“Абайлаңыз, сиыр”-ға түсіп жатыр
Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, 2004 жылы өткен халықаралық «Азия дауысы» байқауының бас жүлдегері, танымал әнші-актриса Айгүл Иманбаева шығармашылықтағы соңғы жаңалықтарымен бөлісті. Өнер иесінің айтуынша, ол жақында ғана отандық «Судағы із» атты киносының түсірілім жұмыстарынан босаған. Картинада басты рөлдердің бірін сомдайтын ол, өзіне тапсырылған рөлді тиісінше алып шығуға тырысқанын айтады. Алайда, кейіпкеріміз біраз уақыттан кейін аталған туынды жөнінде сыр бөлісетінін баян етті. Одан басқа өнерлі келіншек іле-шара «Абайлаңыз, сиыр!» атты комедиялық фильмге түсуді бастап кеткенін тілге тиек етті. Айта кетерлігі, бұл – киноның «жұмыс атауы», яғни оның нақты қалай аталатыны түсірілім жұмыстарының соңына таман белгілі болады. Шым-шытырыққа толы картинада жағымсыз кейіпкерді сомдайтынын жасырмаған ол, оның үлкен экранға қашан шығатыны әзір белгісіз деп отыр. Өз кезегінде біз одан «танымал продюсер Сәбит Әбдіхалықов «Күндестер» фильмін түсіреді, онда басты кейіпкерлерді Алтынай Жорабаева мен Айгүл Иманбаева ойнайды» деген алып-қашпа әңгіменің қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрағанымызда, өнер иесі бұны растады. - Бірақ оның түсірілім жұмыстары қашан басталатынын нақты айта алмаймын. Әйтеуір, «Күндестердің» жарыққа шығатыны анық, – дейді ол. Осылайша, бір жылда бірнеше киноға түскелі отырған Айгүл актрисалық өнеріне қазіргі таңда басымдық беріп жатқанын жеткізді. Алайда, бұл оның әншілік қырын ұмыт қалдырғанын білдірмесе керек. «Жаңа әндер жазып, соның ішінде қайсысына клип түсіреміз деп мамандармен ақылдасып жатқаным бар. Жер-жерге барып, шығармашылық кешімді және беріп жүрмін» дейді А. Серікқұлқызы. Baq.kz
Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, 2004 жылы өткен халықаралық «Азия дауысы» байқауының бас жүлдегері, танымал әнші-актриса Айгүл Иманбаева шығармашылықтағы соңғы жаңалықтарымен бөлісті.
Өнер иесінің айтуынша, ол жақында ғана отандық «Судағы із» атты киносының түсірілім жұмыстарынан босаған. Картинада басты рөлдердің бірін сомдайтын ол, өзіне тапсырылған рөлді тиісінше алып шығуға тырысқанын айтады. Алайда, кейіпкеріміз біраз уақыттан кейін аталған туынды жөнінде сыр бөлісетінін баян етті. Одан басқа өнерлі келіншек іле-шара «Абайлаңыз, сиыр!» атты комедиялық фильмге түсуді бастап кеткенін тілге тиек етті. Айта кетерлігі, бұл – киноның «жұмыс атауы», яғни оның нақты қалай аталатыны түсірілім жұмыстарының соңына таман белгілі болады. Шым-шытырыққа толы картинада жағымсыз кейіпкерді сомдайтынын жасырмаған ол, оның үлкен экранға қашан шығатыны әзір белгісіз деп отыр.
Өз кезегінде біз одан «танымал продюсер Сәбит Әбдіхалықов «Күндестер» фильмін түсіреді, онда басты кейіпкерлерді Алтынай Жорабаева мен Айгүл Иманбаева ойнайды» деген алып-қашпа әңгіменің қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрағанымызда, өнер иесі бұны растады.
- Бірақ оның түсірілім жұмыстары қашан басталатынын нақты айта алмаймын. Әйтеуір, «Күндестердің» жарыққа шығатыны анық, – дейді ол.
Осылайша, бір жылда бірнеше киноға түскелі отырған Айгүл актрисалық өнеріне қазіргі таңда басымдық беріп жатқанын жеткізді. Алайда, бұл оның әншілік қырын ұмыт қалдырғанын білдірмесе керек. «Жаңа әндер жазып, соның ішінде қайсысына клип түсіреміз деп мамандармен ақылдасып жатқаным бар. Жер-жерге барып, шығармашылық кешімді және беріп жүрмін» дейді А. Серікқұлқызы.
Baq.kz
