Алматыда Қазақстан мен Германия футболының ардагерлері матч өткізеді
5 қазан күні сағат 17:00-де Алматының Орталық стадионында Қазақстан мен Германия футболының ардагерлері матч өткізеді, деп хабарлайды Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметі. Қонақтардың құрамында 70-ші, 80-ші және 90-шы жылдары Германия Ұлттық құрамасында өнер көрсеткен жұлдыздар ойнайды.Олардың арасында - Оливер Нойвилль («Байер» Леверкузен), Томас Долль («Лацио» Рим, Италия), Франк Нойбарт («Вердер» Бремен), Йенс Новотны («Байер» Леверкузен), Марти Макс («Мюнхен – 1860»), Йорг Альберц («Глазго Рейнджерс» Шотландия), Штефан Байнлих («Ганза» Росток), Михаэль Шульц («Боруссия» Дортмунд) және тағы басқалар бар. Қазақстанның ардагерлер құрамасы Сейілда Байшақов, Михаил Гурман, Виктор Катков, Александр Мазманьян, Құралбек Ордабаев, Қанат Мұсатаев, Владимир Нидергаус, Вахит Масудов сияқты аты аңызға айналған ойыншыларды алаңға шығарады. «Ардагерлердің матчы қазақ футболының 100 жылдығына орайластырып отыр. Бұл ойын –Қазақстан Футбол федерациясы мен Неміс футбол одағының арасындағы ұзақмерзімді әріптестік символы», - деп атап өтті алдағы ойын туралы пікір білдірген Қазақстан Футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов.
5 қазан күні сағат 17:00-де Алматының Орталық стадионында Қазақстан мен Германия футболының ардагерлері матч өткізеді, деп хабарлайды Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Қонақтардың құрамында 70-ші, 80-ші және 90-шы жылдары Германия Ұлттық құрамасында өнер көрсеткен жұлдыздар ойнайды.Олардың арасында - Оливер Нойвилль («Байер» Леверкузен), Томас Долль («Лацио» Рим, Италия), Франк Нойбарт («Вердер» Бремен), Йенс Новотны («Байер» Леверкузен), Марти Макс («Мюнхен – 1860»), Йорг Альберц («Глазго Рейнджерс» Шотландия), Штефан Байнлих («Ганза» Росток), Михаэль Шульц («Боруссия» Дортмунд) және тағы басқалар бар.
Қазақстанның ардагерлер құрамасы Сейілда Байшақов, Михаил Гурман, Виктор Катков, Александр Мазманьян, Құралбек Ордабаев, Қанат Мұсатаев, Владимир Нидергаус, Вахит Масудов сияқты аты аңызға айналған ойыншыларды алаңға шығарады.
«Ардагерлердің матчы қазақ футболының 100 жылдығына орайластырып отыр. Бұл ойын –Қазақстан Футбол федерациясы мен Неміс футбол одағының арасындағы ұзақмерзімді әріптестік символы», - деп атап өтті алдағы ойын туралы пікір білдірген Қазақстан Футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов.
