Жаңалықтар

Берік Айтжанов "Дала дауысында"

Танымал театр және кино актері Берік Айтжанов биылғы жылы бір түсіру алаңынан екіншісіне барып, жұмыстан қолы тимей жүргенін айтады. Қазіргі таңда ол «Дала дауысы» деген жұмыс атауы қойылған кинода басты рөлдердің бірін сомдап жатыр. Көктем айларында Баян Есентаеваның бастамасымен түсіріліп жатқан «Тракторшының махаббаты» телехикасында жұмысын бастаған Берік, оның соңғы бөлімі қазан айына бекітіліп қойылғанын жеткізеді. Жаңа маусымнан көпшілік көрерменге жол тартқан сериалда өнер иесі ауылдың қарапайым жігітін сомдайды. Қым-қиғаш оқиғаға толы туындыда Берік – тракторшы жігіт қаланың еркетотай қызын ұнатып қалып, оқиға тиісінше ғашықтық ғаламатына ұласады. Сырлы сезім мен кереғар көзқарастар, тағдыр түйткілдері көрініс тапқан «Тракторшының махаббаты» – Беріктің түсіп жатқан жалғыз картинасы емес. Ол, сондай-ақ, қазіргі таңда режиссер Ермек Шынарбаевтың «Дала дауысы» («Голос степей») деген фильмінде өнерін паш етіп жатқанын атап өтті. Актердің айтуынша, туындыға шетелден де актерлер шақыртылған. - Онда мен Абай есімді бизнесменді сомдаймын. Түсірілім жұмыстары енді басталған картинаға менен бөлек, басты рөлде әйгілі француз актері Жерар Депардье ойнап жатыр. Қазіргі таңда сол кісімен бір түсіру алаңында жүрміз. Жұмыс қызып жатыр, – дейді бізге өнер иесі. Бұдан бөлек Берік Айтжанов қараша айында танымал қазақстандық режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманат» атты киносының түсірілетінін баян етті. Тарихи драма тарихшы Ермахан Бекмахановтың өмір жолынан сыр шертеді. Кейіпкерімізге онда басты рөл бұйырыпты. Естеріңізге сала кетсек, Айтжанов бұған дейін «Қасқыр мезгілі», «Махамбет», «Махамбеттің қылышы», «Нағыз полковник», «Ликвидатор», «Арман қала» сияқты фильмдер мен «Ағайынды» телехикасында ойнаған. Baq.kz
02.10.2013 02:46 3258

Танымал театр және кино актері Берік Айтжанов биылғы жылы бір түсіру алаңынан екіншісіне барып, жұмыстан қолы тимей жүргенін айтады. Қазіргі таңда ол «Дала дауысы» деген жұмыс атауы қойылған кинода басты рөлдердің бірін сомдап жатыр.

Көктем айларында Баян Есентаеваның бастамасымен түсіріліп жатқан «Тракторшының махаббаты» телехикасында жұмысын бастаған Берік, оның соңғы бөлімі қазан айына бекітіліп қойылғанын жеткізеді. Жаңа маусымнан көпшілік көрерменге жол тартқан сериалда өнер иесі ауылдың қарапайым жігітін сомдайды. Қым-қиғаш оқиғаға толы туындыда Берік – тракторшы жігіт қаланың еркетотай қызын ұнатып қалып, оқиға тиісінше ғашықтық ғаламатына ұласады. Сырлы сезім мен кереғар көзқарастар, тағдыр түйткілдері көрініс тапқан «Тракторшының махаббаты» – Беріктің түсіп жатқан жалғыз картинасы емес. Ол, сондай-ақ, қазіргі таңда режиссер Ермек Шынарбаевтың «Дала дауысы» («Голос степей») деген фильмінде өнерін паш етіп жатқанын атап өтті. Актердің айтуынша, туындыға шетелден де актерлер шақыртылған.

- Онда мен Абай есімді бизнесменді сомдаймын. Түсірілім жұмыстары енді басталған картинаға менен бөлек, басты рөлде әйгілі француз актері Жерар Депардье ойнап жатыр. Қазіргі таңда сол кісімен бір түсіру алаңында жүрміз. Жұмыс қызып жатыр, – дейді бізге өнер иесі.
Бұдан бөлек Берік Айтжанов қараша айында танымал қазақстандық режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің

«Аманат» атты киносының түсірілетінін баян етті. Тарихи драма тарихшы Ермахан Бекмахановтың өмір жолынан сыр шертеді. Кейіпкерімізге онда басты рөл бұйырыпты.
Естеріңізге сала кетсек, Айтжанов бұған дейін «Қасқыр мезгілі», «Махамбет», «Махамбеттің қылышы», «Нағыз полковник», «Ликвидатор», «Арман қала» сияқты фильмдер мен «Ағайынды» телехикасында ойнаған.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға