей Мирошниченко, Евгений Свешников сиқты кілең «сен тұр мен атайын» дейтін шеберлер өнер көрсетті. Басында команданы Анатолий Чернов жасақтаған еді. Бірақ, тізгінді маусым ортасында Владимир Линчевский ұстады. Бұл бапкер шәкірттерінен доппен көбірек жұмыс істеуді, техникалық арсеналдарын жетілдірулерін үнемі талап етіп отырды. Содан да болса керек, клуб әрбір ойында өздеріне қажетті ұпайды жинап, маусым соңында ел чемпионы атанды. Осылайша Линчевскийдің келуімен клуб Қазақстан біріншілігіндегі екінші алтындарына қол жеткізді. Женя өзі «Ертістің» сапында 25 ойында 8 голдың авторы атанды. Жаңа ғасыр басталған тұста, «Шахтер» басшылары нәтижеге көңілдері толмай, бас бапкерді бірнеше рет ауыстырды. 2000 жылы алдымен  «Шахтердің» қоржынына алғашқы жүлдені әперген Серік Бердалин қайта келді. Бердалин бірден өзінің сүйікті ойыншыларын жинай бастады. Солардың бірі осы Евгений Лунев болды.  Кейіннен  тізгінді Вахид Масудов ұстағанда да Женя өз орнын ешкімге берген жоқ. Бұл маусымда Бұл маусымда 25 ойында 11 рет қақпа торын тулатты. «Ертіспен» ел чемпионы атанғаннан кейінгі екінші бір жұлдызды шағы 2002 жылы болды. «Шахтер» сапында ел біріншілігінде 16 голып соғып, Қазақстанның сұрмергені атанды. Сондай-ақ, чемпионаттың символикалық құрамына енді. Осы кезде ұлттық құрама есігі де ашылды. Бас бапкер Сергей Гороховодацкийдің басты көзірі  шабуылшы Евгений Лунев пен Мұрат Тілешевті болды. Лунев/Тілешев тандеміне көп командалар қызығушылық танытты. Евгений жайлы ұлттық құраманың сол кездегі бас бапкері Вахид Масудов былай деген еді «Женяның көрсеткіштері еуропалық деңгейге сәйкес келеді. Өте жылдам, бір орнында тұрып соққы бағыттауға да шебер. Техникалық шеберлігі  бір басына жетерлік. Қазақстан біріншілігінің үздік сұрмергені атануы кездейсоқ жағдай емес. Ол бұл атаққа әбден лайықты. Оның үздік ойындары әлі алда деп ойлаймын. Ол алаңда ешкім ойламаған қимылдар жасап, қорғаушылардың екі аяғын бір етікке тығатын шабуылшылардың бірі. Мен 2000 жылы «Шахтердің» бас бапкері болғанда ол тұрақты түрде ойнап, 10 гол соққан болатын».   Сұрмерген атанған шабуылшыны 2003 жылы астаналық «Жеңіс» командасы өз қатарларына қосты. Астанада ол Қазақстан біріншілігінің қоласын олжалады. Екі маусымда 42 (10) ойын өткізіп, «Шахтерге» қайта оралды. Кейіннен «Екібастұз», «Энергетик-2» , «Қайрат», «Шахтер», «Оқжетпес», «Восток» командаларында өнер көрсетті. Ең соңғы клубы өскемедік «Восток» болды. Ұлттық құрамада Ұлттық құраманың есігі бас бапкерлікке  Вахид Масудов келгенде ашылды. Алғашқы ойынын 2002 жылғы әлем чемпионатының електік додасы аясында Непалға қарсы өткізді. Дебюттік матчында гол соғу бақыты бұйырды. Кездесуде соқылған алты голдың төртіншісі Луневтің атына жазылды. 2002 жылдың 7-ші маусымы!  Бұл күн қазақ футболының УЕФА-ға мүше болғаннан кейінгі алғашқы кездесуін өткізген тарихи күн.  Эстониямен жолдастық кездесуге шыққан негізгі құрамның 11 ойыншының қатарында Луневте болды. Литвиненко, Тарасов, Лунев үштігі Масудов сенім артқан ұлттық құраманың басты шабуылшылары болды. Непалдан кейінгі қалған екі голын Фарьер аралдары мен Әзербайжан құрамаларының қақпасына соқты. Жалпы ұлттық құрама сапында 12 ойын өткізген. Жетістіктері: Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1999 жылы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2003 жылы Қазақстан чемпионатының ең үздік сұрмергені: 2002 жылы 2002  жылы Қазақстан бірінішілігінің символикалық құрамына енді.   Бек Төлеуов «Sport»  
04.10.2013 03:42 2906

Қазақстан біріншілігінің 2002 жылғы ең үздік сұрмергені, еліміздегі аса талантты шабуылшылардың бірі ­Евгений Лунев.

Евгений Анатольевич Лунев 1976 жылы 26 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген. «Шахтердің» балалар мен жасөпірмдерге арналған спорт мектебінен тәлім алған. Ол кезде Қарағандыда республикаға танымал  Анатолий Чудинов, Андрей Гумиров, Семён Неверов, Сергей Красиков, Геннадий Костюченко сияқты балалар бапкері болды. Бұл мамандардан талай атақты футболшылар футболдың әліппесін үйренген. Евгений Луневте осы бапкерлердің төл шәкірті.

 Ол үлкен футболдағы карьерасын Қарағандыда бастаған жоқ. Еліміздегі тағы бір «кеншілер» қаласы саналатын Екібастұздың «Батыр» клубында тұсауы кесілді. Бірақ, бұл команда сапында ол тек екі рет қана алаңға шықты. Сосын «Шахтер» басшылары төл шәкіртін Қарағандыға алдырды.

Бала күнінен «Шахтерде» ойнауды армандаған жас футболшы үшін барлығы бірден керемет  бола кеткен жоқ. Он тоғыз жастағы футболшыны негізгі құрамға шығаруға бас бапкер Серік Бердалинде асыға қоймады. Команданың бас шабуылшысы негізінен Руслан Иманқұлов еді. Сондай-ақ, Асқар Әбілдаев пен Баян Бадағұловта бар болатын.

Женя 1996  жылы Руслан мен бірге шабуыл өтінде ойнауға мүмкіндік алды. Ол жылы барлығы 22 рет алаңға шығып, 1 гол соқты. Келесі жылы маусымның басында теміртаулық «Болатқа» жалға берілді. Кейіннен «Шахтерге» қайта оралып, тәп-тәуір ойнай бастаған еді. Алайда 1999 жылы павлодарлық «Ертіске» ауысып кетті.

Павлодарлық команданың құрамында сол жылы Женядан бөлек, Виктор Зубарев, Нилтон Мендес, Алексей Клишин, Алевтин Осипов, Виталий Спарышев, Самат Смақов,  Руслан Гумар, Юрий Ишутин, Андрей Мирошниченко, Евгений Свешников сиқты кілең «сен тұр мен атайын» дейтін шеберлер өнер көрсетті. Басында команданы Анатолий Чернов жасақтаған еді. Бірақ, тізгінді маусым ортасында Владимир Линчевский ұстады. Бұл бапкер шәкірттерінен доппен көбірек жұмыс істеуді, техникалық арсеналдарын жетілдірулерін үнемі талап етіп отырды. Содан да болса керек, клуб әрбір ойында өздеріне қажетті ұпайды жинап, маусым соңында ел чемпионы атанды. Осылайша Линчевскийдің келуімен клуб Қазақстан біріншілігіндегі екінші алтындарына қол жеткізді. Женя өзі «Ертістің» сапында 25 ойында 8 голдың авторы атанды.

Жаңа ғасыр басталған тұста, «Шахтер» басшылары нәтижеге көңілдері толмай, бас бапкерді бірнеше рет ауыстырды. 2000 жылы алдымен  «Шахтердің» қоржынына алғашқы жүлдені әперген Серік Бердалин қайта келді. Бердалин бірден өзінің сүйікті ойыншыларын жинай бастады. Солардың бірі осы Евгений Лунев болды.  Кейіннен  тізгінді Вахид Масудов ұстағанда да Женя өз орнын ешкімге берген жоқ. Бұл маусымда Бұл маусымда 25 ойында 11 рет қақпа торын тулатты.

«Ертіспен» ел чемпионы атанғаннан кейінгі екінші бір жұлдызды шағы 2002 жылы болды. «Шахтер» сапында ел біріншілігінде 16 голып соғып, Қазақстанның сұрмергені атанды. Сондай-ақ, чемпионаттың символикалық құрамына енді. Осы кезде ұлттық құрама есігі де ашылды.

Бас бапкер Сергей Гороховодацкийдің басты көзірі  шабуылшы Евгений Лунев пен Мұрат Тілешевті болды. Лунев/Тілешев тандеміне көп командалар қызығушылық танытты.

Евгений жайлы ұлттық құраманың сол кездегі бас бапкері Вахид Масудов былай деген еді «Женяның көрсеткіштері еуропалық деңгейге сәйкес келеді. Өте жылдам, бір орнында тұрып соққы бағыттауға да шебер. Техникалық шеберлігі  бір басына жетерлік. Қазақстан біріншілігінің үздік сұрмергені атануы кездейсоқ жағдай емес. Ол бұл атаққа әбден лайықты. Оның үздік ойындары әлі алда деп ойлаймын. Ол алаңда ешкім ойламаған қимылдар жасап, қорғаушылардың екі аяғын бір етікке тығатын шабуылшылардың бірі. Мен 2000 жылы «Шахтердің» бас бапкері болғанда ол тұрақты түрде ойнап, 10 гол соққан болатын».  

Сұрмерген атанған шабуылшыны 2003 жылы астаналық «Жеңіс» командасы өз қатарларына қосты. Астанада ол Қазақстан біріншілігінің қоласын олжалады. Екі маусымда 42 (10) ойын өткізіп, «Шахтерге» қайта оралды.

Кейіннен «Екібастұз», «Энергетик-2» , «Қайрат», «Шахтер», «Оқжетпес», «Восток» командаларында өнер көрсетті. Ең соңғы клубы өскемедік «Восток» болды.

Ұлттық құрамада

Ұлттық құраманың есігі бас бапкерлікке  Вахид Масудов келгенде ашылды. Алғашқы ойынын 2002 жылғы әлем чемпионатының електік додасы аясында Непалға қарсы өткізді. Дебюттік матчында гол соғу бақыты бұйырды. Кездесуде соқылған алты голдың төртіншісі Луневтің атына жазылды. 2002 жылдың 7-ші маусымы!  Бұл күн қазақ футболының УЕФА-ға мүше болғаннан кейінгі алғашқы кездесуін өткізген тарихи күн.  Эстониямен жолдастық кездесуге шыққан негізгі құрамның 11 ойыншының қатарында Луневте болды. Литвиненко, Тарасов, Лунев үштігі Масудов сенім артқан ұлттық құраманың басты шабуылшылары болды. Непалдан кейінгі қалған екі голын Фарьер аралдары мен Әзербайжан құрамаларының қақпасына соқты. Жалпы ұлттық құрама сапында 12 ойын өткізген.

Жетістіктері:

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1999 жылы

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2003 жылы

Қазақстан чемпионатының ең үздік сұрмергені: 2002 жылы

2002  жылы Қазақстан бірінішілігінің символикалық құрамына енді.

 

Бек Төлеуов «Sport»

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға