Қалибек Қуанышбаев театры
Астана қалалық Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 1991 жылы 15 қарашада Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері –Ақтоқты» драмасымен өз шымылдығын ашты. Алғашқы қойылымды театрдың негізін қалаушы дарынды режиссер Жақып Омаров сахналады. Театр өзінің алғашқы жүлдесін 1996 жылы Уфа қаласында Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен Халықаралық «Туғанлық» театр фестивалінде алды. Онда Ш.Хұсайыновтың «Алдар Көсе» музыкалық комедиясы лауреат атанды. Бүгінде ұлттың рухани қажеттілігін өтеп отырған киелі шаңыраққа дарынды өнер қайракерлері Ж.Омаров, Қазақстан Халық артисі - Қадыр Жетпісбаев, Кеңес Одағының Халық артисі, «Халық Қаһарманы» Әзірбайжан Мәмбетов жетекшілік етті. Осындай талай саңлақтар басқарған театрдың қазіргі көркемдік жетекшісі-директоры, өнертанушы, театр сыншысы – Еркін Тілеуқұлұлы Жуасбек. Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының репертуары көнеден келе жатқан классикалық өнер туындыларын заманға сай жаңартып, жаңаша қойылымдармен толықтырып келеді. Мәселен, М.Әуезовтың «Қарагөз», «Абай», «Айман - Шолпан», Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн», «Ақ кеме», Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты», Т.Ахтановтың «Күшік күйеу», С.Тұрғынбекұлының «Мұқағали», А.Дударевтің «Кеш», Дж.Патриктің «Қымбатты Памела», М. Фриштің «Дон Жуанның думаны», И.Штраустың «Жұбайлар жұмбағы», У. Шекспирдің «Гамлет», А.Цагарелидің «Гамарджоба», Т.Джюдженоглудің «Көшкін», Э.Хушвақтовтың «Қызыл алма», Б.Ұзақовтың «Жандауа», Қ.Жүнісовтің «Махаббат мелодрамасы», Д.Рамазанның «Кенесары - Күнімжан», Ф.Оңғарсынованың «Даланың күйші Динасы», Е.Жуасбектің «Үйлену», «Сен үшін», «Антивирус», «Терең тамырлар», сынды қойылымдарын театр сахнасынан көре аламыз. Өз көрерменін тапқан театрдың бүгінгі тыныс-тіршілігіне көңіл толады. Елімізде және шет елде өткен бірнеше театр фестивалдерінде биік белестерді бағындырған ұжымның алға қойған бағыт-бағдары айқын. Ол–қазақтың театр өнерін өркендету, сөйтіп кешегі мен бүгінгі өмір арасын өнердің биік шыңы арқылы шынайы көрсете білу. Театрдың әр жылдары иеленген жүлделері мен үздік қойылымдарын тізбелер болсақ, 1999 жылы Каир қаласында өткен дүниежүзілік фестивалі, 2000 жылы Германия Федеративтік Республикасының үлкен бес қаласына гастрольдік сапары, 2001 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында Астана қаласы театрының онкүндігін өткізуі, 2002 жылы Астана қаласының Мәскеуде өткен өнер күндерінің аясында Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» спектаклімен «Моссовет» театр сахнасында, 2010 жылы қаңтар айында Иран Республикасы, Тегеран қаласында Мәдениет Институтының ұйымдастыруымен өткен Фаджр атындағы Халықаралық театр фестиваліне Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» (Спектакльдің қоюшы режиссері Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов) шығармасымен үздік деп танылды. Театр ұжымы қаланың мәдени шараларына белсене қатысады. Әсіресе Наурызнама, Қала күні, Жаңа жылдық мерекелер театр режиссерлары мен актерларының қатысуынсыз өткен емес. 2010 жылы Алматы қаласында Театр ұжымы 1 апталық гастрольдік іс-сапарда болып қайтты. Осы жылы Театр ұжымының актерлары – Қ.Қыстықбаев пен Е.Нұрымбет «Президент стипендиясының иегері» атанды. 2010 жылы Қарағанды қаласында өткен ХVІІ Республикалық театр фестивалінде режиссер Нұрлан Жұманиязов сахналаған «Үйлену» спектаклі жүлделі 2-ші орынды иеленді. Ал 2010 жылдың қыркүйек айында театр Тараз қаласында өткен Республикалық ХVIII Қазақстан театрларының фестиваліне А.Дударевтің «КЕШ» (қойылымның режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов) драмасымен барып Гран-при иеленді. 2011 жылы Шымкент қаласында 25-27 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Халықаралық театр күніне арналған "Театр көктемі - 2011" республикалық аймақтық театрлар фестивалінде "Сен үшін" комедиясы (авторы Е.Жуасбек, қоюшы режиссері - Нұрлан Жұманиязов) "Ең үздік қойылым" номинациясын жеңіп алды. 2011 жылдың 23-26 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Ұлттық театрлардың республикалық фестивалінде – Д.