4 мультфильм түсіріліп жатыр
Алматыда Алпамыс, Қобыланды, Қыз Жібек, Ер Тарғын туралы мультфильмдер түсіріліп жатыр. Бұл туралы бүгін Ғылым ордасында өтіп жатқан «Веб-сайттарды қазақ тілінде дамыту және мемлекеттік тілдің негізгі мәселелері» деген тақырыптағы дөңгелек үстел жиынында айтылды. «Соңғы жылдары 165 сериядан тұратын әрқайсысы 10 минуттан тұратын анимациялық фильмдерді шығардық. Мақсат - қазақша оқитын балаларға қазақша анимация беру. Биыл енді фольклор желісі бойынша Алпамыс, Қобыланды, Қыз Жібек, Ер Тарғын туралы 4 анимациялық фильмдерді ұсынбақпыз», - дейді Алматы қалалық тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мамай Ахетов. Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында қалалық басқарманың ұйымдастыруымен жүзеге асырып жатқан бұл шараға қызығушылар көп. Сондай-ақ, бұған дейін қала балабақшаларына тегін таратылған «Сиқырлы қалам» жобасы енді республика аумағына таралмақ. Бір мезетте көруге, тыңдауға мүмкіндік беретін бұл әдістемелік құралға тіпті еларалық ғылыми-педагогикалық конференциялар кезінде қырғыз елінің педагоктары да ықылас танытқан болатын. BAQ.KZ«Соңғы жылдары 165 сериядан тұратын әрқайсысы 10 минуттан тұратын анимациялық фильмдерді шығардық. Мақсат - қазақша оқитын балаларға қазақша анимация беру. Биыл енді фольклор желісі бойынша Алпамыс, Қобыланды, Қыз Жібек, Ер Тарғын туралы 4 анимациялық фильмдерді ұсынбақпыз», - дейді Алматы қалалық тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мамай Ахетов.
Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында қалалық басқарманың ұйымдастыруымен жүзеге асырып жатқан бұл шараға қызығушылар көп. Сондай-ақ, бұған дейін қала балабақшаларына тегін таратылған «Сиқырлы қалам» жобасы енді республика аумағына таралмақ. Бір мезетте көруге, тыңдауға мүмкіндік беретін бұл әдістемелік құралға тіпті еларалық ғылыми-педагогикалық конференциялар кезінде қырғыз елінің педагоктары да ықылас танытқан болатын.

BAQ.KZ
