Алматыда бүгін дәстүрлі әуендер байқауы өтеді
Абай атындағы МАОБТ-та бүгін сағат 19.00-де «Күміс көмей, жез таңдай» қалалық дәстүрлі музыкалар байқауы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қазақ дәстүрлі музыкалар байқауы екі бағытта өтеді: эстрадалық өңдеудегі халық әндері және әндерді домбырамен орындау. Жоба дәстүрлі қазақ музыкасын, қазақ халық әндерін насихаттау мақсатында өткізілмек. Конкурсқа 18-ден 30-ға дейінгі барлық орындаушылар қатыса алады. Ең басты шарт – әнді жанды дауыспен айту», - делінген хабарламада
23.09.2013 10:54
3623
Абай атындағы МАОБТ-та бүгін сағат 19.00-де «Күміс көмей, жез таңдай» қалалық дәстүрлі музыкалар байқауы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақ дәстүрлі музыкалар байқауы екі бағытта өтеді: эстрадалық өңдеудегі халық әндері және әндерді домбырамен орындау. Жоба дәстүрлі қазақ музыкасын, қазақ халық әндерін насихаттау мақсатында өткізілмек. Конкурсқа 18-ден 30-ға дейінгі барлық орындаушылар қатыса алады. Ең басты шарт – әнді жанды дауыспен айту», - делінген хабарламада
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда тұңғыш сценарийлік агенттік құрылды
Келесі жаңалық
Қорғаныс министрлігі үндеу жариялады