Рамазанның "Кенесары - Күнімжан" драмасы - «Ең үздік ұлттық авторлардың драматургиясы үшін» және актер Сырым Қашқабаев - "Ең үздік ер адам бейнесі" номинацияларын жеңіп алды. 2012 жылдың 16-24 қыркүйек аралығында Орал қаласында өткен Ә.Мамбетовтің 80-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XX Республикалық фестиваліне Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясымен қатысып, «Қадыр Мырзалиев атындағы» арнайы сыйлықты және Науан бейнесін сомдаған актер, ҚР халық артисі Тілектес Мейрамов «Ең үздік ер бейнесі» номинацияларын иеленіп қайтты. Қоюшы режиссері Нұрлан Жұманиязов. 2012 жылдың 1-5 қазан аралығында Қостанай қаласында І.Омаровтың 100 - жылдығына арналған Республикалық Театрлар фестиваліне - Ж.М.Шевренің "Ізгілік формуласы" атты комедиямен қатысып, "Ең үздік әйел" номинациясына - ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Лейло Бекназар-Ханинга мен ҚР еңбек сінірген артисі Жанат Чайкина иеленсе, "Үміт" номинациясы жас актриса Айнұр Жетпісбаеваға берілді. Спектакльдің қоюшы режиссері - Әлімбек Оразбеков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. 2012 жылдың 20-26 қазан аралығында Алматы қаласында Орталық Азия Мемлекеттерінің IV Халықаралық Театрлар фестиваліне әлемдік классиканың хас шебері, ұлы жазушы У.Шекспирдің "ГАМЛЕТ" трагедиясымен қатысты. Қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Болат Ұзақов. Аталмыш спектакльге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Орталық Азия мемлекеттерінің IV Халықаралық Театрлар фестиваліне қатысқаны үшін АЛҒЫС ХАТ табыс етті. Ал Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актер - Өтеуілов Нүркен "Ең үздік ер бейнесі" номинациясын жеңіп алды. Театр–өмір, театр–ақ пен қараның, жақсы мен жаманның ара жігіт ажырата білуге үйрететін рухани қарашаңырақ. Театрдың мақсаты–халыққа ақыл үйрету емес, ақыл іздеген кісіге ой салушы ғана. Театр мәңгі жасай береді. Тәуелсіздікпен құрдас Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрына да биыл 21 жыл. Осы уақыт аралығында талмай ізденіс пен халқына адал қызмет етіп келе жатқан театрдың асар асуы, шығар биігі әлі заукөкте екеніне ешкімнің күмәні болмас. Себебі, театрға баға беруші көрермені барда, театр қашанда өсе бермек!Астана қалалық Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры 1991 жылы 15 қарашада Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері –Ақтоқты» драмасымен өз шымылдығын ашты. Алғашқы қойылымды театрдың негізін қалаушы дарынды режиссер Жақып Омаров сахналады. Театр өзінің алғашқы жүлдесін 1996 жылы Уфа қаласында Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен Халықаралық «Туғанлық» театр фестивалінде алды. Онда Ш.Хұсайыновтың «Алдар Көсе» музыкалық комедиясы лауреат атанды. Бүгінде ұлттың рухани қажеттілігін өтеп отырған киелі шаңыраққа дарынды өнер қайракерлері Ж.Омаров, Қазақстан Халық артисі - Қадыр Жетпісбаев, Кеңес Одағының Халық артисі, «Халық Қаһарманы» Әзірбайжан Мәмбетов жетекшілік етті. Осындай талай саңлақтар басқарған театрдың қазіргі көркемдік жетекшісі-директоры, өнертанушы, театр сыншысы – Еркін Тілеуқұлұлы Жуасбек. Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының репертуары көнеден келе жатқан классикалық өнер туындыларын заманға сай жаңартып, жаңаша қойылымдармен толықтырып келеді. Мәселен, М.Әуезовтың «Қарагөз», «Абай», «Айман - Шолпан», Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн», «Ақ кеме», Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты», Т.Ахтановтың «Күшік күйеу», С.Тұрғынбекұлының «Мұқағали», А.Дударевтің «Кеш», Дж.Патриктің «Қымбатты Памела», М. Фриштің «Дон Жуанның думаны», И.Штраустың «Жұбайлар жұмбағы», У. Шекспирдің «Гамлет», А.Цагарелидің «Гамарджоба», Т.Джюдженоглудің «Көшкін», Э.Хушвақтовтың «Қызыл алма», Б.Ұзақовтың «Жандауа», Қ.Жүнісовтің «Махаббат мелодрамасы», Д.Рамазанның «Кенесары - Күнімжан», Ф.Оңғарсынованың «Даланың күйші Динасы», Е.