Жаңалықтар

«Шахтер» мен «Маккаби» тең түсті

Астанада Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен «Шахтер» мен «Маккаби» командаларының кездесуі аяқталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Қарағандылықтардан Андрей Финонченко мен Евгений Тарасов «Маккаби» қақпасына қатарынан екі гол салып, алғашқы таймды 2:0 есебімен қорытындылаған болатын. Екінші таймның алдында "Маккаби" бапкері ойыншыларды алмастырып, алаңға Исмаил Райяна мен Дино Ндловудың орнына Хен Эзра мен Алон Турджеманды шығарды. Оңтайлы сәтті ұтымды пайдаланған Хен Эзра 54-ші минутта Шахтердің қақпасына гол салды. Одан кейін 79-шы минутта Алон Турджеман екінші гол салып, есеп теңестірді. Ойын қорытындысы 2:2.
04.10.2013 02:24 3744

Астанада Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен «Шахтер» мен «Маккаби» командаларының кездесуі аяқталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қарағандылықтардан Андрей Финонченко мен Евгений Тарасов «Маккаби» қақпасына қатарынан екі гол салып, алғашқы таймды 2:0 есебімен қорытындылаған болатын.

Екінші таймның алдында "Маккаби" бапкері ойыншыларды алмастырып, алаңға Исмаил Райяна мен Дино Ндловудың орнына Хен Эзра мен Алон Турджеманды шығарды.

Оңтайлы сәтті ұтымды пайдаланған Хен Эзра 54-ші минутта Шахтердің қақпасына гол салды.

Одан кейін 79-шы минутта Алон Турджеман екінші гол салып, есеп теңестірді.

Ойын қорытындысы 2:2.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға