Жаңалықтар

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облысының қазақ драма театры

С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры 1936 жылы құрамында жас кеншілер мен құрылысшылар болған жас жұмыскерлер театры негізінде құрылды. Театрдың негізін ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртістері З. Көшкінбаева, Ж. Шашкина, С. Телғараев, З. Жақыповтар қалады. Театр 1932 жылы Ж. Шаниннің «Зәуре» қойылымымен ашылды. Ондағы басты кейіпкердің рөлін Ж. Шашкина ойнады. 1934 жылы театр жаңа әртістермен толықты. Олар Қазақ СССР-нің халық әртісі Р. Қойшыбаева, А. Мұсабекова, М. Сүртібаев Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртістері А. Шаймерденов, М. Бектенов. Жас ұжым өздерінің театрдағы қызметтерін Н.В. Гогольдің «Женитьба» комедиясымен бастады. Театрдың репертуарында Б. Майлиннің «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі», С. Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», Ж. Шаниннің «Арқалық батыр» сиякты және де басқа қойылымдары болды. 1936 жылы облыс орталығының Қарағанды қаласына көшірілуіне байланысты театр облыстық драма театры деп атала бастады. Театрдың шығармашылық ұжымына ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртістері М. Әбдікәрімов Ж. Шаймерденова және театрдың алғашқы режиссеры ГИТИС-тің түлегі Н. Камаловтар қосылды. Театрдын белгілі әртістері М. Сүртібаев пен Ж. Шашкина 1936 жылғы Мәскеу қаласында өткен қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігіне қатыскан. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ драма театрының әртістер жауынгерлердің алдында өз өнерлерін көрсетті. Театр репертуары мазмұнында патриотизм, халықтар достығы, Отанға деген махаббат идеясы бар қойылымдармен толықты. Олар: М. Әуезовтың «Қара қыпшақ Қобыланды», А. Островскийдің «Без вины виноватые» атты қойылымдары. 1944 жылы театрдың 8 артісіне «ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртісі» атағы берілсе, 6 әртіс ҚазССР Жоғаргы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1945 жылы соғыс аяқталғаннан кейін театр ұжымына И.В. Сталиннің атынан майданға қаражат жинағаны үшін алғыс телеграмма келді. 1964 жьшы театрға қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткер С. Сейфуллиннің есімі берілсе, 1982 жылы театрдың 50-жылдық мерейтойы қарсаңында театр Халықтар достығы орденімен марапатталды. Бүгінгі күні С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театры республикамыздағы алдыңғы қатарлы театрлардың бірі. Театр бірнеше театр фестивальдерінін жеңімпазы, соның ішінде 2000 жылы Каир (Египет) қаласында өткен Бүкіләлемдік театр фестиваліне қатысып жүлделі орынга ие болып қайтты. Театр сахнасында қазақ драматургтері мен қатар орыс және шетел авторларының шығармалары қойылады.
03.10.2013 04:23 9928

С. Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры 1936 жылы құрамында жас кеншілер мен құрылысшылар болған жас жұмыскерлер театры негізінде құрылды.

Театрдың негізін ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртістері З. Көшкінбаева, Ж. Шашкина, С. Телғараев, З. Жақыповтар қалады. Театр 1932 жылы Ж. Шаниннің «Зәуре» қойылымымен ашылды. Ондағы басты кейіпкердің рөлін Ж. Шашкина ойнады. 1934 жылы театр жаңа әртістермен толықты. Олар Қазақ СССР-нің халық әртісі Р. Қойшыбаева, А. Мұсабекова, М. Сүртібаев Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртістері А. Шаймерденов, М. Бектенов. Жас ұжым өздерінің театрдағы қызметтерін Н.В. Гогольдің «Женитьба» комедиясымен бастады. Театрдың репертуарында Б. Майлиннің «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі», С. Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», Ж. Шаниннің «Арқалық батыр» сиякты және де басқа қойылымдары болды.

1936 жылы облыс орталығының Қарағанды қаласына көшірілуіне байланысты театр облыстық драма театры деп атала бастады. Театрдың шығармашылық ұжымына ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртістері М. Әбдікәрімов Ж. Шаймерденова және театрдың алғашқы режиссеры ГИТИС-тің түлегі Н. Камаловтар қосылды. Театрдын белгілі әртістері М. Сүртібаев пен Ж. Шашкина 1936 жылғы Мәскеу қаласында өткен қазақ өнері мен әдебиетінің онкүндігіне қатыскан.

Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ драма театрының әртістер жауынгерлердің алдында өз өнерлерін көрсетті. Театр репертуары мазмұнында патриотизм, халықтар достығы, Отанға деген махаббат идеясы бар қойылымдармен толықты. Олар: М. Әуезовтың «Қара қыпшақ Қобыланды», А. Островскийдің «Без вины виноватые» атты қойылымдары. 1944 жылы театрдың 8 артісіне «ҚазССР-нің еңбек сіңірген әртісі» атағы берілсе, 6 әртіс ҚазССР Жоғаргы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1945 жылы соғыс аяқталғаннан кейін театр ұжымына И.В. Сталиннің атынан майданға қаражат жинағаны үшін алғыс телеграмма келді.

1964 жьшы театрға қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткер С. Сейфуллиннің есімі берілсе, 1982 жылы театрдың 50-жылдық мерейтойы қарсаңында театр Халықтар достығы орденімен марапатталды.

Бүгінгі күні С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театры республикамыздағы алдыңғы қатарлы театрлардың бірі. Театр бірнеше театр фестивальдерінін жеңімпазы, соның ішінде 2000 жылы Каир (Египет) қаласында өткен Бүкіләлемдік театр фестиваліне қатысып жүлделі орынга ие болып қайтты. Театр сахнасында қазақ драматургтері мен қатар орыс және шетел авторларының шығармалары қойылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға