Хоккей: «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Спартак»
Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда мәскеулік «Спартакпен» кездеседі. Айта кеткен жөн, осы уақытқа дейін «Спартак» командасы он бір ойын өткізіп, соның жетеуінде жеңіске жеткен. Бүгінде мәскеулік команда Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде 19 ұпаймен 11-ші орында тұр. Ал «Барыста» 24 ұпай бар. Астаналық клуб соңғы он матчта сегіз мәрте жеңіс тұғырынан көрініп, турнирлік кестенің 4-ші орнын алып отыр. Бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 21:30-да басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді. ҚазАқпарат
02.10.2013 04:20
3086
Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда мәскеулік «Спартакпен» кездеседі.
Айта кеткен жөн, осы уақытқа дейін «Спартак» командасы он бір ойын өткізіп, соның жетеуінде жеңіске жеткен. Бүгінде мәскеулік команда Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде 19 ұпаймен 11-ші орында тұр. Ал «Барыста» 24 ұпай бар. Астаналық клуб соңғы он матчта сегіз мәрте жеңіс тұғырынан көрініп, турнирлік кестенің 4-ші орнын алып отыр.
Бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 21:30-да басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.
ҚазАқпарат
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
В Ираке мать семерых забеременела сразу еще 13 детьми
Келесі жаңалық
Әуежайда бомбалар салынған сәлемдемелер табылды