Ақыт Үлімжіұлы
Ақыт Үлімжіұлы ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың ірі ғұламаларының бірі. Қазақтың тірісінде кітабы баспа көрген тұңғыш қаламгері. Жазба әдебиеттің көш басшыларының бірі. Ақыт жырлары Қазақстанға әлі де кеңінен таныс бола қойған жоқ. Тек 2007 жылы Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспасынан «Жиһаншаһ» атты жыр жинағы тұңғыш рет басылып шығып, сол жылы Ақыт Үлімжіұлының туғанына 140 жыл толғаны салтанатты түрде аталып өтті. Дәл осы жылы түрлі мерзімді басылымдарда Ақыт және оның өмірбаяны жайындағы деректер, шығармашылығындағы діни-әлеуметтік бағыт жайында мәліметтер молдап берілген екен. Бұл сол кездегі әдеби шараға байланысты болса керек. Әдеби науқан аяқталғаннан кейін, Ақыт туралы шығармалар да сап тыйылған. Ақыт Үлімжіұлының Қазақстанға жақсы танылмай жатқаны – оның ғұмырының шетелде, Алтайдың күңгейі мен теріскейінде өткендігі. Ақыт ақын жайында бүгінде там-тұмдап болса да баспасөз беттерінде айтылып жүр. Алайда, әдебиет тарихынан ойып орын алар ұлы ғұламаның аты кейбір елеулі еңбектерде елеусіз қалады. Мәселен, бұған дейін жарық көрген «Бес ғасыр жырлайды», «Замана жыршылары» атты кітаптарда Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақов аты ауызға алынбай келсе, 2006 жылы Алматыдан жарық көрген «Он ғасыр жырлайды» атты еңбекте (редкологияға Р. Бердібаев, М. Мағауин, Б. Тілеухан, А. Айталы, С. Қирабаев, А. Егеубаев, С. Дәуітұлы, А . Смақовалар енген) де Ақыт аты ауызға алынбайды. Бүгінде әдебиеттегі ақтаңдақтарды аршу ісі қолға алынғаны белгілі. Бұл ретте Ақыт Үлімжіұлының Кеңестік идеология салдарынан аты біразға дейін аталмай келгенін айту ләзім. Дегенмен, баянөлгийлік әдебиет зерттеушілері оның еңбектерін сарапқа салуды өткен ғасырдың 60-70 жылдары қолға алып, 1972 жылы Қазақстанда басылған «Бозіңген» кітабына оның бірнеше толғауын енгізіп жібереді. 1898 жылы ресейлік ғалымдардың аузына ілінген, қазандық баспагерлер тарапынан 7 кітабы жарық көрген, қазақтың Абайдан кейінгі ғұламасын әдебиет тарихынан ысырып тастау ақылға қонымсыз жайт. «Он ғасыр жырлайдының» редколлегия мүшелерінің бірі болған, филология ғылымдарының докторы А. Смақова Ақыт ақынның туғанына 140 жыл толу мерейтойында «Аллаһ сөзін жырлаған, алаштың Ақыт ақыны» деген арнайы баяндама жасайды. Осы баяндамада ғалым Ақытты алашшыл ақындар мен ғұламалармен салғастырады. Мәселен: «1931 жылы Ж. Аймауытұлы мен Шәкерім репрессияға ұшырағандардың алғашқылары болып атылды. Осы жылы Ақыт ақын «Қалам сия – көз жасы» толғауын жазған екен: Бісмілла болар сөз басы, Қалам сия – көз жасы. Екінші тармақтағы сөйлем Ә. Бөкейханның Мәскеуден жазған хатында айтылған сөздерін еске салады: Көңіл келді желпініп, Қара перде серпіліп. Азғана кеңес қозғашы. Тура осы ой сол кезде Абай, Шәкерім, Сәкен өлеңдерінде де орын алған. Міржақыптың «Оян, қазағын» оқығандай ақын былай дейді: Оян, қазақ, намыстан, Өнер ізде, алыстан. Үйреніп анық біле алсаң, Сен де ешкімнен қалыспан. Дүние жұрттың ісін қыл, Құлаққа мақта тықпаңыз! Оян, оян! Ой ойлан! Сөз мәнісін ұқсаңыз. ... «Әлхамдулила, 6 миллион қазақпыз!» деп А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлы ХХ ғасыр басында айтқандай Ақыт ақын да өз толғауында қазақтың саны мен ойы туралы былай дейді: Алты миллион қазақ ұлт, Бір атаның баласы. Бытыратқан оларды Көңілінің аласы» деп оның жырларындағы алашшыл ой идеясы мен әлеуметтік сарынға баса назар аударады. Шетте жүрсе де ой арманының бүкіл қазақ баласымен үндесіп жатқандығын, әсіресе, ұлт серкелері Алаш ойшылдарымен қабысып жатқандығын көрегендікпен байқай білген. Алайда, оның «Он ғасыр жырлайдыдан» орын алмағандығы неліктен деген сауалға біз бәрібір жауап таппаймыз. Дәулеткерей КәпұлыАқыт Үлімжіұлы ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың ірі ғұламаларының бірі. Қазақтың тірісінде кітабы баспа көрген тұңғыш қаламгері. Жазба әдебиеттің көш басшыларының бірі. Ақыт жырлары Қазақстанға әлі де кеңінен таныс бола қойған жоқ. Тек 2007 жылы Алматыда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспасынан «Жиһаншаһ» атты жыр жинағы тұңғыш рет басылып шығып, сол жылы Ақыт Үлімжіұлының туғанына 140 жыл толғаны салтанатты түрде аталып өтті. Дәл осы жылы түрлі мерзімді басылымдарда Ақыт және оның өмірбаяны жайындағы деректер, шығармашылығындағы діни-әлеуметтік бағыт жайында мәліметтер молдап берілген екен. Бұл сол кездегі әдеби шараға байланысты болса керек. Әдеби науқан аяқталғаннан кейін, Ақыт туралы шығармалар да сап тыйылған.
Ақыт Үлімжіұлының Қазақстанға жақсы танылмай жатқаны – оның ғұмырының шетелде, Алтайдың күңгейі мен теріскейінде өткендігі. Ақыт ақын жайында бүгінде там-тұмдап болса да баспасөз беттерінде айтылып жүр. Алайда, әдебиет тарихынан ойып орын алар ұлы ғұламаның аты кейбір елеулі еңбектерде елеусіз қалады. Мәселен, бұған дейін жарық көрген «Бес ғасыр жырлайды», «Замана жыршылары» атты кітаптарда Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақов аты ауызға алынбай келсе, 2006 жылы Алматыдан жарық көрген «Он ғасыр жырлайды» атты еңбекте (редкологияға Р. Бердібаев, М. Мағауин, Б. Тілеухан, А. Айталы, С. Қирабаев, А. Егеубаев, С. Дәуітұлы, А . Смақовалар енген) де Ақыт аты ауызға алынбайды. Бүгінде әдебиеттегі ақтаңдақтарды аршу ісі қолға алынғаны белгілі. Бұл ретте Ақыт Үлімжіұлының Кеңестік идеология салдарынан аты біразға дейін аталмай келгенін айту ләзім. Дегенмен, баянөлгийлік әдебиет зерттеушілері оның еңбектерін сарапқа салуды өткен ғасырдың 60-70 жылдары қолға алып, 1972 жылы Қазақстанда басылған «Бозіңген» кітабына оның бірнеше толғауын енгізіп жібереді.
1898 жылы ресейлік ғалымдардың аузына ілінген, қазандық баспагерлер тарапынан 7 кітабы жарық көрген, қазақтың Абайдан кейінгі ғұламасын әдебиет тарихынан ысырып тастау ақылға қонымсыз жайт. «Он ғасыр жырлайдының» редколлегия мүшелерінің бірі болған, филология ғылымдарының докторы А. Смақова Ақыт ақынның туғанына 140 жыл толу мерейтойында «Аллаһ сөзін жырлаған, алаштың Ақыт ақыны» деген арнайы баяндама жасайды. Осы баяндамада ғалым Ақытты алашшыл ақындар мен ғұламалармен салғастырады. Мәселен: «1931 жылы Ж. Аймауытұлы мен Шәкерім репрессияға ұшырағандардың алғашқылары болып атылды. Осы жылы Ақыт ақын «Қалам сия – көз жасы» толғауын жазған екен:
Бісмілла болар сөз басы,
Қалам сия – көз жасы.
Екінші тармақтағы сөйлем Ә. Бөкейханның Мәскеуден жазған хатында айтылған сөздерін еске салады:
Көңіл келді желпініп,
Қара перде серпіліп.
Азғана кеңес қозғашы.
Тура осы ой сол кезде Абай, Шәкерім, Сәкен өлеңдерінде де орын алған. Міржақыптың «Оян, қазағын» оқығандай ақын былай дейді:
Оян, қазақ, намыстан,
Өнер ізде, алыстан.
Үйреніп анық біле алсаң,
Сен де ешкімнен қалыспан.
Дүние жұрттың ісін қыл,
Құлаққа мақта тықпаңыз!
Оян, оян! Ой ойлан!
Сөз мәнісін ұқсаңыз.
... «Әлхамдулила, 6 миллион қазақпыз!» деп А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлы ХХ ғасыр басында айтқандай Ақыт ақын да өз толғауында қазақтың саны мен ойы туралы былай дейді:
Алты миллион қазақ ұлт,
Бір атаның баласы.
Бытыратқан оларды
Көңілінің аласы» деп оның жырларындағы алашшыл ой идеясы мен әлеуметтік сарынға баса назар аударады. Шетте жүрсе де ой арманының бүкіл қазақ баласымен үндесіп жатқандығын, әсіресе, ұлт серкелері Алаш ойшылдарымен қабысып жатқандығын көрегендікпен байқай білген. Алайда, оның «Он ғасыр жырлайдыдан» орын алмағандығы неліктен деген сауалға біз бәрібір жауап таппаймыз.
Дәулеткерей Кәпұлы
