Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – бүкілхалықтық мереке

Былтыр ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 жел­тоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези­денті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конс­титуциялық заңға және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңға өзгерістердің дәл осы күні қабылдануы жай ғана сәйкестік емес. Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 жел­тоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасыр­лар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-ба­ба­лары­мыз­дың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұр­сұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын бо­ла­шаққа батыл бас­тады.   Тәуелсіздікке ие болған жиырма жылдан астам уақыт ішінде республика Президентінің жетекшілігімен ауқым­ды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Елбасы халықты орасан зор істерге жұмыл­дыр­ды, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісінде әлем тәлім аларлық саясат ұстанды. Еліміздің сырт­қы саяси бағытын дәл нұсқап, тұңғыш рет қазақ мемлекетінің шекарасын айқындады, төрткүл дүниеге тең терезелі ел ретінде мойындатты. Міне, сондықтан да әлем­нің маңдайалды саясаткерлері Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан мемлекет­ті­лі­гінің негізін қалаушы және бүкіл ха­лық­аралық қоғамдастықтың ри­за­шы­лы­ғы мен құрметіне ие болған жаһан­дық, өңірлік бейбіт бастама­лар­дың авторы ретінде таниды. Қазақ жұрты еліміздің өтпелі ке­зе­ңіндегі қиындықтар мен сынақтарды ең­серіп, саяси және әлеуметтік-эко­но­микалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың ілгерілеу мен өркендеу жо­лына шығуына Мемлекет басшы­сының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясаттағы көрегендігінің басты рөл атқарғанын жақсы біледі. Ел егемендігін иеленген осы жиырма жылдан астам уақыт ішінде Қазақ­стан мемлекеттілігінің негізін қалаушы Тұңғыш Президенттің басшылығымен жүргізілген сандаған экономикалық, сая­си және әлеуметтік реформалар елі­мізді жаңа ғасырдағы бәсекеге қабі­лет­ті экономикаға негіз болатын айшықты табыстарға қол жеткізді. Нұрсұлтан Әбішұлы осы аз ғана уақыт ішінде өзін ха­лықаралық қоғамдастықтың құрме­тін туғызған жаһандық бастамалардың иесі, кемеңгер саясатшы ретінде әлем­ге мойындатты, елімізді өзгелер ішкі-сыртқы саясатымен санасатындай биік абыройға жеткізді. Міне, сондықтан да егемен Қазақ­станның негізін қалап, оны бекітудегі тарихи миссия Тұңғыш Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың еншісінде екенін негізге алған Қазақстан Парламенті өткен жылы, ел тәуелсіздігінің 20 жыл­дық мерекесі қарсаңында 1 желтоқ­сан­ды Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті күні – мемлекеттік мереке етіп бекітті. Бұл заңның қабыл­дануымен тәуелсіздіктің іргетасын қалап, дербес мемлекетімізді құру және дамытудағы, әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстанның беделін нығайтудағы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың тарихи рөлі бекітілді. Еліміз егемендік алғаннан бергі аз ғана уақыт ішінде Елбасының басшы­лығымен ғасырлар бойы арман болған жетістіктерге қол жеткізгенін, ұлттық мүдделерді және әлемдік даму үрдіс­те­рін ескеретін саяси құрылыстың өзіндік үлгісін жасағанын ескерсек, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлін белгілейтін мемлекеттік мерекенің болуы заң­дылық. Өйткені, халқымыз елді кеңестік жүйенің қирандысынан қиналтпай алып шығып, ең ауқымды экономи­ка­лық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыра отырып, жаңа ғасырдағы бәсекеге қабілетті ел дең­гейі­не жеткізуде Қазақстан мемле­кеттілігінің негізін қалаушы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлының өлшеусіз еңбек сіңіргенін жақсы біледі. Өткен күндерге көз жіберсек, ел егемендігін алғаннан берідегі уақыт ішінде Елбасының басшылығымен конс­титуциялық және құқықтық жүйені эволюциялық тұрғыда сатылап реформалау нәтижесінде мемлекеттік билік­тің теңгерімді де тиімді жүйесі қа­лып­тастырылды. Елдің Ата Заңында шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, көзқарасына қа­ра­мастан адам және азамат құқық­тары­ның теңдігіне кепілдік берілген. Президент – елді жаңғыртудың бастамашысы және іске асырушысы, Консти­туцияның сенімді кепілі. Елбасы мемлекетіміздің заман ағы­мы­на сай, өркениетті бағытта дамуын ұзақ уақытқа және қысқа мерзімдерге негізделген стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалардың негізінде жүйе­лі­лікпен жүзеге асырып келеді. Мәсе­лен, Елбасының бастамасымен жасал­ған «Қазақстан-2030» Стратегиясы бар­лық қазақстандықтардың өсіп-өркен­деуін, қауіпсіздігін және әл-ауқатының артуын көздейді. Ал Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында ел дамуының алға қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін бағыттары айқындалып отырады. Мемлекеттің ең басты құндылығы – адам. Бұл тұрғыда әлемнің көпұлтты кей мемлекеттері ұлтаралық, дінаралық жан­жалдарды бастан кешіп жатса, Ел­басының елімізді мекен еткен барлық этностарды азаматтық және рухани-мәдени тұтастық негізінде