Жаңалықтар

Бүгін «Шахтер» мен «Маккаби» бақ таластырады

Бүгін Астанада қарағандылық «Шахтер» мен «Маккаби» (Хайфа) клубтары кездеседі. Бұл Еуропа лигасының топтық кезеңінің екінші тур ойындары. «Шахтердің» Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында Қазақстанда өткізетін алғашқы матчы. «Шахтер» - «Маккаби» матчын КТК арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Ойын кезінде ресейлік журналист Константин Генич комментатор болады. Букмекерлер ойынға қатысты өз болжамдарын жасап үлгерді. Олар израильдік клубтың жеңетінін айтып отыр. Алайда, «Шахтер» жанкүйерлері мен жалпы Қазақстан жұрты өз командасының жеңетініне сенеді және ойын кезінде қолдау көрсетуге дайын отыр. Израиль мен Қарағанды клубтары арасындағы кездесу 3 қазанда түнгі 21:35-те «Астана-Арена» стадионында өтеді. Baq.kz
03.10.2013 08:08 3075

Бүгін Астанада қарағандылық «Шахтер» мен «Маккаби» (Хайфа) клубтары кездеседі. Бұл Еуропа лигасының топтық кезеңінің екінші тур ойындары. «Шахтердің» Еуропа лигасының топтық кезеңі аясында Қазақстанда өткізетін алғашқы матчы.

«Шахтер» - «Маккаби» матчын КТК арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Ойын кезінде ресейлік журналист Константин Генич комментатор болады. Букмекерлер ойынға қатысты өз болжамдарын жасап үлгерді. Олар израильдік клубтың жеңетінін айтып отыр.
Алайда, «Шахтер» жанкүйерлері мен жалпы Қазақстан жұрты өз командасының жеңетініне сенеді және ойын кезінде қолдау көрсетуге дайын отыр.
Израиль мен Қарағанды клубтары арасындағы кездесу 3 қазанда түнгі 21:35-те «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға