Алматылық шаштараз әлемнің үздік ондығына кірді
Алматылық шаштараз Махмұд Тұрсын шаш қысқарту өнері бойынша Мәскеуде өткен Еуропа чемпионатында әлемнің 10 үздік шаштаразының тізіміне ілікті. Ол «Сән прогрессивті қырқу және ретке келтіру» номинациясында өнер көрсетті. Байқауға қатысушылар алғашқы күні 10-15 минут ішінде шаш реттеді, екінші күні – 20 минутта шаш қысқартып, оны ретке келтірді. Шаш қысқарту үлгісі барлық қатысушыларға бірдей берілген. Сондықтан онда дұрыс түс таңдап қана жұрттан өзгешеленуге болады. Қазақстанда мұндай байқаулар мүлде өткізілмейді. Ал өзге мемлекеттерде беделге ие өте маңызды байқау. Ресейліктер бүгінге дейін бірнеше мәрте Еуропа чемпионы, әлем чемпионы атанған. Бұл мәдени тұрғыдан алғанда үлкен көрсеткіш», - дейді М.Тұрсын. Байқау әлемнің үздік шаштараздарын біріктіретін халықаралық ұйымның қамқорлығымен өтті. Бұл байқаулардың кез келгеніне қатысқан шаштараз автоматты түрде халықаралық кластағы шеберге айналады. Бұдан бөлек, қазақстандық визаждаушы Виктория Станевич Еуропа чемпионатында үш номинацияда: «Бодиарт» (II орын), «Той макияжы» (II орын) және «Подиум макияжы» (V орын) жүлделі орындарды иеленді. «Үш жұмыс тапсырыс, үшеуінде де жүлде алдым! Сене алар емеспін! Қаншама тер төктім десеңізші. Көптеген адам көмектесті бұл жұмысымды аяқтағанға дейін. Бәріне де алғысымды білдіремін!», - деп жазады Виктория әлемеуттік желідегі өзінің парақшасына. Baq.kz
Алматылық шаштараз Махмұд Тұрсын шаш қысқарту өнері бойынша Мәскеуде өткен Еуропа чемпионатында әлемнің 10 үздік шаштаразының тізіміне ілікті.
Ол «Сән прогрессивті қырқу және ретке келтіру» номинациясында өнер көрсетті. Байқауға қатысушылар алғашқы күні 10-15 минут ішінде шаш реттеді, екінші күні – 20 минутта шаш қысқартып, оны ретке келтірді. Шаш қысқарту үлгісі барлық қатысушыларға бірдей берілген. Сондықтан онда дұрыс түс таңдап қана жұрттан өзгешеленуге болады.
Қазақстанда мұндай байқаулар мүлде өткізілмейді. Ал өзге мемлекеттерде беделге ие өте маңызды байқау. Ресейліктер бүгінге дейін бірнеше мәрте Еуропа чемпионы, әлем чемпионы атанған. Бұл мәдени тұрғыдан алғанда үлкен көрсеткіш», - дейді М.Тұрсын.
Байқау әлемнің үздік шаштараздарын біріктіретін халықаралық ұйымның қамқорлығымен өтті. Бұл байқаулардың кез келгеніне қатысқан шаштараз автоматты түрде халықаралық кластағы шеберге айналады.
Бұдан бөлек, қазақстандық визаждаушы Виктория Станевич Еуропа чемпионатында үш номинацияда: «Бодиарт» (II орын), «Той макияжы» (II орын) және «Подиум макияжы» (V орын) жүлделі орындарды иеленді.
«Үш жұмыс тапсырыс, үшеуінде де жүлде алдым! Сене алар емеспін! Қаншама тер төктім десеңізші. Көптеген адам көмектесті бұл жұмысымды аяқтағанға дейін. Бәріне де алғысымды білдіремін!», - деп жазады Виктория әлемеуттік желідегі өзінің парақшасына.
Baq.kz
