Алмас Кішкенбаев елге есеп бермек...
27 қыркүйекте Алматыдағы республика сарайында белгілі әнші, көптеген халықаралық ән байқауларының лауреаты Алмас Кішкенбаевтың жеке шығармашылық кеші өтеді. Бұл туралы өнер иесінің концерт бойынша директоры Мәди Молдашев мәлімдеді. «Биыл Алмас Кішкенбаевтың халық алдында өнер көрсетіп жүргеніне – 10 жыл толып отыр. Концерттің басты ерекшелігі – жанды дауыста өтеді. Кеште Алмас ел арасына кеңінен таралған әндерімен қатар, жаңа туындыларда орындайды. Көрерменге тартар тосын сыйларымыз көп»,-деді Мәди Молдашев. Сондай-ақ, концертте «Классик», «V-ALEM» топтары мен Серік Ибрагимов өнер көрсетеді деп күтілуде. Алмас Кішкенбаевтың жылдық есеп беру кешін «Қазақстан ұлттық» телеарнасы түсірмек. Baq.kz
23.09.2013 06:06
3703
27 қыркүйекте Алматыдағы республика сарайында белгілі әнші, көптеген халықаралық ән байқауларының лауреаты Алмас Кішкенбаевтың жеке шығармашылық кеші өтеді. Бұл туралы өнер иесінің концерт бойынша директоры Мәди Молдашев мәлімдеді.
«Биыл Алмас Кішкенбаевтың халық алдында өнер көрсетіп жүргеніне – 10 жыл толып отыр. Концерттің басты ерекшелігі – жанды дауыста өтеді. Кеште Алмас ел арасына кеңінен таралған әндерімен қатар, жаңа туындыларда орындайды. Көрерменге тартар тосын сыйларымыз көп»,-деді Мәди Молдашев.
Сондай-ақ, концертте «Классик», «V-ALEM» топтары мен Серік Ибрагимов өнер көрсетеді деп күтілуде. Алмас Кішкенбаевтың жылдық есеп беру кешін «Қазақстан ұлттық» телеарнасы түсірмек.
Baq.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада мүсінші Шоқан Төлештің «Атамекен» көрмесі өтеді
Келесі жаңалық
Елордада алты құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды