Жаңалықтар

Е-history.kz жаңа веб-порталына 10 мыңнан астам адам кірген

25 қыркүйекте іске қосылған e-history.kz веб-порталына осы күнге дейін 10 мыңнан астам адам кіріп, жаңа сайтпен танысқан. Бұл жөнінде бүгін ұлттық тарихты реформалау мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында «Қазнетмедиа» директоры Данияр Сүгіралинов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Порталға кіргендердің төрттен бір бөлігі Алматы қаласының тұрғындары. Астаналықтар да осы шамалас. Тарих қызықтыратын көшбасшы бес қаланың қатарында ,сондай-ақ Теміртау, Қостанай мен Семей қалалары бар», - деді ол. Мұнымен қатар әлемнің 55 елінен де порталға кіргендер тіркелген. «Көшбасшылар қатарында Ресей, АҚШ және Ұлыбритания», - деп толықтырды «Қазнетмедиа» директоры.
01.10.2013 10:09 3253

25 қыркүйекте іске қосылған e-history.kz веб-порталына осы күнге дейін 10 мыңнан астам адам кіріп, жаңа сайтпен танысқан. Бұл жөнінде бүгін ұлттық тарихты реформалау мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында «Қазнетмедиа» директоры Данияр Сүгіралинов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Порталға кіргендердің төрттен бір бөлігі Алматы қаласының тұрғындары. Астаналықтар да осы шамалас. Тарих қызықтыратын көшбасшы бес қаланың қатарында ,сондай-ақ Теміртау, Қостанай мен Семей қалалары бар», - деді ол.

Мұнымен қатар әлемнің 55 елінен де порталға кіргендер тіркелген. «Көшбасшылар қатарында Ресей, АҚШ және Ұлыбритания», - деп толықтырды «Қазнетмедиа» директоры.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға