Жаңалықтар

Әлемдегі ең дәулетті адамдардың біразы "оқымаған"

Қазіргі таңда жоғары білімі жоқ миллиардерлер әлемде аз емес. Мәселен, Билл Гейтс, Стив Джобс, Марк Цукерберг университетті тәмамдамай, бизнес үшін оқуын жарты жолдан тастап кеткен. Дегенмен, мұндай дәулеттілердің арасында мектеп бітірмегендері де бар екен. Олардың бірі жастайынан кәсіпкерліктің көзін тапса, екіншісі нан табу үшін жұмысқа ерте жегілген. Ал, тағы бір бөлігі спорт үшін оқуын тастағандар. Дегенмен, аттестаттың жоқтығы осынау азаматтардың баюына кедергі болған жоқ. Forbes журналы жуырда мектеп білімін ала алмаған осындай миллиардерлер тізімін жариялады. 1. Амансио Ортега - Inditex компаниясының және Zara, Massimo Dutti, Oysho брендтерінің негізін қалаушы. Дәулеті 57 млрд. долларға тең. Тегі испандық кәсіпкер былтыр әлемдегі ең бай адамдар тізімінде үшінші орын алған болатын. Мектепті ол 13 жасында тастап кеткен. Әкесі - темір жол қызметшісі, анасы байлардың үйінде ақыға жұмыс істеген. Басылымның айтуынша, бұл отбасының жерге нан таппай қалған кездері жиі болған екен. Ортеганың өзі болса алғашқыда тігіншінің қолында қызмет істеген. Кейін La Maja деп аталатын тері өнімдерінің дүкеніне жұмысшы болып орналасқан. Бала кезінде-ақ ол нарықтың сәнді киімдерге мұқтаж екендігін біліп, жағдайды өз қолына алуға тырысады. Осылайша Ортега арзан, қолжетімді маталарды сатып алып, сәнді үлгідегі киімдерді өзі тіге бастайды. Бұл салада оның жолы болып, ақыры 1975 жылы әйелі екеуі Zara деген атаумен киімдер дүкенін ашқан. Сол уақыттан бері оның табысы қарқынды түрде өсіп келеді. 2. Ли Кашин - Cheung Kong Group компаниясының басшысы. Дәулеті 31 миллиард доллар. Азия құрлығындағы ең дәулетті адамдардың бірі. Ли Кашин кедей мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Мектеппен 14 жасында қош айтысыпты. Жайдан-жай емес, әрине. Бұл уақытта бозбаланың әкесі туберкулезден қайтыс болып, отбасының тұрмыс-тауқыметі оның иығына артылады. Нан табу үшін Ли алдымен сағаттың бауын сатса, кейін пластмасса гүлдерін шығаратын зауытқа жұмысқа тұрған. Күніне 16 сағат тынбай еңбек еткен ол азды-көп қаржы жинап, кәсіпкерлікке жол бастаған. Нақтысын айтсақ, Ли Кашин жастығына қарамастан пластик шығаратын кіші зауыт ашып, түскен ақшаға Гонконгтан пәтер ала берген. Өйткені дәл сол кезде Гонконгтағы баспана бағасы қатты құлдырап кеткен болатын. Бүгінде ол Қытайдағы №1 кәсіпкер. Жыл сайын білім ордаларына миллиондаған қаржысын қайырымдылық ретінде аударып отырады. Бәлкім өзі оқымағаннан кейін өзгелердің оқуына мүмкіндік туындасын дегені болар. 3. Франсуа Пино - Kering компаниясының басшысы. Дәулеті 15 млрд. долларға тең. Forbes журналындағы миллиардерлер тізімінде 53-ші орында тұр. 16 жасында мектепке барудан бас тартқан Франсуа одан кейінгі уақытта да партаға қайта отырудан бас тартқан. Оның әкесі ағаш сатумен айналысқан көрінеді. Баласының жоғары білім алуы үшін барын салып көрген, алайда талпынысы үнемі тығырыққа тіреле беріпті. Өйткені ұлының өзі мектепке барудан үзілді-кесілді бас тартқан екен. Біріншіден - оқуға деген құштарлықтың болмауы кедергі болса, екіншіден - сыныптастарының "қортық" деп мазақтауы мектептен кетіп қалуына себеп болыпты. Ал, үшіншіден - Франсуа кәсіпкер болу үшін ешқандай мектептің көмектесе алмайтындығын сол кезде-ақ біліпті. Қазір Ф.Пино Франциядағы ең бай және беделді кәсіпкерлердің бірегейі. 