топтас­ты­ру­ға, қазақстандық жарасымдылықты, па­триотизді қалыптастыруға негізделген саясаты оларды ортақ мүддеге ұйыс­ты­рып, бұл ұстаным бүкіл әлем мойын­да­ған және үлгі санайтын үрдіске айналды. Әрине, көп ұлтты, көп дінді Қа­зақ­стан халқының ынтымағы жарасқан елге айналуының басты себебі – бірін­шіден, Нұрсұлтан Әбішұлының этнос­тар­дың алуан түрлі мәдениеті мен тіл­дерінің сақталуына және дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған саясатының арқасы, екіншіден, Елба­сы­ның саяси, экономикалық тұрақты­лық­ты, халықтың әлеуметтік жағдайын жасауды басты назарға алуы болғаны анық. Әрине, кеңестік хаостан кейін экономикалық тұрақтылықты қамта­ма­сыз ету оңай болған жоқ. Республика­ның көпұлтты халқының, мемлекет бо­лашағының, тәуелсіздікті баянды етудің тарих алдындағы жауапкершілігі Тұңғыш Президенттің мойнына түсті. Бұрынғы кеңестік жүйеге тән эко­номикалық байланыстар күрт үзіліп, бар­лық зауыт-фабрикалар, өндіріс орын­дары, ауыл шаруашылығы дағда­рыс­қа тап болған тәуелсіздіктің алғаш­қы қиыншылыққа толы жылдарында Қазақстанға шетелдік күрделі қаржы­ларды тартуда және бірлескен эконо­ми­калық жобаларды іске асыруда да Елбасы өлшеусіз еңбек сіңірді. Жиырма жыл ішінде Елбасы Қа­зақ­станды саяси байланыстары мен ішкі дамуы, ұлттың рухани жаңғыруы мен әлемдік беделге ие болуы тұрғысында еш заманда болмаған жаңа деңгейге көтерді. Бүгінде Елбасы экономиканы әрта­раптандыру және оны шикізаттық емес, жоғары технологиялық жолға қайта бағдарлау жөнінде жаңа міндеттерді алға қойып, үдемелі индустриялық-ин­но­вациялық даму жөніндегі мемле­кет­тік бағдарлама қарқын алып келеді. Мемлекет басшысының назарындағы еліміздің көліктік-транзиттік әлеуетін дамыту, осы заманғы ақпараттық-ком­му­никациялық технологияларды жер-жерде енгізу жөніндегі жобалар сәтті іске асырылып, аграрлық сектор қа­рыш­ты қадаммен даму үстінде. Азық-түлік пен энергетика бойынша Қазақ­стан әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жетекші елдер тобына кіріп отыр. Тәуелсіздік жылдарында қол жет­кізілген ел тарихындағы баға жетпес жетістіктердің бірегейі – шека­ра­мыз­дың шегенделуі. Бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей жеке беделі мен күш-жігерінің және мемлекетіміздің халықаралық саясатын дұрыс бағытта жолға қоюының арқасында мүмкін болды. Осы тұғырлы саясат пен биік бедел бүгінде респуб­ли­камыздың қауіпсіздік пен ынтымақ­тас­тық жөніндегі жаһандық және өңірлік халықаралық ұйымдардың жұмысына белсене қатысуына, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен үйлесімді стра­те­гия­лық әріптестік қарым-қатынас орнатуына да жол ашып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде әлем­дік аренадағы ең ірі саяси тұлғалардың бірі. Оның соңғы жиырма жыл ішінде көтерген жаһандық саясатты қамтитын бастамалары әлемдік саясатқа ірі бетбұрыстар әкелді. Алысты болжайтын кемеңгер саясаткер Н.Назарбаев ел тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап Қазақстан аб­страк­тілі геосаяси идеялар мен құрғақ ұрандардың емес, экономикалық мүд­де­лер мен интеграциялық үдерістердің басты қоз­ғаушысы болуы керек деген мақсат қойды. Тәуелсіз мемлекетіміз тәй-тәй бас­қан алғашқы жылдарға көз жүгіртер болсақ, Одақ тарап, бұрынғы одақтас республикалар өзара байланыстардың бәрін шорт үзіп, тас бүркеніп жатқан кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­ты­ғын құру туралы бастама көтерген Қазақстан Президенті екені белгілі. Кеңес Одағы құлап, КСРО кеңістігін хаос жайлаған тұста Нұрсұлтан Әбіш­ұлының бастамасымен Алматыда қа­был­данған декларация посткеңестік кеңістіктегі ынтымақ пен қарым-қатынастардың негізін қалады. ТМД-ға енген елдердің арасында әр пішінде және әр деңгейде интеграциялық үрдіс­тер жалғасты. Нәтижесінде ТМД әлемдегі халық­ара­лық ұйымдарға мүше болды. Бұрын­ғы Кеңес Одағы соғыссыз тарап, әр мү­шесі өзінің егемендігіне ие болды. ТМД аясында басқа одақтар құрыла бастады. Саясатшылар арада жиырма жыл өткен соң Елбасының 1993 жылдың қыр­күйек айындағы экономикалық одақ құру туралы бастамасы халық­ара­лық саясатқа жаңа бетбұрыс әкелге­нін, бұл бастаманың саяси көрегендік болғанын айтуда. Экономикалық одақ құрудағы мақ­сат еркін сауда аймағын, кеден-төлем және валюта одағын құру сатыларынан бірізді­лік­пен өту және тауарлардың, қызметтер мен капиталдың ортақ ры­но­гын құру болатын. Бұл бастаманың аясына кіретін салалардың негізгілері: ұжым­дық қауіп­сіздік, энергетика, кө­лік, мәдени-гумани­тарлық салалар, транс­шекаралық қыл­мыс­пен және терроризммен күрес са­ла­сындағы өзара іс-қимылдар. Осы жылдар ішінде ортақ тә­жірибелер шың­далды. Бұл өз кезегінде өңірлік инте­грацияның түрлі пішіндегі формаларына көшуімізге мүмкіндік тудырды. Болашақты алыстан болжайтын саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлының жиырма жылға жуық уақыт бұрын көтерген бас­тамасы өмір қажеттілігіне айналды, 2011 жылы ТМД шеңберінде еркін сауда аймағын құру туралы шартқа қол қойылды, Кеден одағы құрылды, Бір­тұтас экономикалық кеңістік дүниеге келді. БЭК-­тің қалыптасуы тауарлардың, жұмыс күші мен капиталдың еркін қозға­лы­сына мүмкіндіктер туғызады. Бұл ин­вес­торлардың біздің елімізге елеулі қы­зы­ғушылығын күшейтеді. Қазақстан эко­номикасына қаржы салатын инвес­торлар 170 миллион адамдық рынокқа шығады. Дәл осы күндері Қазақстан Прези­денті Н.Назарбаев 1994 жылы көтерген Еуразиялық одақ құру идеясы жиі сөз болуда. Елбасы бұл бастамасына Еуразия­лық одақ мемлекеттердің тең­дік, бір-бірінің ішкі ісіне аралас­пау­шылық, еге­мендік пен мемлекеттік ше­каралардың қол сұғылмастығын құр­мет­теу қағидат­та­ры негізіндегі бірлестік ретінде құ­рылуы керектігін негіз еткен болатын. Әрбір мүше елдің мүдделерін еске­ре­тін, нақты да шынайы өкілеттіктерге ие, консенсус негізінде іс-қимылдар жасайтын экономикалық одақ құруды ұсынған Қазақстан Президентінің идея­сының қажеттілігі мен тиімділігіне саясатшылар мен мемлекет басшылары араға 18 жыл салып көздері жетті. Осы тәрізді Қазақстан Президенті­нің бастамасымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің шақырылуын да әлемдік саясатшылар жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға қосылған елеулі үлес деп бағалады. Дербес ел атанғаннан бастап-ақ Елбасы қазақ елінің өзіндік сара жолы ретінде белгілеген көп векторлы сырт­қы саясаты тиімділігін дәлелдеді. Алыс-жақын шет мемлекеттермен, әлем­дік қаржы институттарымен тең құқықтық және өзара тиімді ынты­мақ­тастық жолға қойылды. Қазақстанның өңірлік және аймақаралық байланыстары тереңдеп келеді. Еліміз өркениеттер арасындағы келіссөздерге дәнекер буын бола отырып, Батыс пен Ислам әлемі арасындағы үнқатысуға игі ықпалын тигізуде. Елбасының табанды саясатының нәтижесінде Қазақстан бүгінгі заман­ның аса ықпалды халықаралық ұйым­да­ры – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етті. Әсіресе, әлем саясатшылары ЕҚЫҰ Саммитінің ұзақ үзілістен кейін өткізілуін Қазақстанның осы ұйымға төрағалығының айтулы нәтижесі деп таныды. Саммит қорытындысы бойынша қабылданған Астана декларациясы әлем­дік саясатқа «еуразиялық қауіпсіз­дік» және «Астана рухы» ұғымдарында көрініс тапқан қауіпсіздік пен ынты­мақ­тастықтың жаңа түсінігін енгізді. Мемлекет басшысы тәуелсіз еліміз­дің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бей­бітшіл саясатты ұстанатынын әлемге паш етті, Елбасының бастамасымен дүние жүзіндегі ең ірі Семей ядролық полигоны біржолата жабылып, ядролық қарудың әлемдегі төртінші арсеналы жойылды. Сұңғыла саясаткер Н.Назарбаев 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигоны жабылғаннан кейін өзге мемлекеттерді ядролық қарудан бас тартуға шақырды. Өйткені, 1992 жылы 22 мамырда Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық әлеуетті ел бола тұра ерікті түрде жаппай қырып-жою қаруынан бас тартатынын бүкіл әлем алдында мәлімдеді. Лиссабон Хаттамасына қол қойып, бұл шешім АҚШ, Еуропаның беделді елде­рі мен БҰҰ тарапынан қолдау тапты. Сондық­тан да Қазақстанның әлем тарихында ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бірінші ел ретінде мұндай бас­тама көтеруге моральдық құқы бар болатын. 1994 жылдың 5 желтоқсанында Ресей, АҚШ және Ұлыбритания Қазақ­стан­ның Ядролық қаруды таратпау жө­нін­дегі шартқа қол қоюына және осы қарудан өз еркімен бас тартуына байланысты ел қауіпсіздігіне кепілдік бере­тіні туралы меморандумға қол қойды. Елбасы сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымына 29 тамызды, яғни Семей ядро­лық полигоны жабылған күнді Ядролық сынақтарға қарсы халықара­лық іс-қимыл күні деп жариялау бастамасын да ұсынып, ол ұсыныс қа­был­данды. Н.Назарбаев әлемдік қоғамдастық алдында ядролық қару бір елдің екінші елге қоқан-лоқы жасауына, күш қолда­нып үстемдік етуіне мүмкіндік береті­нін, ал егер ол қандай да бір елге қарсы қолданылар болса, бүкіл планетаның тағдыры тәлкекке түсу қаупі бар екенін алға тартты. Сондай-ақ, терроризм етек алып тұрған заманда ядролық материалдар контрабандасы мен бірқатар лаңкес­шіл топтардың өзінің ядролық қаруына ие болу әрекеттері қорқыныш­ты шын­дыққа айналғанын тілге тиек ете отырып, қарудан бас тарту және уранды бейбіт мақсатқа пайдалану жөніндегі бүгінгі күндегі қазақ­стан­дық идеяның ғаламдық, адамзаттық мәні зор екеніне әлем назарын аудартты. Елбасының осы бастамалары арқа­сында Қазақстан ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалыстың көшбасшылары қатарына енді. Биыл Оңтүстік Корея астанасы Сеулде болып өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық екінші саммитте АҚШ Президенті Барак Обаманың Қа­зақ­станның Тұңғыш Президенті Н.Ә.На­зар­баевқа арнап: «Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан ядролық қарудан бас тарту жөнінде батыл шешім қа­былдады. Бұл жағдай Қазақстанның гүлденуі мен дамуына ғана қызмет етіп қойған жоқ, сонымен қатар, ядролық материалдарды жою жөнінде бүкіл әлем бойынша күш-жігерді біріктіруге бағыттайтын өзіндік бір модельге айналды. Сондықтан мен осы саладағы Сіздің жетекшілік рөліңізді өте жоғары бағалаймын», дегені де сондықтан. Жаһандану заманында ядролық қарудан немесе терроризм мен экстремизмнен төнетін қандай да бір қатер жеке елдің, дара мемлекет басшысы­ның құзыры жететін шеңберден әлде­қайда ауқымды болып келеді. Қатердің қоздырғышы сырттан қасақана ұйым­дас­тырылып жатса, оны түп-тамыры­мен жою бір елдің ғана қолынан келетін іс емес. 2001 жылғы 11 қыркүйектегі жан­түр­шігерлік лаңкестік әрекет орын алып, бұл оқиға мүдделер мен көз­қа­растар текеті­ре­сінің адамзат болаша­ғы­на алапат апат әкеле жатқанын көр­сет­кен адамзат тари­хын­дағы осы бір сын сәтте Қазақстан Басшысы Н.Назарбаев Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­ла­рының съезін шақырып, бір шаңы­рақ­тың ас­тында дін көсемдерінің басын қосты. Дін лидерлері алдында сөйлеген сө­зінде Елбасы: «Барлық кезеңде мәрте­белі моральдық құндылықтардың сақ­тау­шы­ла­ры діни көшбасшылар – түрлі діндер­дің басшылары болған және болып отыр. Нақ сондықтан да осынау күрделі ке­зеңде дін қайраткерлеріне айрықша үміт артылады. Бүгінде қай кездегіге қара­ған­да діннің адамгершіл-гуманистік импер­атив­тері қажет болып отыр. Нақ сіздер, діни лидерлер, руха­ни­лықтың – дүниенің үйлесімді дамуы­ның басты шартының қайта өрлеуінің жүргізушілері бола аласыздар. Біз өз съезіміздің мәртебелі мақсатын осыдан көреміз», – деді. Н.Назарбаев осы басқосуда бастаманы көтерген қазақ елі әлем елдері мен халықтарын адамзаттың ортақ бесігі – Жер бетінде бейбітшілікті сақ­тауға, діни конфессияларды ынтымақ­тас­тыққа, өзара келісім мен түсіністікке жетуге үндейтінін жеткізді. Қазақстан Президенті әлем құлақ түріп отырған съезде сөйлеген сөзінде лаңкестік әре­кеттерге діни реңк беру арандатушы­лар­дың әрекеті екенін, бірде-бір дін терроризмді қолдамайтынын, тер­роризм­ді қандай да болса діннің атымен байланыстыру сол дінді ұстанатын миллиондаған адамдарға қиянат болатынын ашық айтты. Кейінірек, осы бір қиын кезең туралы Катар мемлекетінің әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Сәни: «2001 жылдың қыркүйегіндегі АҚШ-та Бүкіләлемдік сауда үйі ғимараттарына шабуыл жасалғаннан кейін «ислам терроризмі» деген термин әлемге таратылды. Сонда біздер, араб жұртының басшылары, үнсіз қалдық. Сондай сын сағатта бірінші болып Қазақ елінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл — жала! Мен «ислам экстремизмі», «ислам терроризмі» деген терминдерді қол­дануға үзілді-кесілді қарсымын. Әлемдегі соғыстар ешқашан исламнан бастау алмаған. Бізге исламды түрлі жаладан қорғайтын кез келді», – деп мә­лімдеді. Содан кейін ғана басқа­ла­ры­мыз батылданып, өз пікірімізді жария ете бастадық» деген пікірін білдірді. Діни ахуалдан бөлек, бүгінгі әлемді тұ­рақ­сыздыққа жетелейтін негізгі себептер қатарында жұмыссыздық, қар­жы дағдарысы, түрлі қысқартулар мен қымбатшылық сияқты ауыртпалықтар жатқаны баршаға аян. Әлем саясатшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың осындай проблемалардың алдын алуға негізделген G-global жобасы туралы «әр ел эконо­микалық тәуелділіктен құ­ты­лып қана қоймай, бейбіт түрде дамып, әлеуетін арттыру мақсатында орын­ды қолдана білсе – әлемдік даму­дың ең ғажап жобасы болып табылады» деген пікірін ортаға салып отыр. Елбасының биылғы V Астана эко­но­микалық форумында ұсынған G-global жобасын құру туралы жаһандық бастамасы көңілінен шыққан ғалымдар, Нобель сыйлығының лауреаттары мен сая­саткерлер, экономистер келешекте бұл жоба әлемдік экономика жүйе­сінің тұ­рақтылығына үлес қоса алады деген батыл ой айтуда. Олардың пікірінше, Қазақстан Пре­зиденті Н.Назарбаев ұсынған G-global жүйелі жобасы жаһандық дағдарыспен күресу және экономикалық қа­терлердің алдын алу жоспарына тың серпін береді. Қазақстан – әлемдік қоғамдастық­тың бір бөлшегі. Оқшауланып, бөлек­теніп даму жолына түсе алмайды. О баста осы ақиқатты санасында саралаған Елбасы Қазақ елінің мүддесін өзінің барлық жаһандық бастамаларына те­мір­қазық етіп келеді. Біз жоғарыда атап өткен ғаламдық идеялардың бастауында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев тұр­ды. Сондай-ақ Елбасы бастамаларының қай-қайсысының да жоғары деңгейде жүзеге асып, халықаралық қоғамдас­тық­тан қолдау тауып жатқаны халқы үшін қуаныш. Күні кеше Парижде өткен EXPO Ха­лықаралық көрмелер бюросы Бас ассам­блеясының 152-сессиясында EXPO-2017 халықаралық көрмесі Астана қаласында өтетін болып шешіліп, төрткүл дүние назарына Қазақстанның осы шараны өт­кізу құзырын жеңіп алуы еліміздің әлем алдындағы абыройын тағы бір аспандатты. Бұл – Елбасының тағы бір жеңісі. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Прези­денті, халқымыздың тұғырлы, бақуат­ты, бейбіт ел ретінде серпінді дамуына жол ашушы, заманымыздың аса көр­нек­ті мемлекет қайраткері Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақ елінің өсіп-өркен­деуі мен игілігінің кепілі. Қазақстан халқы өздерінің тағды­ры­на тәуелсіздікті баянды ету жолындағы қызығы мен қиындығы мол алмағайып заманда әлемдік ауқымда ойлайтын, бүгінгі күннің тамырын дәл басып, ертеңгі күнді ондаған жылдар бұрын бағамдай білетін Нұрсұлтан Назарбаевтай дана мемлекет басшысының тап келгеніне қуанады. Сондықтан да күні ертеңгі 1 желтоқсан – Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президенті күні – бүкілхалықтық мереке. Қайрат МӘМИ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы. Егемен Қазақстан
28.11.2012 06:38 5325

Былтыр ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 жел­тоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Прези­денті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конс­титуциялық заңға және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңға өзгерістердің дәл осы күні қабылдануы жай ғана сәйкестік емес. Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 жел­тоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасыр­лар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-ба­ба­лары­мыз­дың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұр­сұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын бо­ла­шаққа батыл бас­тады.  

Тәуелсіздікке ие болған жиырма жылдан астам уақыт ішінде республика Президентінің жетекшілігімен ауқым­ды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Елбасы халықты орасан зор істерге жұмыл­дыр­ды, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту ісінде әлем тәлім аларлық саясат ұстанды. Еліміздің сырт­қы саяси бағытын дәл нұсқап, тұңғыш рет қазақ мемлекетінің шекарасын айқындады, төрткүл дүниеге тең терезелі ел ретінде мойындатты. Міне, сондықтан да әлем­нің маңдайалды саясаткерлері Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан мемлекет­ті­лі­гінің негізін қалаушы және бүкіл ха­лық­аралық қоғамдастықтың ри­за­шы­лы­ғы мен құрметіне ие болған жаһан­дық, өңірлік бейбіт бастама­лар­дың авторы ретінде таниды.

Қазақ жұрты еліміздің өтпелі ке­зе­ңіндегі қиындықтар мен сынақтарды ең­серіп, саяси және әлеуметтік-эко­но­микалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың ілгерілеу мен өркендеу жо­лына шығуына Мемлекет басшы­сының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясаттағы көрегендігінің басты рөл атқарғанын жақсы біледі.

Ел егемендігін иеленген осы жиырма жылдан астам уақыт ішінде Қазақ­стан мемлекеттілігінің негізін қалаушы Тұңғыш Президенттің басшылығымен жүргізілген сандаған экономикалық, сая­си және әлеуметтік реформалар елі­мізді жаңа ғасырдағы бәсекеге қабі­лет­ті экономикаға негіз болатын айшықты табыстарға қол жеткізді. Нұрсұлтан Әбішұлы осы аз ғана уақыт ішінде өзін ха­лықаралық қоғамдастықтың құрме­тін туғызған жаһандық бастамалардың иесі, кемеңгер саясатшы ретінде әлем­ге мойындатты, елімізді өзгелер ішкі-сыртқы саясатымен санасатындай биік абыройға жеткізді.

Міне, сондықтан да егемен Қазақ­станның негізін қалап, оны бекітудегі тарихи миссия Тұңғыш Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың еншісінде екенін негізге алған Қазақстан Парламенті өткен жылы, ел тәуелсіздігінің 20 жыл­дық мерекесі қарсаңында 1 желтоқ­сан­ды Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті күні – мемлекеттік мереке етіп бекітті. Бұл заңның қабыл­дануымен тәуелсіздіктің іргетасын қалап, дербес мемлекетімізді құру және дамытудағы, әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстанның беделін нығайтудағы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың тарихи рөлі бекітілді.

Еліміз егемендік алғаннан бергі аз ғана уақыт ішінде Елбасының басшы­лығымен ғасырлар бойы арман болған жетістіктерге қол жеткізгенін, ұлттық мүдделерді және әлемдік даму үрдіс­те­рін ескеретін саяси құрылыстың өзіндік үлгісін жасағанын ескерсек, Тұңғыш Президенттің тарихи рөлін белгілейтін мемлекеттік мерекенің болуы заң­дылық.

Өйткені, халқымыз елді кеңестік жүйенің қирандысынан қиналтпай алып шығып, ең ауқымды экономи­ка­лық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асыра отырып, жаңа ғасырдағы бәсекеге қабілетті ел дең­гейі­не жеткізуде Қазақстан мемле­кеттілігінің негізін қалаушы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлының өлшеусіз еңбек сіңіргенін жақсы біледі.

Өткен күндерге көз жіберсек, ел егемендігін алғаннан берідегі уақыт ішінде Елбасының басшылығымен конс­титуциялық және құқықтық жүйені эволюциялық тұрғыда сатылап реформалау нәтижесінде мемлекеттік билік­тің теңгерімді де тиімді жүйесі қа­лып­тастырылды. Елдің Ата Заңында шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, көзқарасына қа­ра­мастан адам және азамат құқық­тары­ның теңдігіне кепілдік берілген. Президент – елді жаңғыртудың бастамашысы және іске асырушысы, Консти­туцияның сенімді кепілі.

Елбасы мемлекетіміздің заман ағы­мы­на сай, өркениетті бағытта дамуын ұзақ уақытқа және қысқа мерзімдерге негізделген стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалардың негізінде жүйе­лі­лікпен жүзеге асырып келеді. Мәсе­лен, Елбасының бастамасымен жасал­ған «Қазақстан-2030» Стратегиясы бар­лық қазақстандықтардың өсіп-өркен­деуін, қауіпсіздігін және әл-ауқатының артуын көздейді. Ал Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында ел дамуының алға қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін бағыттары айқындалып отырады.

Мемлекеттің ең басты құндылығы – адам. Бұл тұрғыда әлемнің көпұлтты кей мемлекеттері ұлтаралық, дінаралық жан­жалдарды бастан кешіп жатса, Ел­басының елімізді мекен еткен барлық этностарды азаматтық және рухани-мәдени тұтастық негізінде топтас­ты­ру­ға, қазақстандық жарасымдылықты, па­триотизді қалыптастыруға негізделген саясаты оларды ортақ мүддеге ұйыс­ты­рып, бұл ұстаным бүкіл әлем мойын­да­ған және үлгі санайтын үрдіске айналды.

Әрине, көп ұлтты, көп дінді Қа­зақ­стан халқының ынтымағы жарасқан елге айналуының басты себебі – бірін­шіден, Нұрсұлтан Әбішұлының этнос­тар­дың алуан түрлі мәдениеті мен тіл­дерінің сақталуына және дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған саясатының арқасы, екіншіден, Елба­сы­ның саяси, экономикалық тұрақты­лық­ты, халықтың әлеуметтік жағдайын жасауды басты назарға алуы болғаны анық. Әрине, кеңестік хаостан кейін экономикалық тұрақтылықты қамта­ма­сыз ету оңай болған жоқ. Республика­ның көпұлтты халқының, мемлекет бо­лашағының, тәуелсіздікті баянды етудің тарих алдындағы жауапкершілігі Тұңғыш Президенттің мойнына түсті.

Бұрынғы кеңестік жүйеге тән эко­номикалық байланыстар күрт үзіліп, бар­лық зауыт-фабрикалар, өндіріс орын­дары, ауыл шаруашылығы дағда­рыс­қа тап болған тәуелсіздіктің алғаш­қы қиыншылыққа толы жылдарында Қазақстанға шетелдік күрделі қаржы­ларды тартуда және бірлескен эконо­ми­калық жобаларды іске асыруда да Елбасы өлшеусіз еңбек сіңірді.

Жиырма жыл ішінде Елбасы Қа­зақ­станды саяси байланыстары мен ішкі дамуы, ұлттың рухани жаңғыруы мен әлемдік беделге ие болуы тұрғысында еш заманда болмаған жаңа деңгейге көтерді.

Бүгінде Елбасы экономиканы әрта­раптандыру және оны шикізаттық емес, жоғары технологиялық жолға қайта бағдарлау жөнінде жаңа міндеттерді алға қойып, үдемелі индустриялық-ин­но­вациялық даму жөніндегі мемле­кет­тік бағдарлама қарқын алып келеді. Мемлекет басшысының назарындағы еліміздің көліктік-транзиттік әлеуетін дамыту, осы заманғы ақпараттық-ком­му­никациялық технологияларды жер-жерде енгізу жөніндегі жобалар сәтті іске асырылып, аграрлық сектор қа­рыш­ты қадаммен даму үстінде. Азық-түлік пен энергетика бойынша Қазақ­стан әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жетекші елдер тобына кіріп отыр.

Тәуелсіздік жылдарында қол жет­кізілген ел тарихындағы баға жетпес жетістіктердің бірегейі – шека­ра­мыз­дың шегенделуі. Бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей жеке беделі мен күш-жігерінің және мемлекетіміздің халықаралық саясатын дұрыс бағытта жолға қоюының арқасында мүмкін болды. Осы тұғырлы саясат пен биік бедел бүгінде респуб­ли­камыздың қауіпсіздік пен ынтымақ­тас­тық жөніндегі жаһандық және өңірлік халықаралық ұйымдардың жұмысына белсене қатысуына, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен үйлесімді стра­те­гия­лық әріптестік қарым-қатынас орнатуына да жол ашып отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде әлем­дік аренадағы ең ірі саяси тұлғалардың бірі. Оның соңғы жиырма жыл ішінде көтерген жаһандық саясатты қамтитын бастамалары әлемдік саясатқа ірі бетбұрыстар әкелді.

Алысты болжайтын кемеңгер саясаткер Н.Назарбаев ел тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап Қазақстан аб­страк­тілі геосаяси идеялар мен құрғақ ұрандардың емес, экономикалық мүд­де­лер мен интеграциялық үдерістердің басты қоз­ғаушысы болуы керек деген мақсат қойды.

Тәуелсіз мемлекетіміз тәй-тәй бас­қан алғашқы жылдарға көз жүгіртер болсақ, Одақ тарап, бұрынғы одақтас республикалар өзара байланыстардың бәрін шорт үзіп, тас бүркеніп жатқан кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­ты­ғын құру туралы бастама көтерген Қазақстан Президенті екені белгілі.

Кеңес Одағы құлап, КСРО кеңістігін хаос жайлаған тұста Нұрсұлтан Әбіш­ұлының бастамасымен Алматыда қа­был­данған декларация посткеңестік кеңістіктегі ынтымақ пен қарым-қатынастардың негізін қалады. ТМД-ға енген елдердің арасында әр пішінде және әр деңгейде интеграциялық үрдіс­тер жалғасты.

Нәтижесінде ТМД әлемдегі халық­ара­лық ұйымдарға мүше болды. Бұрын­ғы Кеңес Одағы соғыссыз тарап, әр мү­шесі өзінің егемендігіне ие болды. ТМД аясында басқа одақтар құрыла бастады.

Саясатшылар арада жиырма жыл өткен соң Елбасының 1993 жылдың қыр­күйек айындағы экономикалық одақ құру туралы бастамасы халық­ара­лық саясатқа жаңа бетбұрыс әкелге­нін, бұл бастаманың саяси көрегендік болғанын айтуда.

Экономикалық одақ құрудағы мақ­сат еркін сауда аймағын, кеден-төлем және валюта одағын құру сатыларынан бірізді­лік­пен өту және тауарлардың, қызметтер мен капиталдың ортақ ры­но­гын құру болатын. Бұл бастаманың аясына кіретін салалардың негізгілері: ұжым­дық қауіп­сіздік, энергетика, кө­лік, мәдени-гумани­тарлық салалар, транс­шекаралық қыл­мыс­пен және терроризммен күрес са­ла­сындағы өзара іс-қимылдар. Осы жылдар ішінде ортақ тә­жірибелер шың­далды. Бұл өз кезегінде өңірлік инте­грацияның түрлі пішіндегі формаларына көшуімізге мүмкіндік тудырды.

Болашақты алыстан болжайтын саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлының жиырма жылға жуық уақыт бұрын көтерген бас­тамасы өмір қажеттілігіне айналды, 2011 жылы ТМД шеңберінде еркін сауда аймағын құру туралы шартқа қол қойылды, Кеден одағы құрылды, Бір­тұтас экономикалық кеңістік дүниеге келді. БЭК-­тің қалыптасуы тауарлардың, жұмыс күші мен капиталдың еркін қозға­лы­сына мүмкіндіктер туғызады. Бұл ин­вес­торлардың біздің елімізге елеулі қы­зы­ғушылығын күшейтеді. Қазақстан эко­номикасына қаржы салатын инвес­торлар 170 миллион адамдық рынокқа шығады.

Дәл осы күндері Қазақстан Прези­денті Н.Назарбаев 1994 жылы көтерген Еуразиялық одақ құру идеясы жиі сөз болуда.

Елбасы бұл бастамасына Еуразия­лық одақ мемлекеттердің тең­дік, бір-бірінің ішкі ісіне аралас­пау­шылық, еге­мендік пен мемлекеттік ше­каралардың қол сұғылмастығын құр­мет­теу қағидат­та­ры негізіндегі бірлестік ретінде құ­рылуы керектігін негіз еткен болатын. Әрбір мүше елдің мүдделерін еске­ре­тін, нақты да шынайы өкілеттіктерге ие, консенсус негізінде іс-қимылдар жасайтын экономикалық одақ құруды ұсынған Қазақстан Президентінің идея­сының қажеттілігі мен тиімділігіне саясатшылар мен мемлекет басшылары араға 18 жыл салып көздері жетті.

Осы тәрізді Қазақстан Президенті­нің бастамасымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің шақырылуын да әлемдік саясатшылар жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға қосылған елеулі үлес деп бағалады.

Дербес ел атанғаннан бастап-ақ Елбасы қазақ елінің өзіндік сара жолы ретінде белгілеген көп векторлы сырт­қы саясаты тиімділігін дәлелдеді. Алыс-жақын шет мемлекеттермен, әлем­дік қаржы институттарымен тең құқықтық және өзара тиімді ынты­мақ­тастық жолға қойылды. Қазақстанның өңірлік және аймақаралық байланыстары тереңдеп келеді. Еліміз өркениеттер арасындағы келіссөздерге дәнекер буын бола отырып, Батыс пен Ислам әлемі арасындағы үнқатысуға игі ықпалын тигізуде.

Елбасының табанды саясатының нәтижесінде Қазақстан бүгінгі заман­ның аса ықпалды халықаралық ұйым­да­ры – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) төрағалық етті. Әсіресе, әлем саясатшылары ЕҚЫҰ Саммитінің ұзақ үзілістен кейін өткізілуін Қазақстанның осы ұйымға төрағалығының айтулы нәтижесі деп таныды.

Саммит қорытындысы бойынша қабылданған Астана декларациясы әлем­дік саясатқа «еуразиялық қауіпсіз­дік» және «Астана рухы» ұғымдарында көрініс тапқан қауіпсіздік пен ынты­мақ­тастықтың жаңа түсінігін енгізді.

Мемлекет басшысы тәуелсіз еліміз­дің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бей­бітшіл саясатты ұстанатынын әлемге паш етті, Елбасының бастамасымен дүние жүзіндегі ең ірі Семей ядролық полигоны біржолата жабылып, ядролық қарудың әлемдегі төртінші арсеналы жойылды.

Сұңғыла саясаткер Н.Назарбаев 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигоны жабылғаннан кейін өзге мемлекеттерді ядролық қарудан бас тартуға шақырды.

Өйткені, 1992 жылы 22 мамырда Қазақстан әлемдегі төртінші ядролық әлеуетті ел бола тұра ерікті түрде жаппай қырып-жою қаруынан бас тартатынын бүкіл әлем алдында мәлімдеді. Лиссабон Хаттамасына қол қойып, бұл шешім АҚШ, Еуропаның беделді елде­рі мен БҰҰ тарапынан қолдау тапты. Сондық­тан да Қазақстанның әлем тарихында ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан бірінші ел ретінде мұндай бас­тама көтеруге моральдық құқы бар болатын.

1994 жылдың 5 желтоқсанында Ресей, АҚШ және Ұлыбритания Қазақ­стан­ның Ядролық қаруды таратпау жө­нін­дегі шартқа қол қоюына және осы қарудан өз еркімен бас тартуына байланысты ел қауіпсіздігіне кепілдік бере­тіні туралы меморандумға қол қойды.

Елбасы сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымына 29 тамызды, яғни Семей ядро­лық полигоны жабылған күнді Ядролық сынақтарға қарсы халықара­лық іс-қимыл күні деп жариялау бастамасын да ұсынып, ол ұсыныс қа­был­данды.

Н.Назарбаев әлемдік қоғамдастық алдында ядролық қару бір елдің екінші елге қоқан-лоқы жасауына, күш қолда­нып үстемдік етуіне мүмкіндік береті­нін, ал егер ол қандай да бір елге қарсы қолданылар болса, бүкіл планетаның тағдыры тәлкекке түсу қаупі бар екенін алға тартты. Сондай-ақ, терроризм етек алып тұрған заманда ядролық материалдар контрабандасы мен бірқатар лаңкес­шіл топтардың өзінің ядролық қаруына ие болу әрекеттері қорқыныш­ты шын­дыққа айналғанын тілге тиек ете отырып, қарудан бас тарту және уранды бейбіт мақсатқа пайдалану жөніндегі бүгінгі күндегі қазақ­стан­дық идеяның ғаламдық, адамзаттық мәні зор екеніне әлем назарын аудартты. Елбасының осы бастамалары арқа­сында Қазақстан ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалыстың көшбасшылары қатарына енді.

Биыл Оңтүстік Корея астанасы Сеулде болып өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық екінші саммитте АҚШ Президенті Барак Обаманың Қа­зақ­станның Тұңғыш Президенті Н.Ә.На­зар­баевқа арнап: «Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан ядролық қарудан бас тарту жөнінде батыл шешім қа­былдады. Бұл жағдай Қазақстанның гүлденуі мен дамуына ғана қызмет етіп қойған жоқ, сонымен қатар, ядролық материалдарды жою жөнінде бүкіл әлем бойынша күш-жігерді біріктіруге бағыттайтын өзіндік бір модельге айналды. Сондықтан мен осы саладағы Сіздің жетекшілік рөліңізді өте жоғары бағалаймын», дегені де сондықтан.

Жаһандану заманында ядролық қарудан немесе терроризм мен экстремизмнен төнетін қандай да бір қатер жеке елдің, дара мемлекет басшысы­ның құзыры жететін шеңберден әлде­қайда ауқымды болып келеді. Қатердің қоздырғышы сырттан қасақана ұйым­дас­тырылып жатса, оны түп-тамыры­мен жою бір елдің ғана қолынан келетін іс емес.

2001 жылғы 11 қыркүйектегі жан­түр­шігерлік лаңкестік әрекет орын алып, бұл оқиға мүдделер мен көз­қа­растар текеті­ре­сінің адамзат болаша­ғы­на алапат апат әкеле жатқанын көр­сет­кен адамзат тари­хын­дағы осы бір сын сәтте Қазақстан Басшысы Н.Назарбаев Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­ла­рының съезін шақырып, бір шаңы­рақ­тың ас­тында дін көсемдерінің басын қосты.

Дін лидерлері алдында сөйлеген сө­зінде Елбасы: «Барлық кезеңде мәрте­белі моральдық құндылықтардың сақ­тау­шы­ла­ры діни көшбасшылар – түрлі діндер­дің басшылары болған және болып отыр. Нақ сондықтан да осынау күрделі ке­зеңде дін қайраткерлеріне айрықша үміт артылады. Бүгінде қай кездегіге қара­ған­да діннің адамгершіл-гуманистік импер­атив­тері қажет болып отыр. Нақ сіздер, діни лидерлер, руха­ни­лықтың – дүниенің үйлесімді дамуы­ның басты шартының қайта өрлеуінің жүргізушілері бола аласыздар. Біз өз съезіміздің мәртебелі мақсатын осыдан көреміз», – деді.

Н.Назарбаев осы басқосуда бастаманы көтерген қазақ елі әлем елдері мен халықтарын адамзаттың ортақ бесігі – Жер бетінде бейбітшілікті сақ­тауға, діни конфессияларды ынтымақ­тас­тыққа, өзара келісім мен түсіністікке жетуге үндейтінін жеткізді. Қазақстан Президенті әлем құлақ түріп отырған съезде сөйлеген сөзінде лаңкестік әре­кеттерге діни реңк беру арандатушы­лар­дың әрекеті екенін, бірде-бір дін терроризмді қолдамайтынын, тер­роризм­ді қандай да болса діннің атымен байланыстыру сол дінді ұстанатын миллиондаған адамдарға қиянат болатынын ашық айтты. Кейінірек, осы бір қиын кезең туралы Катар мемлекетінің әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Сәни: «2001 жылдың қыркүйегіндегі АҚШ-та Бүкіләлемдік сауда үйі ғимараттарына шабуыл жасалғаннан кейін «ислам терроризмі» деген термин әлемге таратылды. Сонда біздер, араб жұртының басшылары, үнсіз қалдық. Сондай сын сағатта бірінші болып Қазақ елінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл — жала! Мен «ислам экстремизмі», «ислам терроризмі» деген терминдерді қол­дануға үзілді-кесілді қарсымын. Әлемдегі соғыстар ешқашан исламнан бастау алмаған. Бізге исламды түрлі жаладан қорғайтын кез келді», – деп мә­лімдеді. Содан кейін ғана басқа­ла­ры­мыз батылданып, өз пікірімізді жария ете бастадық» деген пікірін білдірді.

Діни ахуалдан бөлек, бүгінгі әлемді тұ­рақ­сыздыққа жетелейтін негізгі себептер қатарында жұмыссыздық, қар­жы дағдарысы, түрлі қысқартулар мен қымбатшылық сияқты ауыртпалықтар жатқаны баршаға аян. Әлем саясатшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың осындай проблемалардың алдын алуға негізделген G-global жобасы туралы «әр ел эконо­микалық тәуелділіктен құ­ты­лып қана қоймай, бейбіт түрде дамып, әлеуетін арттыру мақсатында орын­ды қолдана білсе – әлемдік даму­дың ең ғажап жобасы болып табылады» деген пікірін ортаға салып отыр.

Елбасының биылғы V Астана эко­но­микалық форумында ұсынған G-global жобасын құру туралы жаһандық бастамасы көңілінен шыққан ғалымдар, Нобель сыйлығының лауреаттары мен сая­саткерлер, экономистер келешекте бұл жоба әлемдік экономика жүйе­сінің тұ­рақтылығына үлес қоса алады деген батыл ой айтуда.

Олардың пікірінше, Қазақстан Пре­зиденті Н.Назарбаев ұсынған G-global жүйелі жобасы жаһандық дағдарыспен күресу және экономикалық қа­терлердің алдын алу жоспарына тың серпін береді.

Қазақстан – әлемдік қоғамдастық­тың бір бөлшегі. Оқшауланып, бөлек­теніп даму жолына түсе алмайды. О баста осы ақиқатты санасында саралаған Елбасы Қазақ елінің мүддесін өзінің барлық жаһандық бастамаларына те­мір­қазық етіп келеді.

Біз жоғарыда атап өткен ғаламдық идеялардың бастауында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев тұр­ды. Сондай-ақ Елбасы бастамаларының қай-қайсысының да жоғары деңгейде жүзеге асып, халықаралық қоғамдас­тық­тан қолдау тауып жатқаны халқы үшін қуаныш.

Күні кеше Парижде өткен EXPO Ха­лықаралық көрмелер бюросы Бас ассам­блеясының 152-сессиясында EXPO-2017 халықаралық көрмесі Астана қаласында өтетін болып шешіліп, төрткүл дүние назарына Қазақстанның осы шараны өт­кізу құзырын жеңіп алуы еліміздің әлем алдындағы абыройын тағы бір аспандатты. Бұл – Елбасының тағы бір жеңісі.

Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Прези­денті, халқымыздың тұғырлы, бақуат­ты, бейбіт ел ретінде серпінді дамуына жол ашушы, заманымыздың аса көр­нек­ті мемлекет қайраткері Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақ елінің өсіп-өркен­деуі мен игілігінің кепілі.

Қазақстан халқы өздерінің тағды­ры­на тәуелсіздікті баянды ету жолындағы қызығы мен қиындығы мол алмағайып заманда әлемдік ауқымда ойлайтын, бүгінгі күннің тамырын дәл басып, ертеңгі күнді ондаған жылдар бұрын бағамдай білетін Нұрсұлтан Назарбаевтай дана мемлекет басшысының тап келгеніне қуанады. Сондықтан да күні ертеңгі 1 желтоқсан – Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Президенті күні – бүкілхалықтық мереке.

Қайрат МӘМИ,

Қазақстан Республикасы Парламенті

Сенатының Төрағасы.

Егемен Қазақстан

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға