Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Спартак» командасын жеңді
Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда мәскеулік «Спартак» командасын жеңді. Осы жолы да есепті ашқан «Барыс» болды. Команда легионері, тафгай Джошуа Грэттон өз мүмкіндігін қалт жіберген жоқ. Ол Р.Старченконың берген пасын шебер пайдаланып, шайбаны тура қарсыластың қақпасына бағыттай білді. Есеп - 1:0. Бұл - мұз айдынындағы төбелестің хас шебері Дж.Грэттонның жаңа маусымдағы алғашқы шайбасы. Жанкүйерлердің қуанышында шек болмады. Тафгайдың өзі де осы шайбадан кейін қанаттанып, ширақ ойнай бастады. Бірінші кезеңнің орта шегінде «Спартак» таразы басын теңестірді. Алайда Константин Руденко өз командасын қайтадан алға шығарды. Екінші кезеңде есеп өзгермеді. Ал үшінші кезеңде шайбалар қарша борады. М.Рахманов пен Майк Ландин «Барыстың» басымдығын 4:1-ге дейін жеткізсе, қарсыластар барын салып, есеп айырмасын бір шайбаға қысқартты. Ойынның соңғы минуттарында қақпашыны алып тастап, бір хоккейшіге артық құрамда да шабуыл жасап көрді. Алайда «Барыстың» бекем бекінісін бұза алмады. Қорытынды есеп - 4:3. Айта кетейік, осы ойыннан кейін «Барыстың» қоржынында 27 ұпай бар. Лиганың фавориті - «СКА» командасында да 27 ұпай. Алайда астаналық клуб бір ойынға кем ойнап, қарсыластың қақпасына соққан шайбалардың саны жағынан оқ бойы озық тұрғандықтан, жалпы турнирлік кестеде ол бірінші орынға көтерілді. ҚазАқпарат
Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда мәскеулік «Спартак» командасын жеңді.
Осы жолы да есепті ашқан «Барыс» болды. Команда легионері, тафгай Джошуа Грэттон өз мүмкіндігін қалт жіберген жоқ. Ол Р.Старченконың берген пасын шебер пайдаланып, шайбаны тура қарсыластың қақпасына бағыттай білді. Есеп - 1:0. Бұл - мұз айдынындағы төбелестің хас шебері Дж.Грэттонның жаңа маусымдағы алғашқы шайбасы. Жанкүйерлердің қуанышында шек болмады. Тафгайдың өзі де осы шайбадан кейін қанаттанып, ширақ ойнай бастады. Бірінші кезеңнің орта шегінде «Спартак» таразы басын теңестірді. Алайда Константин Руденко өз командасын қайтадан алға шығарды. Екінші кезеңде есеп өзгермеді. Ал үшінші кезеңде шайбалар қарша борады. М.Рахманов пен Майк Ландин «Барыстың» басымдығын 4:1-ге дейін жеткізсе, қарсыластар барын салып, есеп айырмасын бір шайбаға қысқартты. Ойынның соңғы минуттарында қақпашыны алып тастап, бір хоккейшіге артық құрамда да шабуыл жасап көрді. Алайда «Барыстың» бекем бекінісін бұза алмады. Қорытынды есеп - 4:3.
Айта кетейік, осы ойыннан кейін «Барыстың» қоржынында 27 ұпай бар. Лиганың фавориті - «СКА» командасында да 27 ұпай. Алайда астаналық клуб бір ойынға кем ойнап, қарсыластың қақпасына соққан шайбалардың саны жағынан оқ бойы озық тұрғандықтан, жалпы турнирлік кестеде ол бірінші орынға көтерілді.
ҚазАқпарат