Жуасбектің «Үйлену», «Сен үшін», «Антивирус», «Терең тамырлар», сынды қойылымдарын театр сахнасынан көре аламыз. Өз көрерменін тапқан театрдың бүгінгі тыныс-тіршілігіне көңіл толады. Елімізде және шет елде өткен бірнеше театр фестивалдерінде биік белестерді бағындырған ұжымның алға қойған бағыт-бағдары айқын. Ол–қазақтың театр өнерін өркендету, сөйтіп кешегі мен бүгінгі өмір арасын өнердің биік шыңы арқылы шынайы көрсете білу. Театрдың әр жылдары иеленген жүлделері мен үздік қойылымдарын тізбелер болсақ, 1999 жылы Каир қаласында өткен дүниежүзілік фестивалі, 2000 жылы Германия Федеративтік Республикасының үлкен бес қаласына гастрольдік сапары, 2001 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында Астана қаласы театрының онкүндігін өткізуі, 2002 жылы Астана қаласының Мәскеуде өткен өнер күндерінің аясында Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» спектаклімен «Моссовет» театр сахнасында, 2010 жылы қаңтар айында Иран Республикасы, Тегеран қаласында Мәдениет Институтының ұйымдастыруымен өткен Фаджр атындағы Халықаралық театр фестиваліне Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» (Спектакльдің қоюшы режиссері Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетов) шығармасымен үздік деп танылды. Театр ұжымы қаланың мәдени шараларына белсене қатысады. Әсіресе Наурызнама, Қала күні, Жаңа жылдық мерекелер театр режиссерлары мен актерларының қатысуынсыз өткен емес. 2010 жылы Алматы қаласында Театр ұжымы 1 апталық гастрольдік іс-сапарда болып қайтты. Осы жылы Театр ұжымының актерлары – Қ.Қыстықбаев пен Е.Нұрымбет «Президент стипендиясының иегері» атанды. 2010 жылы Қарағанды қаласында өткен ХVІІ Республикалық театр фестивалінде режиссер Нұрлан Жұманиязов сахналаған «Үйлену» спектаклі жүлделі 2-ші орынды иеленді. Ал 2010 жылдың қыркүйек айында театр Тараз қаласында өткен Республикалық ХVIII Қазақстан театрларының фестиваліне А.Дударевтің «КЕШ» (қойылымның режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Ұзақов) драмасымен барып Гран-при иеленді. 2011 жылы Шымкент қаласында 25-27 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Халықаралық театр күніне арналған "Театр көктемі - 2011" республикалық аймақтық театрлар фестивалінде "Сен үшін" комедиясы (авторы Е.Жуасбек, қоюшы режиссері - Нұрлан Жұманиязов) "Ең үздік қойылым" номинациясын жеңіп алды. 2011 жылдың 23-26 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Ұлттық театрлардың республикалық фестивалінде – Д.Рамазанның "Кенесары - Күнімжан" драмасы - «Ең үздік ұлттық авторлардың драматургиясы үшін» және актер Сырым Қашқабаев - "Ең үздік ер адам бейнесі" номинацияларын жеңіп алды. 2012 жылдың 16-24 қыркүйек аралығында Орал қаласында өткен Ә.Мамбетовтің 80-жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XX Республикалық фестиваліне Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясымен қатысып, «Қадыр Мырзалиев атындағы» арнайы сыйлықты және Науан бейнесін сомдаған актер, ҚР халық артисі Тілектес Мейрамов «Ең үздік ер бейнесі» номинацияларын иеленіп қайтты. Қоюшы режиссері Нұрлан Жұманиязов. 2012 жылдың 1-5 қазан аралығында Қостанай қаласында І.Омаровтың 100 - жылдығына арналған Республикалық Театрлар фестиваліне - Ж.М.Шевренің "Ізгілік формуласы" атты комедиямен қатысып, "Ең үздік әйел" номинациясына - ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Лейло Бекназар-Ханинга мен ҚР еңбек сінірген артисі Жанат Чайкина иеленсе, "Үміт" номинациясы жас актриса Айнұр Жетпісбаеваға берілді. Спектакльдің қоюшы режиссері - Әлімбек Оразбеков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. 2012 жылдың 20-26 қазан аралығында Алматы қаласында Орталық Азия Мемлекеттерінің IV Халықаралық Театрлар фестиваліне әлемдік классиканың хас шебері, ұлы жазушы У.Шекспирдің "ГАМЛЕТ" трагедиясымен қатысты. Қоюшы режиссері ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Болат Ұзақов. Аталмыш спектакльге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Орталық Азия мемлекеттерінің IV Халықаралық Театрлар фестиваліне қатысқаны үшін АЛҒЫС ХАТ табыс етті. Ал Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актер - Өтеуілов Нүркен "Ең үздік ер бейнесі" номинациясын жеңіп алды. Театр–өмір, театр–ақ пен қараның, жақсы мен жаманның ара жігіт ажырата білуге үйрететін рухани қарашаңырақ. Театрдың мақсаты–халыққа ақыл үйрету емес, ақыл іздеген кісіге ой салушы ғана. Театр мәңгі жасай береді. Тәуелсіздікпен құрдас Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ драма театрына да биыл 21 жыл. Осы уақыт аралығында талмай ізденіс пен халқына адал қызмет етіп келе жатқан театрдың асар асуы, шығар биігі әлі заукөкте екеніне ешкімнің күмәні болмас. Себебі, театрға баға беруші көрермені барда, театр қашанда өсе бермек!