4. Ричард Брэнсон - Virgin Group корпорациясының негізін қалаушы. Дәулеті 4,6 млрд. долларға тең. Үлгерімі өте нашар болғандықтан мектептен 16 жасында қуып жіберген. Ұстаздары қаншама тәрбиелеуге тырысқанымен, дұрыстап оқи алмайтындығын сылтауратып, үлгерімін түземепті. Мектептен шығарып жіберген кезде директоры "Сен не түремеге түсесің, не ертегідегідей байып кетесің" деп мұқатқан екен. Бұған мұңаймаған Ричард ең алғашқыда кәсібін шырша және тотықұс сатумен бастаған болатын. Кейін студенттерге арналған журнал шығара бастады. 5. Джо Льюис - Tavistock Group компаниясының негізін қалаушы. Дәулеті 4,2 млрд. долларға пара-пар. Кедей отбасынан шықпаған. Әкесі дәмхана желісінде жұмыс істеген. Ұды 15 жасқа толғанда мектептен шығарып алып, жанына алған. Өсе келе ол сол желіні басқарып, кейін валюта бизнесіне ауысты. Қазір оның қоластында жүздеген фирмалар мен компаниялар бар. 6. Кирк Керкорян - Tracinda Corporation корпорациясының президенті. Дәулеті 3,3 млрд долларға тең. АҚШ-та дүниеге келгенімен ұлты армян. Сегізінші сыныпта мектепті тастап, бокспен шұғылданған. Спортта үлкен белестерді бағындыруды армандаған ол сол бойы партаға қайта оралмады. Дегенмен, бокста оның жолы бола қойған жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кирк әскери әуе күштеріне қызметке ауысып кетіп қалды. Соғыстан келісімен ол шағын авиабаза ашып, бизнеске біратала ығысты. Қазір Кирктің жасы 96-да, "Лас-Вегас патшасы" деген лақап аты бар. Бокс кездесулерін жібермей қарайды. 7. Дэвид Мердок - Dole Food Company компаниясының басшысы. Дәулеті 2,4 млрд. долларға тең. Мектепті тоғызыншы сыныпта тастап, жанар-жағармай бекетінде жұмыс істеген. Соғыстан келгеннен кейін кедейліктен сіңірі шыққан жас жігітке жергілікті тұрғындардың бірі қаржылай көмек беріп, ол сол ақшаға дәмхана ашқан екен. Кейін дәмханасын қымбатқа сатып, жылжымалы мүлік бизнесіне ауысқан. 8. Карл Линднер - American Financial Group компаниясының негізін қалаушысы, United Dairy Farmers компаниясының басшысы. Дәулеті $1,7 млрд. долларға тең. Ата-анасының сүт фермасы болған. Соларға көмектесу үшін 14 жасында мектептен кетіпті. 1940 жылы ағасы екеуі 1200 доллар несие алып, балмұздақ сататын шағын дүңгіршек ашқан. Кейін оның бұл кәсібі бүкіл АҚШ-ты жаулап алды. 9. Ахмет Назиф Зорлу - Zorlu холдинг компаниясының иесі. Дәулеті 1,4 млрд. доллар. Мектепті ол 15 жасында тастаған. Ағасы пайдасы мол кәсіп ашуға үгіттеп, ақыры сол таңдаған жолы арманына жеткізді. Алғашында шағын тоқыма цехын ашқан олар, кейінірек Стамбұлға көшіп келіп, үлкен фабриканың негізін қалады. Қазіргі таңда Ахмет Зорлу тоқыма саласындағы ең беделді тұлғалардың бірі. Ол өзінің мектепті тастап, кәсіпкерлікке кеткендігіне еш өкінбейтіндігін айтады. 10. Джеймс Кларк - Netscape Communications компаниясының негізін қалаушы. Дәулеті - 1,1 млрд. доллар. Әке-шешесі жиі ұрысып, ақыры ажырасқаннан кейін оның мектепке баруға мүмкіндігі болмаған. Дегенмен, білімге құштар бала жағдайы түзелісімен кешкі мектепке барып, ақыры жоғары білімге қол жеткізген. Baq.kz
30.09.2013 11:06 6918

Қазіргі таңда жоғары білімі жоқ миллиардерлер әлемде аз емес. Мәселен, Билл Гейтс, Стив Джобс, Марк Цукерберг университетті тәмамдамай, бизнес үшін оқуын жарты жолдан тастап кеткен. Дегенмен, мұндай дәулеттілердің арасында мектеп бітірмегендері де бар екен.

Олардың бірі жастайынан кәсіпкерліктің көзін тапса, екіншісі нан табу үшін жұмысқа ерте жегілген. Ал, тағы бір бөлігі спорт үшін оқуын тастағандар. Дегенмен, аттестаттың жоқтығы осынау азаматтардың баюына кедергі болған жоқ. Forbes журналы жуырда мектеп білімін ала алмаған осындай миллиардерлер тізімін жариялады.

1. Амансио Ортега - Inditex компаниясының және Zara, Massimo Dutti, Oysho брендтерінің негізін қалаушы. Дәулеті 57 млрд. долларға тең. Тегі испандық кәсіпкер былтыр әлемдегі ең бай адамдар тізімінде үшінші орын алған болатын. Мектепті ол 13 жасында тастап кеткен. Әкесі - темір жол қызметшісі, анасы байлардың үйінде ақыға жұмыс істеген. Басылымның айтуынша, бұл отбасының жерге нан таппай қалған кездері жиі болған екен.
Ортеганың өзі болса алғашқыда тігіншінің қолында қызмет істеген. Кейін La Maja деп аталатын тері өнімдерінің дүкеніне жұмысшы болып орналасқан. Бала кезінде-ақ ол нарықтың сәнді киімдерге мұқтаж екендігін біліп, жағдайды өз қолына алуға тырысады.
Осылайша Ортега арзан, қолжетімді маталарды сатып алып, сәнді үлгідегі киімдерді өзі тіге бастайды. Бұл салада оның жолы болып, ақыры 1975 жылы әйелі екеуі Zara деген атаумен киімдер дүкенін ашқан. Сол уақыттан бері оның табысы қарқынды түрде өсіп келеді.

2. Ли Кашин - Cheung Kong Group компаниясының басшысы. Дәулеті 31 миллиард доллар. Азия құрлығындағы ең дәулетті адамдардың бірі.
Ли Кашин кедей мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Мектеппен 14 жасында қош айтысыпты. Жайдан-жай емес, әрине. Бұл уақытта бозбаланың әкесі туберкулезден қайтыс болып, отбасының тұрмыс-тауқыметі оның иығына артылады. Нан табу үшін Ли алдымен сағаттың бауын сатса, кейін пластмасса гүлдерін шығаратын зауытқа жұмысқа тұрған.
Күніне 16 сағат тынбай еңбек еткен ол азды-көп қаржы жинап, кәсіпкерлікке жол бастаған. Нақтысын айтсақ, Ли Кашин жастығына қарамастан пластик шығаратын кіші зауыт ашып, түскен ақшаға Гонконгтан пәтер ала берген. Өйткені дәл сол кезде Гонконгтағы баспана бағасы қатты құлдырап кеткен болатын.
Бүгінде ол Қытайдағы №1 кәсіпкер. Жыл сайын білім ордаларына миллиондаған қаржысын қайырымдылық ретінде аударып отырады. Бәлкім өзі оқымағаннан кейін өзгелердің оқуына мүмкіндік туындасын дегені болар.

3. Франсуа Пино - Kering компаниясының басшысы.
Дәулеті 15 млрд. долларға тең.
Forbes журналындағы миллиардерлер тізімінде 53-ші орында тұр.
16 жасында мектепке барудан бас тартқан Франсуа одан кейінгі уақытта да партаға қайта отырудан бас тартқан.
Оның әкесі ағаш сатумен айналысқан көрінеді. Баласының жоғары білім алуы үшін барын салып көрген, алайда талпынысы үнемі тығырыққа тіреле беріпті. Өйткені ұлының өзі мектепке барудан үзілді-кесілді бас тартқан екен. Біріншіден - оқуға деген құштарлықтың болмауы кедергі болса, екіншіден - сыныптастарының "қортық" деп мазақтауы мектептен кетіп қалуына себеп болыпты. Ал, үшіншіден - Франсуа кәсіпкер болу үшін ешқандай мектептің көмектесе алмайтындығын сол кезде-ақ біліпті.
Қазір Ф.Пино Франциядағы ең бай және беделді кәсіпкерлердің бірегейі.

4. Ричард Брэнсон - Virgin Group корпорациясының негізін қалаушы.
Дәулеті 4,6 млрд. долларға тең.
Үлгерімі өте нашар болғандықтан мектептен 16 жасында қуып жіберген. Ұстаздары қаншама тәрбиелеуге тырысқанымен, дұрыстап оқи алмайтындығын сылтауратып, үлгерімін түземепті. Мектептен шығарып жіберген кезде директоры "Сен не түремеге түсесің, не ертегідегідей байып кетесің" деп мұқатқан екен.
Бұған мұңаймаған Ричард ең алғашқыда кәсібін шырша және тотықұс сатумен бастаған болатын. Кейін студенттерге арналған журнал шығара бастады.

5. Джо Льюис - Tavistock Group компаниясының негізін қалаушы.
Дәулеті 4,2 млрд. долларға пара-пар.
Кедей отбасынан шықпаған. Әкесі дәмхана желісінде жұмыс істеген. Ұды 15 жасқа толғанда мектептен шығарып алып, жанына алған. Өсе келе ол сол желіні басқарып, кейін валюта бизнесіне ауысты. Қазір оның қоластында жүздеген фирмалар мен компаниялар бар.

6. Кирк Керкорян - Tracinda Corporation корпорациясының президенті.
Дәулеті 3,3 млрд долларға тең.
АҚШ-та дүниеге келгенімен ұлты армян. Сегізінші сыныпта мектепті тастап, бокспен шұғылданған. Спортта үлкен белестерді бағындыруды армандаған ол сол бойы партаға қайта оралмады.
Дегенмен, бокста оның жолы бола қойған жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кирк әскери әуе күштеріне қызметке ауысып кетіп қалды.
Соғыстан келісімен ол шағын авиабаза ашып, бизнеске біратала ығысты. Қазір Кирктің жасы 96-да, "Лас-Вегас патшасы" деген лақап аты бар. Бокс кездесулерін жібермей қарайды.

7. Дэвид Мердок - Dole Food Company компаниясының басшысы.
Дәулеті 2,4 млрд. долларға тең.
Мектепті тоғызыншы сыныпта тастап, жанар-жағармай бекетінде жұмыс істеген. Соғыстан келгеннен кейін кедейліктен сіңірі шыққан жас жігітке жергілікті тұрғындардың бірі қаржылай көмек беріп, ол сол ақшаға дәмхана ашқан екен. Кейін дәмханасын қымбатқа сатып, жылжымалы мүлік бизнесіне ауысқан.

8. Карл Линднер - American Financial Group компаниясының негізін қалаушысы, United Dairy Farmers компаниясының басшысы.
Дәулеті $1,7 млрд. долларға тең.
Ата-анасының сүт фермасы болған. Соларға көмектесу үшін 14 жасында мектептен кетіпті. 1940 жылы ағасы екеуі 1200 доллар несие алып, балмұздақ сататын шағын дүңгіршек ашқан. Кейін оның бұл кәсібі бүкіл АҚШ-ты жаулап алды.

9. Ахмет Назиф Зорлу - Zorlu холдинг компаниясының иесі.
Дәулеті 1,4 млрд. доллар.
Мектепті ол 15 жасында тастаған. Ағасы пайдасы мол кәсіп ашуға үгіттеп, ақыры сол таңдаған жолы арманына жеткізді.
Алғашында шағын тоқыма цехын ашқан олар, кейінірек Стамбұлға көшіп келіп, үлкен фабриканың негізін қалады. Қазіргі таңда Ахмет Зорлу тоқыма саласындағы ең беделді тұлғалардың бірі. Ол өзінің мектепті тастап, кәсіпкерлікке кеткендігіне еш өкінбейтіндігін айтады.

10. Джеймс Кларк - Netscape Communications компаниясының негізін қалаушы.
Дәулеті - 1,1 млрд. доллар.
Әке-шешесі жиі ұрысып, ақыры ажырасқаннан кейін оның мектепке баруға мүмкіндігі болмаған. Дегенмен, білімге құштар бала жағдайы түзелісімен кешкі мектепке барып, ақыры жоғары білімге қол жеткізген.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға