Руслан Дүзмәмбетов
Қазақстан біріншілігінің үздік мергендерінің бірі болған, кешегі шабуылшы бүгінгі төреші – Руслан Дүзмәмбетов. Руслан Беленханұлы Дүзмәмбетов – 1968 жылы, 21 сәуірде Өскемен қаласында дүниеге келген. КСРО чемпионатының Екінші лигасында өнер көрсетететін жергілікті «Восток» командасының сапына 16 жасында қабылданған. Бұл 1984 жылы болатын. Осы маусымда ол алаңға алты рет шықты. Келесі жылы негізгі құрамда көбірек бой көрсете бастады. Бірақ, екі жыл бойы ресми ойындарда мергендігімен көзге түсу мүмкін болмады. Сосын әскер қатарына шақырылып, футболдан біраз уақыт қол үзуге тура келді. Русланның танымалдылығы 1990 жылдан бері басталды. Сол жылы көптен күткен алғашқы голында соқты. Бұл маусымда бір емес, он бір рет мергендігімен танылды. Келесі жылы бұл нәтижесін бұданда гөрі жақсарта бастады. Гол соқпайды деген футболшымыз, екі ойынның бірінде нысананы дәл көздеп, футбол әлемінде талантты шабуылшының өсіп келе жатқанын дәлелдеп бергендей болды. Сол жылы «Восток» КСРО чемпионатының Екінші лигасының сегізінші аймағында жеңіске жетті. Бұл аймақта негізінен Қазақстан командалары өнер көрсететін еді. Ал 1992 жылы Қазақстан біріншілігінде «Восток» жоғары орындардан көріне алған жоқ. Есесіне Руслан гол соғу көрсеткішін төмендеткен жоқ. Тағы да еншісінде – 16 доп! Келесі жылы алғаш рет өзге командада өнер көрсетті. Көрші Павлодар қаласының «Аңсат» командасына ауысты. Ел біріншілігіне ол жылы 25 команда қатысты. Бәрі бірдей сайдың тасындай іріктелген ұжымдар деп айтуға келмес. Дегенмен «Аңсаттан» бөлек, «Батыр», «Жігер», «Шахтер», «Скиф-Ордабасы», «Достық» клубтары жүлделі орындарға лайықты түрде таласты. Керекулік «Аңсаттың» бас бапкері болған Виктор Ярышев маусым ортасында өз орнын Виктор Веретновқа ауыстырып берді. Веретнов бапкер шыныменде жарады. Екінші рет ұйымдастырылған Қазақстан чемпионатында жеңіске бастар жолды жаңылмай тапты. Виктор Антонов, Руслан Дүзмәмбетов сияқты сұрмерген шабуылшылар гол соғуда аянып қалған жоқ. Дәл осы екі шабуылшыға соғылған 43 голдың 27-сі тиесілі. Бұл алтын жүлде Русланның Қазақстан біріншілігінде алғашқы әрі соңғы алтыны алды. Сондай-ақ, «Аңсаттың» сапында «Достастық» кубогына қатысып, эстониялық «Норманың» қақпасына бір доп соқты. Осыдан соң, қайтадан «Востокка» кетті. Өскеменге қайта оралғанда алдынан тағы бір жүлде күтіп тұрды. Шығыстың командасы Қазақстан кубогында қарсылас шыдатпай, жеңіске жетті. Финалда олар «Ақтөбе» футболшыларын ұтты. Қазақстан кубогына ие болу арқылы 1995 жылы алтыншы Азия кубок иегерлерінің турниріне қатысуға мүмкіндік алды. Руслан осы дода аясында Иранның «Бахман» командасына гол соққан болатын. 1995,1996 ел біріншілігінде «Восток» жоғары сатылардан көрінген жоқ. Руслан өз голын соғып, мергендер көшінде ілесіп жүрді. Ал 1997,1998 жылдары атауы «Восток-Әділ» болып өзгерген команда чемпионатта бесінші орыннан көрінді. Футболдағы карьерасын аяқтайтын тұста, «Шахтер» мен «Тараз» командаларының да жейдесін киді. Ең соңғы командасы да осы «Тараз» болды. «Аңсат», «Шахтер», «Тараз» сапында бар жоғы бір жылдан ғана ойнаған. Жалпы алғанда карьерасы «Востокта» өтті. Шығыс командасының алғашқы жетістіктері осы футболшымен байланысты. Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, төрешілікке бет бұрды. Қазіргі кезде ФИФА-ның лайнсмені. Елішілік және халықаралық жарыстарға төрелік етіп жүр. Ұлттық құрамада Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш жасақталғанда шақырылған футболшылардың бірі осы Руслан. Бас бапкер Бақтияр Байсейітовтың көзіне түсіп, Түркіменстанға қарсы өткен ұлттық құраманың тұңғыш ойынына қатысты. Алматы да өткен Қазақстан–Өзбекстан кездесуінде жеңіс голын соқты. Ташкенттегі матчта да өзбектердің қақпасын бүлк еткізді. Одан кейінгі жылдары құраманың бапкерлері өскемендік футболшыны шақыруды қажет деп таппады. Жетістіктері: КСРО чемпионатының Екінші лигасының 8 аймағының жеңімпазы: 1990 жылы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1993 жылы Қазақстан Кубогының иегері: 1994 жылы Бек Төлеуов «Sport»Қазақстан біріншілігінің үздік мергендерінің бірі болған, кешегі шабуылшы бүгінгі төреші – Руслан Дүзмәмбетов.
Руслан Беленханұлы Дүзмәмбетов – 1968 жылы, 21 сәуірде Өскемен қаласында дүниеге келген. КСРО чемпионатының Екінші лигасында өнер көрсетететін жергілікті «Восток» командасының сапына 16 жасында қабылданған. Бұл 1984 жылы болатын. Осы маусымда ол алаңға алты рет шықты. Келесі жылы негізгі құрамда көбірек бой көрсете бастады. Бірақ, екі жыл бойы ресми ойындарда мергендігімен көзге түсу мүмкін болмады. Сосын әскер қатарына шақырылып, футболдан біраз уақыт қол үзуге тура келді.
Русланның танымалдылығы 1990 жылдан бері басталды. Сол жылы көптен күткен алғашқы голында соқты. Бұл маусымда бір емес, он бір рет мергендігімен танылды. Келесі жылы бұл нәтижесін бұданда гөрі жақсарта бастады. Гол соқпайды деген футболшымыз, екі ойынның бірінде нысананы дәл көздеп, футбол әлемінде талантты шабуылшының өсіп келе жатқанын дәлелдеп бергендей болды.
Сол жылы «Восток» КСРО чемпионатының Екінші лигасының сегізінші аймағында жеңіске жетті. Бұл аймақта негізінен Қазақстан командалары өнер көрсететін еді.
Ал 1992 жылы Қазақстан біріншілігінде «Восток» жоғары орындардан көріне алған жоқ. Есесіне Руслан гол соғу көрсеткішін төмендеткен жоқ. Тағы да еншісінде – 16 доп!
Келесі жылы алғаш рет өзге командада өнер көрсетті. Көрші Павлодар қаласының «Аңсат» командасына ауысты.
Ел біріншілігіне ол жылы 25 команда қатысты. Бәрі бірдей сайдың тасындай іріктелген ұжымдар деп айтуға келмес. Дегенмен «Аңсаттан» бөлек, «Батыр», «Жігер», «Шахтер», «Скиф-Ордабасы», «Достық» клубтары жүлделі орындарға лайықты түрде таласты. Керекулік «Аңсаттың» бас бапкері болған Виктор Ярышев маусым ортасында өз орнын Виктор Веретновқа ауыстырып берді. Веретнов бапкер шыныменде жарады. Екінші рет ұйымдастырылған Қазақстан чемпионатында жеңіске бастар жолды жаңылмай тапты.
Виктор Антонов, Руслан Дүзмәмбетов сияқты сұрмерген шабуылшылар гол соғуда аянып қалған жоқ. Дәл осы екі шабуылшыға соғылған 43 голдың 27-сі тиесілі.
Бұл алтын жүлде Русланның Қазақстан біріншілігінде алғашқы әрі соңғы алтыны алды. Сондай-ақ, «Аңсаттың» сапында «Достастық» кубогына қатысып, эстониялық «Норманың» қақпасына бір доп соқты.
Осыдан соң, қайтадан «Востокка» кетті.
Өскеменге қайта оралғанда алдынан тағы бір жүлде күтіп тұрды. Шығыстың командасы Қазақстан кубогында қарсылас шыдатпай, жеңіске жетті. Финалда олар «Ақтөбе» футболшыларын ұтты.
Қазақстан кубогына ие болу арқылы 1995 жылы алтыншы Азия кубок иегерлерінің турниріне қатысуға мүмкіндік алды. Руслан осы дода аясында Иранның «Бахман» командасына гол соққан болатын.
1995,1996 ел біріншілігінде «Восток» жоғары сатылардан көрінген жоқ. Руслан өз голын соғып, мергендер көшінде ілесіп жүрді. Ал 1997,1998 жылдары атауы «Восток-Әділ» болып өзгерген команда чемпионатта бесінші орыннан көрінді.
Футболдағы карьерасын аяқтайтын тұста, «Шахтер» мен «Тараз» командаларының да жейдесін киді. Ең соңғы командасы да осы «Тараз» болды. «Аңсат», «Шахтер», «Тараз» сапында бар жоғы бір жылдан ғана ойнаған. Жалпы алғанда карьерасы «Востокта» өтті. Шығыс командасының алғашқы жетістіктері осы футболшымен байланысты.
Футболдағы карьерасын аяқтаған соң, төрешілікке бет бұрды. Қазіргі кезде ФИФА-ның лайнсмені. Елішілік және халықаралық жарыстарға төрелік етіп жүр.
Ұлттық құрамада
Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш жасақталғанда шақырылған футболшылардың бірі осы Руслан. Бас бапкер Бақтияр Байсейітовтың көзіне түсіп, Түркіменстанға қарсы өткен ұлттық құраманың тұңғыш ойынына қатысты. Алматы да өткен Қазақстан–Өзбекстан кездесуінде жеңіс голын соқты. Ташкенттегі матчта да өзбектердің қақпасын бүлк еткізді. Одан кейінгі жылдары құраманың бапкерлері өскемендік футболшыны шақыруды қажет деп таппады.
Жетістіктері:
КСРО чемпионатының Екінші лигасының 8 аймағының жеңімпазы: 1990 жылы
Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 1993 жылы
Қазақстан Кубогының иегері: 1994 жылы
Бек Төлеуов «Sport»
